Бастауыш сыныптарда «Қоршаған орта» пәнін оқыту әдістемесі пәнінің дәрістері 1-Дәріс. Тақырып



бет16/55
Дата20.06.2020
өлшемі284,22 Kb.
#74077
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55
Байланысты:
ДӘРІС
ДӘРІС , ДӘРІС , Тәрбие жоспары 34 сағат
Қолданылатын әдебиеттер:

1. В.М.Пакулова, В.И.Кузнецова, “Методика преподавания природоведения” М. “Просвещение”, 1990, 12-26 б.

2. Қ.Аймағамбетова “Дүниетануды оқытудың теориалық негіздері” Алматы 2003.

3.В.П.Горошко, И.А.Степанов, “Методика преподавания природоведения”,

М. “Просвещение”, 1984 г.
«Бастауыш сыныптар педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша болашақ маман дайындауға қойылып отырған талаптар

Қазақстан респуликасының егемендік алуымен байланысты осы елдің болашағы болып саналатын жастарды, оның ішінде халыққа білім тарататын мұғалім қадрларды даярлауға баса көңіл бөлініп, оны жақсартудың жолын іздестіру келелі мәселелердің бірі болып отыр.

Елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізу мәселесі алда тұрған міндеттердің ең бастысына айналды. Осы мәселелерді жүзеге асыру туралы қағидалар мен міндеттердің негізі Қазақстан Республикасының ең басты мемлекеттік құжаттарына ( ҚР конституциясы, ҚРБілім туралы заңы, ҚР 2005-10 жылдарда білімнің дамуының мемлекеттік бағдарламасы т.б.) енуі күнбе-күнгі өмірде оның шешімін жан-жақты қарастыруды көздеуді керек етеді.

Әсіресе, қоғамның болашақ мүшелерінің ой-өрісін жетілдіріп, жеке тұлға ретінде дамытатын мұғалім мамандарды дайындау асқан жауапкершілікпен қарауды керек етеді.

Сан-салалы мұғалім қадірлерін өсіріп, шығарып отырған бағыттардың бірі- бастауыш мектеп мұғалімдерін дайындау. Осы бағытта бұрыннан жүргізіліп келген істермен қатар соңғы жылдарда жарық көрген және ҚРБілім және ғылым минстрлігі арқылы бекітілген жоғары оқу орындарына арналған мемлекеттік міндетті білім стандарты мен бағдрламаларының талаптарын жүзеге асыру білім берудің кредиттік жүйесіне көшуді талап етті. Сондықтан да білім университеттердегі білім беру беру кредиттік жүйеге көшіп отыр. Мұндағы мақсат болашақ мамандардың өзіндік белсенділігін күшейту, өздігінен білім көбейту, өзін-өзі тану, өзіне өзі баға беру сияқты жекебас сапаларын қалыптастыру.

Жоғарғы оқу орындарында білім берудің ұтымды жолдары мен тиімді әдістері арқылы болашақ мамандарға пәндік ғылыми білім беруді қажет еткенмен, қазіргі таңдағы маман дайындау ісінде бұл ең негізгі және соңғы мақсат емес. Күнбе-күнгі ақпарат ағымының молдығы, жаңа технологиялардың білім беру жүйесіне енуі білім алушылардың әсіресе, жоғарғы оқу орындарында оқып жүрген болашақ мамандардың тек белгілі ғылым салаларынан алатын білімдер жиынтығына ие болып, не сол бойынша біліктілікті меңгерумен шектелмей, олар алған білімдерін өздігінен ізденіп табуға, оны қортындылап, жүйелеп, оның нәтижесін саналы түрде бойына сіңіруге, меңгерген білімін керекті жерінде тиімді пайдалануға осы арқылы қоғам өміріне қажетті адам яғни тұлғалық сапасы жоғары маман болуға дайындалуы керек болып отыр.

Қазіргі таңдағы талап, бұл теориялық білімді маман ғана дайындаумен шектелмей, оның жекебастық сапасына, мәдениетінің жоғарылығына және кез келген өмір саласында көрінуге тиісті құзырлылыққа ие болған тұлға ретінде қалыптастыру керектігі туындауда.

Жоғарғы оқу орындарында дайындалатын маманның келешекте қандай ортада қызмет атқаратындығына орай дайындау көзделетіндіктен, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін дайындауда алда тұрған мақсат -олардың 12- жылдық орта білімге көшу кезінде қызмет істейтіндігін ескере отырып жүргізіледі.

Бұл күрделі мәселелердің құрылымы мен мазмұнының дамуы және оны жүзеге асырудың жолын іздестіру жақтары бір-бірімен тікелей байланысты.

Себебі, егер орта білім 12 жылдық мерзімге көшетін болса, мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерінің өзеруі жас балаларға берілетін білімнің көлемі мен құрылымын ғана өзгертіп қоймайды, оларға болашақта сабақ беретін мамандарды соған лайықтап, 6 жастағы балалармен жұмыс істеуге дайындау жағы қарастырылады. Сонымен қатар енді мектепке дейінгі балалардың тәрбие топтарының құрамы да өзгеріске ұшырайды. Бұрын мектеп алды дайындығы 6 жастағы балаларды қамтыса, енді мектеп алды дайындығы 5 жастағы балалрмен жұмыс жасауға көшеді.

Мектепке келетін балалар мектепке дейінгі ұйымдарда дайындалмаған жағдайда болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің қандай қиыншылыққа кездесетіні өзінен өзі белгілі.Сондықтан да бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау мәселесінде болашақ мамандарға 12- жылдық білім берудің мазмұны мен мақсатын білетіндей, осы мәселелерді өз дәрежесінде шешетіндей деңгейде дайындау мәселесі қарастырылады.

Бұл мәселелерді шешу үшін мына жағдайлар ескерілуге тиіс:


-12- жылдық орта білімге көшудің себептерін жете түсіну;

  • осы жүйенің оқушыларды дамытуға қойып отырған талаптарын білу;

- тұлғаға бағытталған білім мен тәрбие берудің әдіс- тәсілдерін меңгеру;

  • оқушыларда қалыптасатын құзыреттіліктің маңызын түсініп, сол бағытта жұмыс жасау.

Осыларды меңгерген болашақ маман өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл білімді тұлға болуға тиісті.

12- жылдық орта білім беруден қандай нәтижелер күтуге болады?

12 жылдық білімнің нәтижесінде неге қолымыз жетуі керек ?

1. Оқушылардың бағдарлы құзыреттілігі қалыптасуға тиісті. Ол: жасампаз қоғам өмірінде өзінің орынын таба білуі; азаматтылық пен елжандылық; яғни өз Отаны-Қазақстанның патриоты болу, азаматтық белсенділік көрсету,болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білу.

2. Мәдениеттанымдық құзыреттілікке қол жеткізу. Отбасының, әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерімен қаруланып, этномәдениеттік құбылыстарды тани білу; Өз халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін тану.

3. Оқу-танымдық құзыреттілікке жету үшін өзінің білімдік қызметін ұйымдастыра білу, әлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік-зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет