Бастауыш сыныптарда «Қоршаған орта» пәнін оқыту әдістемесі пәнінің дәрістері 1-Дәріс. Тақырып


Александр Александрович Половинкин (1887-1955)



бет10/55
Дата20.06.2020
өлшемі284,22 Kb.
#74077
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55
Байланысты:
ДӘРІС
ДӘРІС , ДӘРІС , Тәрбие жоспары 34 сағат
Александр Александрович Половинкин (1887-1955) бастауыш сыныптарда географияны оқытудың негізін салушы. Москва мемлекеттік университетінің оқытушысы және әдіскер ретінде бастауыш сыныптарда географияны жергілікті өлке тану негізінде оқытудың және бұл сабақтарда оқушылардың белсенділігін арттырудың жолын көрсетті. Географияны оқытуда тікелей қоршаған ортаға топсаяхатқа шығу, план мен картаны пайдалану және әр түрлі сызбаларды кеңінен қолдану жағына көңіл бөлді.

Константин Антонович Сангайло (1890-1961) да бастауыш сыныпта географияны оқытудың әдістемелік мәселелеріне аса көңіл бөліп, сабақ барысында план мен картаны пайдалану, срамандық жұмыстар ұйымдастыру, топсаяхатқа шығып, жергілікті жердің табиғатын бақылау, өлкетану негізінде халық шаруашылығының түрлерімен танысу жақтарына көңіл бөлуді уағыздады. К.А.Сангайла көбіне көрнекі құралдар дайындау, оны пайдаланудың әдістемелік нұсқауын жазумен шұғылданды.

Бұл жоғарыда көрсетілген авторлар тобының дайындаған оқулықтары мен әдістемелік нұсқауларының қазақ мектептеріне де пайдасы орасан зор болды.

Бастауыш мектеп оқушыларының табиғат құбылыстарын бақылау қабілетін дамыту, олардың бақылау нәтижелерін сабақта пайдалану мақсатымен 1937-38 жылғы Оқу халақ комиссариаты бекіткен бағдарламаларға біраз жаңалықтар енгізілді. Бағдарламада "Тірі табиғатты зерттеудегі бір ерекшелік программада көрсетілген уақыт жеткіліксіз болғандықтан, сабақтан тысқары ірі бақылаулар жүргізу өте қажет. Өсімдіктер мен жәндіктердің өсіп-өнуін бақылау ісі уақытты көп керек қылып, мектептің тірі мүйісінде жаратылыстың өзінде ұзақ зерттеуді, мектеп участогінде түрлі тәжірибелер жасауды керек етеді"7-деп көрсетті.

Бағдарламада табиғатқа шығатын топсаяхаттар, оларды ұйымдастыруға жұмсалатын уақыт, сыныптан тыс ұйымдастырылатын бақылаулар, оқу жылы бойынша қанша рет топсаяхатқа шығу керектігі, онда маңайдағы ең көп тараған өсімдіктер түрі мен жануарлар дүниесімен , жыл мезгілдерінде болатын табиғат құбылыстарымен танысудың, соларда болған өзгерістьерге бақылау жүргізу керектігі айқын көрсетілген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет