Топқа тапсырма: Математикадан сауаттылығы қалыптасқан тұлға дегеніміз кім? Моделін жасап көріңіз.
Математикалық сауаттылық: - математиканың әлемдегі рөлін анықтау және түсіну; - әртүрлі формада берілген сандық ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіріп беру; - дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту; - есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру; - математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелерді шешуде еркін қолдану.
Оқушылардың математикалық сауаттылығының қалыптасуы «математикалық құзыреттiлiктiң» даму деңгейлерімен (танымдық салалармен) сипатталады: - білу (еске түсіру); - қолдану (байланыстарды орнату); - ойлау (пайымдау).
Топтық жұмыс Математикалық құзыреттілік дегеніміз не? Пәндік құзыреттілік дегеніміз не?
Математикалық құзыреттілік – нәтижелерді түсіндіру, талдау және түрлендіру, математикалық модель құрастыру, қатынастарды анықтау, шынайы өмірде пайда болған мәселелерді шешу үшін математиканы дәлме-дәл қолдану қабілеттілігі. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: «Алған білімдері мен біліктерін практикалық қызметтерінде және күнделікті өмірлерінде: - қажеттілігіне қарай анықтамалық материалдарды және қарапайым есептеуіш құралдарды пайдаланып, формулалар бойынша тәжірибелік есептеулер жүргізу; - ең қарапайым математикалық моделдерді құрастыру және зерттеу; - нақты байланыстарды функцияның көмегімен суреттеу және зерттеу, оларды график түрінде беру; нақты үдерістердің графиктерін түсіндіру; - геометриялық, физикалық, экономикалық және т.б. мазмұнды қолданбалы есептерді шешу; - диаграмма, графиктер, статистикалық сипаттағы ақпараттарды, сандық мәліметтерді танып білу, талдау; - оқып игерілген формулалар мен фигуралардың қасиеттері негізінде қарапайым тәжірибелік жағдайларды зерттеу (моделдеу); - шынайы объектілердің ұзындықтарын, аудандарын және көлемдерін есептеу».