Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда



бет12/31
Дата05.02.2022
өлшемі2,58 Mb.
#1623
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
70 жылдардың екінші және
80 жылдардың бірінші жартысындағы ауылдардың экономикалық
саясатын жасау


Есептеулер мен жаңылысулар
Партияның аграрлық саясаты 70-жылдардың аяғында 80-жылдардың басында одан әрі жалғасын тапты. 1976 жылы ақпанда өткен Қазақстан Компартиясын ХІҮ съезінде ауылшаруашылығы өндірісінде орын алған кемшіліктердің беті ашылды. Нақтырақ айтсақ, астық өндіру мен оны мемлекетке сату жоспары орындалмады, қант қызылшасы мен картоп өсіріп тапсыру міндеттері де орындалмады. Егіншілік әлі де болса төмен дәрежеде жүргізілді, органикалық және минералдық тыңайтқыштар тиімді пайдаланылмады. Осындай кемшіліктер малшаруашылығына да тән болды. Сондықтан ХІҮ съезд ауылшаруашылығын интенсивтендіруге, өндірісті механикаландыруға, жерді суландыруға, малшаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіруге, шаруашылықаралық кооперацияны дамытуға баса назар аударды.
Оныншы бесжылдықта малшаруашылығын өніркәсіптік негізге көшіру жұмысы жалғасты. 1976-1977 жылдары ірі қара фермаларын кешенді механизациялау 1970 жылмен салыстырғанда 4 есеге артты. Егіншілікте ғылымға негізделген жүйе енгізілді. Жоғары егін шығымдылығына қол жеткізу үшін егіс салу мерзімі қысқа мерзімге белгіленді, жоғары технологияны пайдалану міндеттелінді. Ауылды техникамен жабдықтау, жерді химияландыру мен суландыру жұмыстарының көлемі артты. Ауылшаруашылығын мамандандыру және шоғырландыруды тереңдету мақсатында облыстар мен аудандарда арнайы комиссиялар құрылды. Нәтижесінде Қазақстанда 1970 жылғы 50-дің орнына 1979 жылы 108 шаруашылықаралық кәсіпорындар, ұйымдар мен бірлестіктер жұмыс істеді. 1979 жылдан бастап бірыңғай мамандандырылған агрохимиялық қызмет өмірге келді. Оныншы бесжылдықта астықтың жалпы өнімі 27497 мың тоннаға жетіп, мақтаның, картоптың, көкөністің жалпы өнімі 316,5 мың, 1974 жылы 1040 тоннаға дейін көтерілді.
Алайда өндірілген ауылшаруашылығы өнімінің өзіндік құны жоғары болды. Таблицаға көз жіберейік.

1 тонна өнімді өндірудің өзіндік құны (сом):








1971-1975

1976-1980




Совхоздар

Колхоздар

Совхоздар

Колхоздар

Астық (жүгеріні қоспағанда)

78

6

76

69

Мақта шикізаты

320

335

381

383

Картоп

147

144

159

167

Көкөніс

131

122

150

163

1980 жылды 1091 совхоз шығынмен аяқтады, сөйтіп шығын 101 миллион сомға түсті. Колхоздардың жағдайы да онша болмады. Малшаруашылығында мал басының өсуі өте баяу болды. Сүт өнімі де едәуір төмендеп кетті. Мал басының өсімі де қанағаттанғысыз дәрежеде қалды. Жүн өндіру де бұрынғы көрсеткіште қалып, көңілді көншітпеді.
Міне осындай жағдайда 1982 жылы 24 майда СОКП Орталық Комитетінің Пленумы өтті. Ол 1990 жылға дейінгі кезеңге «Азық-түлік бағдарламасын» қабылдап бекітті. Бағдарламаның негізгі бағыттары мыналар болды:

    • агроөнеркәсіп кешенінің пропорциялы және балансты дамуы, оның барлық салаларында басқаруды, жоспарлауды және экономикалық ынталандыруды жетілдіру;

    • интенсивтендіру арқылы ауылшаруашылық өндірісінің жоғары қарқынын қамтамасыз ету, жерді пайдаланудың жоғары тиімділігіне жетісу, материалдық-базаны жан-жақты нығайту, ғылым мен озық тәжірибе жетістігін өндіріске тездетіп енгізу;

    • өндірістің өркениетті технологиясын кеңінен енгізу арқылы ауылшаруашылығы өнімінің сапасы үшін үнем мен ұқыптылыққа қол жеткізу, шығынға жол бермеу, өнімді өңдеу мен сақтауды жақсарту;

    • агроөнеркәсіптік кешеннің өндірістік-техникалық артықшылығын барынша тиімді пайдалану, күрделі қаржы мен материалдық ресурстардың қайтарымын ұлғайту, шаруашылықаралық және салааралық байланыстардың негізінде өндірісті мамандандыруды және шоғырландыруды дамыту;

    • ауылдың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын одан әрі жақсарту.

Жаңа Азық-түлік бағдарламасы жан-жақты кешенді міндеттерді орындауды талап етті. Ол агроөнеркәсіптік кешеннің барлық буындарында жұмысты үйлесімді атқаруды атап айтқанда, өнімдерді дайындау мен сақтауды, тасымалдауды, осы заманғы өндіріс дәрежесінде жүзеге асыруды талап етті. Азық-түлік Бағдарламасы Қазақстанның алдына онбірінші бесжылдықтың әр жылында астықтың жалпы өнімін 28-29 миллион тоннаға, ал онекінші бесжылдықта тиісінше 30,5-31,5 тоннаға жеткізуді, бидайдың қатты және күшті сорттарын, жүгеріні, арпа мен сұлы және майлы дақылдар, көкөніс пен бақша өнімдерін тұрақты өсіруді міндет етіп қойды. Малшаруашылығы саласында жемнің барлық түрлерін 1,5-1,6 есеге арттыру, он бірінші бесжылдықта сойылған мал етінің өндірісін жылына 1,2-1,3 млн тоннаға жеткізу, ал он екінші бесжылдықта 1,4 млн тоннаға, сүт өнімін тиісінше 4,9-5 млн тоннадан 5,2-5,4 млн тоннаға жеткізу, етті, сүтті малшаруашылығын, биязы жүнді қой шаруашылығын дамыту міндеті тұрды. 1981-1990 жыл аралығында 820 мың гектар суармалы жерді пайдалануға беру, 22 миллион гектар шөл және шөлейт аймақты, жайылымды суландырып айналымға қосу белгіленді. Малшаруашылығында жұмыс істейтіндердің жалақысын уақытында беруді, оларға қосымша ақы төлеуді, жұмыс стажына, үзіліссіз стажға қарай үстеме ақыны өсіруге көңіл бөлінді, әсіресе, тракторшылар мен шоферлер еңбегін бағалау назарға алынды. Селодағы медицина мәдениет саласы қызметкерлеріне, дене тәрбиесі мамандарының, мұғалімдердің әлеуметтік-тұрмыс жағдайларын жақсарту жөнінде шаралар белгіленді.
Азық-түлік бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты атқарылған ұлан-ғайыр жұмыстарға қарамастан ауылшаруашылығында шешілмеген проблемалар қордалана берді. Республикада 245 ірі мамандандырылған етті және 270 сүтті өндірістік шаруашылықтар мен 694 қой, 63 шошқа және 65 құс өсіретін колхоздар мен совхоздар болғанына қарамастан мал басы саны да, құс саны да өсіп жарытпады. Қазақстан бұл кезеңде мемлекетке 18 млн т. астықты, 2,7 млн тонна қант қызылшасын, 386 мың тонна етті, 152 мың тонна сүтті және басқа да өнімдерді кем берді. Жалпы өнім көлемі оныншы бесжылдық көлемінде қалды. Қостанай, Көкшетау, Целинград, Солтүстік Қазақстан және Торғай сияқты облыстар астық өндірісін едәуір кемітіп алды. Шығынға батқан совхоздар мен колхоздар саны (1142 және 191 тиісінше) көбейіп кетті. Мың сомға шаққанда 1981 жылы қор қайтарымы 54 сомға азайды. Республика совхоздарында 1981-1985 жылдары бір центнер сүттің өзіндік құны – 7 сомға, сиыр еті – 71 сомға, шошқа мен қой етінің әрбір центнерінің өзіндік құны, тиісінше 31 және 32 сомға өсті. Мұның үстіне келеңсіз құбылыстарға жол берілді. Қызылорда, Торғай, Ақтөбе облыстарында қоғамдық малды ұстап бағуда ұрлық-жырлық, жасырып қалу етек алды. Бұларда 23 мың бас ірі қара малы, 130 мың қой. 10 мың басқа жуық жылқы есепке кірмей ұсталды. Қазақстан бойынша шаруашылықтардан барлығы 120 мың бас ірі қара, 1,7 млн-нан артық қой. 42 мың жылқы мен осынша шошқа ұрланып, мұның өзі 35,7 млн сом шығынға түсті.
Көздеген мақсатқа жету үшін агроөнеркәсіп кешенін басқарудың орталық органы ретінде Республикада Мемлекеттік агроөнеркәсіп құрылды. Оған жоспарлауда, қаржыландыруда және материалдық-техникалық ресурстарды бөлуде үлкен құқық берілді. Ол ведомстволық кедергілерді жойып, барлық саланың қызметін Азық-түлік Бағдарламасын орындауға жұмылдыруға тиіс болды. Бірақ бұл да өз нәтижесін бермеді. 1989 жылы астық шығымдылығы әр гектардан 8,5 центнерге (1970 жылғы деңгей), картоп 86 центнерге (1975 жылғы деңгей), көкөніс 156 центнерге (1970 жылғы деңгей) дейін төмендеді. Сонымен 70 жылдардың аяғындағы 80 жылдардың басындағы аграрлық саясат өзін ақтамады. Қанша қаржы жұмсалса да соңғы онжылдықта ауылшаруашылығы өнімдерінің тапшылығы қатты сезілді. 1983 жылдан бастап шетелдерден үлкен көлемде астық, ет, көкөніс пен жеміс, қант, өсімдік майын сатып алу басталды. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметіне қарағанда, бұрынғы Совет Одағында тамақтың калориялылығы 3389 килокалорияға жеткен. Әрине, бұл адамның тұтыну талабын қанағаттандыратын 2385 ккалориядан жоғары. Бірақ та рационды теңестіргенде тамақ құрамында 108 грамм белок, соның ішінде 77 грамм мал өнімінен белок болуы керек. Біздің рационымызда бұл белок жетіспейтін болып шықты. Біздің тамағымызда бұдан басқа да витаминдер мен минералдық заттар жетіспеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет