«Балықшылар» Ойынның мақсаты:Балаларды балықшылардың еңбегімен таныстыра отырып, еңбек құралдарымен және оларды қалай пайдаланатынын білгізу.
Қажетті атрибуттар:ау, қармақ, балықтар.
Ойын шарты. Балалар ау тартуға әзірленеді. Бір шетте суда жатқандай ау жатады. Балалар аудың бір жақ шетінен тұрып екі қолдарымен алма-кезек тарта бастайды. Екінші шетінде бір-екі бала жай жүріп тартып келеді. Ойын барысында балалардың қимыл-әрекеттерін қадағалау. Ұстап алған балықтардың түрлерін сұрау. Ау саланып болғаннан кейін реттеп жинап қояды.
Ойынға «Балықшы» тақпағын пайдалануға болады.
Дауылға да қарамай,
Жауынға да қарамай
Балықшылар айдында
Ау тартады жағалай.