Бастауыш сыныптарда «Қоршаған орта» пәнін оқыту әдістемесі пәнінің дәрістері 1-Дәріс. Тақырып


-Дәріс. Тақырыбы: Республикадағы білім реформасы



бет18/55
Дата20.06.2020
өлшемі284,22 Kb.
#74077
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   55
Байланысты:
ДӘРІС

3-Дәріс. Тақырыбы: Республикадағы білім реформасы

Жоспары:

- Қазіргі қоғам талабына сай білім беруде болып жатқан жаңалықтар туралы жалпы ұғым беру;

-Бастауыш сыныптардағы білім мазмұнын қайта қарауда оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескеру мәселесін түсіндіру.

Қоғамның дамуы, ғылым мен техниканың өркендеуі білім саласына өзгеріс ендірмей қоймайды. Әрбір мемлекеттің интеллектуалдық, экономикалық, парасаттылық және мәдени қарымы білім саласының жай-жапсарына және оның прогрессивті даму мүмкіндіктеріне тікелей байланысты - екендігі орта білімнің мемлекеттік стандартында айқын көрсетіліп отыр.

Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдама- сында адам шығармашылық пен мәдениет үлгілерін тарататын субъект ретінде көрінуімен құнды екені атап айтылған. Шығармашылық әрекет адам баласында бірден пайда болатын дағды емес. Ол оқудың, білім алудың, алған білімін іс жүзінде қолданудың нәтижесінде біртіндеп қалыптасатын біліктік дағды.

Қазіргі таңда пән бағдарламалары ғылымилық мазмұнды қамтамасыз етумен қатар білімді ізгілендіру жағына да үлкен мән береді. Бастауыш білім жалпы білім беру жүйесінің алғашқы, әрі маңызды сатысы, білім беру жүиесінің ірге тасы. Олай болса, оқу үрдісіне қойылатын талаптардың жүзеге асуы осы сатыдан басталады.

Білім беру - қоғамдық процесс. Сондықтан қоғам алдында болашақ жастарды өмірге дайындауда туған талап-тілектер оқу бағдарламасының мақсатына енеді. Осы негізгі мақсаттан оқушыларға бағдарлама мазмұнына сәйкес білім берілуі керектігі туындайды.

Әр уақытта да адам бойындағы білім оқу нәтижесінде біртіндеп қалыптасатыны белгілі. Оқу, білім алу - дамудың негізі. Оқу арқылы алған білім біртіндеп басқа іс-әрекеттердің де дамуына жол салады. Даму - психологиялық процесс. Дамудың психологиялық заңдылықтары бұрыннан да зерттеліп келді, қазіргі кезде де зерттеліп отыр. Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Л.В.Занков, Давыдов, П.Гольперин, Т.Тәжібаев,

Қ.Жарықбаевтар даму мәселесін жан-жақты зерттеген ғалымдар.

М.Мұқановтың пікірінше, “Білім дегеніміз тиісті объектілер туралы алған хабар. Ол адамның басында қалыптасып сақталып отырады”.1

Білім ұғымдар жиынтығынан қалыптасады. Ал ұғымға жетудің екі жолы бар. Оның біріншісі - баланың күнделікті өмір тәжіибесі болса, екіншсі – мктеп қабырғасында белгілі бағдарламалар бойынша жүйелі түрде берілетін ғылыми ұғымдар. Ғылыми ұғым қалыптасу үшін қарапайым ұғымдар біртіндеп күрделі ұғымға өтіп отырады. Сонымен қатар әр ұғым жеке түсіндірілмей, өзге ұғымдармен байланыста, сабақтастықта қаралғанда ғана нәтиже береді. Ұғым беру кезінде мұғалім мен оқушының әрекеттері үндестік тауып, бір мақсатқа орай бір-бірін толықтырып, алдарына қойған мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталады. Осы үндестіктер болғанда ғана кез-келген ұғымды оқушыларға саналы, ңәтижелі меңгерту қамтамасыз етіледі.

Оқыту барысында оқушылардың білімі кеңейіп, алған түсінігінің мазмұны байып, біртіндеп тұжырымдалған, реттелген сипатқа ие болады. Олар кездескен жаңа қиындықтар мен ситуациялар жағдайында бұрын меңгерген білімін қолдануға мүмкіндік алады. Бұл білім қорының жинақталып тұжырымдалып дамуына жағдай жасаумен бірге оқушының ойлану мүмкіндігін кеңейтеді.

Әр пән бойынша оқыту мен білім берудің мақсатының әр түрлілігі және олардың мазмұны мен көлемінің де бір-бірінен айырма жасайтыны белгілі. Дегенмен, оқытудың алдына қоятын ортақ мақсаты - ол білімдендіру, білім қорын молайту, тәрбиелеу, баланы дамыту. Ж.Аймауытовтың пікірінше оқыту - білім көбейту, ақыл күшейту. Бұл барлық пәнді оқытуға ортақ мақсат.

Оқыту процесінің жүйелі, нәтижелі болуы оның мазмұны мен мақсатының сабақтастығында. Сондықтан да “Стандарт білім мазмұнының міндетті минимумын, оқушының оқу жүктемесінің шегіне жеткен (максимальный) көлемін және оқушы дайындығына қойылар талап деңгейін белгілеп береді”. Ал пәннің мазмұны мен мақсаты әр пәннің бағдар- ламасында талдап көрсетіледі. Басқаша айтқанда пәннің бүкіл мазмұны мен мақсаты оның бағдарламасынан көрінеді. “Әрине, жүйені реформалау барысында мектеп білімінің тарихында жинақталған жағымды тәжірибенің баршасы қаперге алынып, кәдеге жарайтын болады”1. Шын мәнінде “Дүниетану” немесе, қазіргі таңда ²Қоршаған дүние² деп аталып отырған жаңа пән осы қағидалардың айғағы. Бұл бұрын оқытылып келген,сонымен қатар оқыту әдістемесі біраз зерттелген “Айналамен таныстыру” және “Табиғаттану” пәндерінің негізінде құрылып, адам, табиғат, қоғам жайындағы білім жүйесін жинақтап, саралап, кіріктіре оқытудың жолын іздестіруге арналып отыр.

Дүниетану бағдарламасының түсініктемесінде оның мақсаттарын жинақтап былай делінген “Интегративті пән болғандықтан, оны оқып-үйренудің негізгі мақсаты - адам, қоғам, табиғат, яғни реалды дүниенің ірі үш құрамдас бөлігі туралы оқушыларда біртұтас көзқарас қалыптастыру және осы біртұтас дүниедегі адамның орны мен рөлін түсінуге көмектесу”2.

Бастауыш буын оқушыларының дүниені тұтас қабылдауға бейімділігі ескеріліп, білім стандартында “ ... негізінен жалпы білімдік ... кіріктірілген курстар енгізілген” . Соның бірі – “Қоршаған дүние” пәні. Бұл пәннің негізгі қызметі - табиғат, қоғам, адам туралы мағлұматтар арқылы жергілікті жағдайдан туындайтын бастапқы биологиялық, географиялық түсініктерді қалыптастыру. Сондай-ақ, оқу мазмұнын бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне лайықтай отырып берілетін білім нақты объектілерге, дүниеде бар заттар мен құбылыстарға негізделіп, олардың ішкі-сыртқы байланыстарын ашатындай теориялық ұғымдар жүйесін меңгертуді көздеу.

Бағдарлама мазмұнын меңгеру жеке тұлғаны дамыту мәселесі өзінің мақсатына орай бірнеше міндет жүктейді:

- табиғатты оқып, үйренуді оқушылардың шығармашылық әрекеттері нәтижесінде меңгеруін қамтамасыз ету;

- берілетін білімді оқушылардың табиғатты, қоршаған ортаны бақылауымен тығыз байланыстыру арқылы жүзеге асыру. Сол арқылы білім мазмұнының ғылымилығына көздерін жеткізу;

- табиғи денелерге тәжірибе жасау, сарамандық жұмыстар атқара отырып, теориялық алған білімдерін іс-жүзінде қолдану біліктерін қалыптастыру;

- әр түрлі шығармашылық жұмыстар нәтижесінде табиғатты, оның жеке денелері мен құбылыстарын ажыратып қана қоймай, олардың арасындағы байланыстарды аңғарып, олардың бірінің өзгерісі екіншісінің өзгеруіне әсер ететінін түсінуге жағдай жасау;

- оқушылардың дүниетанымдық, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, қалыптастыру;

- жекебас дамуын, оның интелектуалдық, эмоциялық, іскерлік, қарым-қатынастық тұрғыда жетілуін, өзін қоршаған ортамен қатысқа түсу мүмкіндігін дамыту.

“Қоршаған дүние” бағдарламасының осы айтылған мақсат міндеттерді шешетіндей тұрғыда қайта қаралып, жаңарып құрылуы бірнеше себептен келіп туды:

Біріншіден, қоршаған дүние жеке пән ретінде бастауыш буынның оқу жоспарына жаңадан еніп, бұрынғы “Айналамен танысу” және “Табиғаттану” пәндерінің негізінде жаңа мазмұнға ие болды;

Екіншіден, 1992 жылы қазақстан республикасының “Білім беру туралы заңы” жарық көріп, онда білім берудің жаңаша мақсаты айқындалды;

Үшіншіден, “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі орта білім беруді дамыту тұжырымдамасы” (26желтоқсан,2003ж.) қабылданды.

Тұжырымдамада « Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды- машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке –ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады» -деп атап көрсетті. Сонымен бірге, бастауыш сыныптардың білім мазмұнының тұжырымдамасы және бағдарламасы жасалды.

Орта білімді дамыту тұжырымдамасында қазіргі кезеңдегі қоғамның қарқыны мен әлеуметтік жағдайдың жедел өзгеруі оған лайықты білім мазмұнын іздестіруді көздеп отырғаны айтылды. Сөйтіп орта білімнің негізгі мақсаттарын (дүниетанымдық, шығармашылық, құзырлылық (компентен- тность)), міндеттерін, бағыттарын белгіледі.

Тұжырымдама талабы оқушылардың дүниетанымдық сапасын тек ғылыми ұғым берумен шектемей, оны адам баласы жеткен мәдениеттің, өнердің басқа да салаларымен кіріктіре түсіндіру арқылы жекебас дамуына жетуді міндет етіп отыр. Білім беру заңында жалпы орта білім саласында бірінші саты бастауыш сыныптар болатыны заңдастырылып, оның үздіксіз білімді жүзеге асырудағы рөлі айқындалды. Осылардың негізінде “Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныбындағы білім мазмұнының тұжырымдамасы” да кешікпей жарық көрді. Тұжырымдамада үздіксіз білім беру жүйесіндегі бастауыш буынның алатын орны мен оқушы бойында қалыптастыратын білімдік, іскерлік, дағдылық нышандар айқын көрсетілген. Бұрын-соңды қазақ мектептеріне арналған білім мазмұнының мұндай тұжырымдамасы болған емес. Сондықтан да республика көлемінде білім тұжырымдамасының жарық көруі - білім беру саласындағы үлкен жаңалық болып есептеледі.

Тұжырымдамалар қазақстан Республикасының Конституциясы мен “Білім туралы Заңға” негізделіп жасалған. Бұл құжаттар бойынша білім беру демократияланып, республикамыздың оқу-ағарту салаларына, оның мазмұны мен жүйесіне ғылым мен мәдениеттің жетістіктерін толық және жан-жақты ендіруге мүмкіндік туды. Мектепке дейінгі мекемелерден бастап талай қосалқы альтернативті бағдарламалар жарық көруі осының айғағы.

Бастауыш буын орта білімнің бастамасы ретінде білім беру жүйесінде ерекше орын алады. Бастауыш сыныптағы оқушылардың психологиялық ерекшеліктері әр түрлі қасиеттермен айқындалады. Олар өте сенгіш, ақкөңіл, еліктегіш, қызыққыш, сезімтал, таңсыққой келеді. Мұндай психологиялық ерекшеліктерге ие жекебастың берілген білімді қабылдауға ыңғайлы да икемді екені даусыз. Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларының осы тұстағы дамуы қарқынды және шапшаң да, қуатты жүреді. Осы ерекшеліктерді ескеріп, тұжырымдама оқушылардың танымдық тәжірибесін, жекебастың тұлғалық қасиеттерін және ақыл-ой қабілеттерін дамытуға негіз салатындай білім беру жүйесін қамтуды қарастырған.

Тұжырымдама нұсқаған қағидалардың бірі-оқушыға пәндік білім берумен ғана шектелмей, пәндерді кіріктіре оқыту арқылы жекебас тұлғасын қалыптастыру. Жекебас тәрбиесіне оқушылардың тілі, ақыл-ойы, мінез-құлқы, этикалық, эстетикалық, адамгершілік нормаларының бәрі де енетіні белгілі. Сондықтан да, пән мазмұны ғылыми білім берумен қатар жекебас дамуына керекті біліктер мен дағдыларды қалыптастыруды да қамтиды.

Оқушылардың бастауыш сыныптарда алатын білімдері олардың келешекте меңгеретін ғылыми білімдерінің бастамасы ретінде оны әрі қарай жалғастыруға дайындайтындай деңгейге көтеру қарастырылады. Мұндай деңгейге оқушыны дамыта оқыту мақсатын жүзеге асыру арқылы жетуге болады. Тұжырымдама берілетін білімнің ғылымилығын қамтамасыз ете отырып, объектілер мен құбылыстарды пассивті көріп бақылап қана қоймай, оның ішкі байланыстарын, тәуелділіктері мен заңдылықтарын танып біле алатындай оқу әрекеттеріне оқушыларды үйрету, төселту, жаттықтыру талабын қояды.

Д.Н.Богоявленский мен Н.А.Менчинскаяның редакциялық басшылығымен шыққан “Психология усвоения знаний в школе” деген еңбекте оқушылар ереже мен ұғымдар анықтамасын жай есте сақтап қоймай, мұғалімнің жаңа білімді түсіндіруін даяр күйінде енжар қабылдамай, бұл білімдерді шамасы келгенше өздігінен жұмыс істеп меңгере отырып, ақылға салуға тиіс екендігі айтылады. Мұндай жолмен меңгерілген білімнің есте тиянақты сақталатыны дәлелденеді. Қай кезде де тәжірибелі ұстаздар оқушылардың ұғымды меңгеруін творчестволық іс-әрекеттер негізінде жүзеге асыруды көздейтіндігі белгілі. Бұл дамыта отырып оқытудың бір жолы.

Зерттеуші ғалым-психолог Л.В.Занков оқыту, білім беру әр уақытта дамудың алдында жүріп отыратынын және дамудың шегіне жетіп тоқталып қалмай, дамуды алға қарай жетелейтіндігін, әлі жетілмеген психологиялық әрекеттерді өрбітіп, қалыптастыратындығын айтады.12 Ал, З.И.Калмыкова “Жекебасты дамыту, әсіресе интеллекті адамды дамыту тек іс-әрекет нәтижесінде жүзеге асады. Оқушылардың негізгі іс-әрекеті - оқу, білім алу. Сондықтан баланың дамуы оқу барысында болмақ” деген пікір тұжырымдайды. Мұндай пікір психологтар Г.Е.Ковалева, А.А.Степанов, С.П.Шабалина,, Л.И.Анциферова, Г.С.Костнек еңбектерінде де қолдау тапқан.

Оқушылардың дамуы білім беру негізінде жүзеге асады. Жүйелі жүргізілген оқыту үрдісі нәтижесінде білім беріледі. Оқыту өте күрделі құрылым ретінде бір-бірімен байланысты көптеген элементтердің қосындысынан тұрады. Бұл: мақсат, оқу ақпараты, оқушылар мен мұғалімдер арасындағы педагогикалық қарым-қатнас, оқушылардың оқу және басқа әрекеттерін педагогикалық тұрғыдан басқару сияқты процестердің жиынтығы. Егер оны талдап айтатын болсақ, оқыту үшін мұғалім міндетті түрде алдына мақсат қояды, сол мақсатқа байланысты оның іс-әрекеті түрленеді (түсіндіру, тапсырма беру, проблемалық жағдаяттар туғызу, оқушылардың ізденушілігін туғызу, өзіндік жұмыстарын күшейту т.б.), қолданылатын алуан түрлі оқыту әдісі, білім беру құралдарын іріктеу, сабақтың түрін өзгерту, осылардың бәріне байланысты оқушының оқу әрекеті де өзгереді, ең соңында осылардың бәрінің негізінде нәтижеге жетеді.

Білім алу барысында бала білмеуден білуге қадам басып отырады. Ал дамыта отырып оқыту бұл өзінше күрделі жүйе. Қазіргі таңда дидактеріміз бен психологтарымыз бала мүмкіндігінің молдығын, олардың даму зонасының барлығын, ол зонаны ескеріп, білімді тек баланың қазіргі мүмкіндігіне қарай шақтап, бөлшектеп беріп қана қоймай, оны күнделікті күрделендіріп, алға қарай жетелей, өркендете, кеңейте, тереңдете берудің керектігін көрсетіп отыр. Осындай пікірді белгілі психолог Л.С.Выготский - баланың кешегі күнгі дамуы емес, ертеңгі күнгі дамуына қарау керектігін айтып, ол дамуды екі зонаға бөледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет