Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда



бет3/11
Дата05.11.2016
өлшемі2,58 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Мәдени-әлеуметтік дамуы
Ұлы Отан соғысы Кеңестер Ордағына, оның экономикасына, халықтың әлеуметтік-мәдени өміріне, тұрмыс-тіршілігіне, оның материалдық әл-ауқатына орасан зор ауыртпалық әкелді. Зауыт – фабрикаларда, өндіріс орындарында жұмыс қолы жетіспеді. Мұндай сипат Қазақстан Республикасына, оның ішінде Батыс Қазақстан аумағына да тән болды, әсіресе ауылшаруашылығы ауыр халде еді.

1946-1947 жылдары ауылшаруашылығын тік тұрғызу мақсатында облыстық атқару комитетінде бөлімдер қайта құрылды. Облыстық жершаруашылығы бөлімі облыстық басқару бөлімі деп аталды. Осыған байланысты аудандарда дәл осындай бөлімдер ашылып, жаңа колхоздар шаңырақ көтерді. 1948 жылдың қаңтар айында облыста барлығы 485 колхоз болды.

1948 жылы 1-3 маусым аралығында Орал қаласында облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы алдыңғы қатарлыларының жиналысы болып өтті. Мұнда 1947 жылдың жұмыстары қорытындылап, 1948 жылға жоспар құрылды. Соғыстан кейінгі жылдары кейбір ауылдық кеңестер ірілендірілді, себебі соғыс жылдары көптеген кеңестер қысқартылып, басқаларына қосылған еді. Барлығы облыста 1948 жылы 219 ауылдық кеңес болды.

1948 жылы Облыстық Атқару Комитеті мынадай құрылымға ие болды:

1. Төраға – 1

2. Төраға орынбасары – 3

3. Хатшы
Рефентура құрылымы:


  1. Төраға көмекшісі – 1

  2. Ауылшаруашылық саласы жөніндегі төраға көмекшісі – 1

  3. Мал шаруашылығы саласындағы төраға орынбасарларының көмекшісі – 1

  4. Өнеркәсіп, транспорт, сауда және қаржы істері жөніндегі төраға орынбасарларының көмекшісі – 1

  5. Әлеуметтік-мәдени шаралар бойынша – 1

Нұсқаушылар тобын ұйымдастыру құрылымы:

  1. Аға нұсқаушы – 1

  2. Нұсқаушылар – 2

  3. Ақша нұсқаушы – 1

Кадрлар бөлімі – 2

Жалпы бөлім – 30

Облыстық жоспар – 18

Облыстық білім беру бөлімі – 25

Облыстық денсаулық бөлімі – 20

Облыстық сауда бөлімі – 23

Облыстық шаруашылық комитеті – 11

Облыстық мәдени – ағартушылар жұмыстарының бөлімі – 10

Облыстық дене тәрбие және спорт істері комитеті – 7

Мәдени істер жөніндегі облыстық бөлім – 3

Облыстық жол бөлімі – 8

Облыстық архитектура бөлімі – 3

Жергілікті жылу – 7

Жергілікті өнеркәсіп – 11

Облыстық көлік басқармасы – 7

1949 жылы 1-шілдеде денсаулық бөлімінде облыстық санэпидемстанция ашылды. 1952 жылы облыстық атқару комитетінің №572 шешімі бойынша 28-тамызда облыстық әкімшілік-аумақтық бөлініске кейбір өзгертулер енгізілді:

1. Зеленов ауданы бойынша: Зеленов, Гремячин ауылдық кеңестері ірілендіріліп, Топорков, Серебряков, Перво-Совет ауылдық кеңестері таратылды. Көшім ауылдық кеңесі қайта құрылып, Камен, Ерназаров ауылдық кеңестері таратылды.

2. Қаратөбе ауданы бойынша: Қаған, Қосағаш, Ханкөл ауылдық кеңестері ірілендіріліп, Шалғы, Ақкөлжін, Қалдығайты, Қосағаш, Сабынкөл ауылдық кеңестері таратылды.

3. Приурал ауданы бойынша: Рубежин, Трекино, Солодовников.

4. Бөрлі ауданы бойынша: Бөрлі, Приурал, Жәнібек, Жарсуат, Бердов, Барчеркан, Қаракемпір ауылдық кеңестері біріктірілді.

5. Жымпиты ауданы бойынша: Жымпиты, Қараоба, Сасыркөл ауылдық кеңестері ірілендіріліп, Жаңақала, Сарыкөл, Мәштексай, Екпінді ауылдық кеңестері таратылды.

6. Жәнібек ауданы бойынша: Ұзынкөл, Ақоба, Күйгенкөл, Тауы, Қамысты ауылдық кеңестері таратылып, Мұратсай, Тереңқұдық ауылдық кеңестері біріктірілді.

7. Тайпақ ауданы бойынша: Қурайлысай, Базартөбе, Краснояр, Сарытоғай, Қызылжар, Қырыққұдық ауылдық кеңестері ірілендіріліп, Ақтөбе, Кеңсуат, Теңдік ауылдық кеңестері таратылды.

8. Теректі ауданы бойынша: Новопокровск, Төңкеріс, Ақсуат, Новопавловск ауылдық кеңестері ірілендіріліп, Богданов, Амангелді, Федоров, Барбастау, Үшкүйіс ауылдық кеңестері таратылды.

9. Фурман ауданы бойынша: Тортпенен ауылдық кеңесі ірілендіріп, Көктерек ауылдық кеңесі таратылды.

10. Чапай ауданы бойынша: Октябрь, Балықшы, Сүттігенді, Мерген, Киров, Камен, Қожехар, Бөбек ауылдық кеңестері ірілендіріліп, Талпын ауылдық кеңесі таратылды.

11. Шыңғырлау ауданы бойынша: Каганович, Полтавск, Сталинск, Сұлукөл, Лубен ауылдық кеңестері таратылды. Қараоба, Калинин, Правда, Ворошилов ауылдық кеңестері қайта ірілендірілді.

1957 жылы ауылдық кеңестердің шекараларына әкімшілік-аумақтық өзгерістер енгізілді. Оның нәтижесінде кейбіреулері ірілендіріліп, одан соң таратылды. 1957 жылдың қаңтарында Ульянов совхозының Железново ауылында Чапай ауылдық кеңесі ұйымдастырылды. Фурман ауданындағы Буденов ауылдық кеңесі Талдыапан ауылдық кеңесі болып өзгертілді, Теректі ауданындағы Берденов ауылдық кеңесі Киров ауылдық кеңесі болып өзгертілсе, осы аудандағы Үшкөл ауылдық кеңесі Долин ауылдық кеңесі болып өзгертілді.

1957 жылы облыста дене тәрбиесі және спорт ісін жақсарту мақсатында, аудандық ұйымның денсаулық ұжымын нығайту мақсатында дене тәрбиесі және спорт комитеті бекітіліп, оның құрамында 11 адам болды.

Батыс Қазақстан облысы республиканың ірі облыстарының біріне айналды. 1958 жылы облыс мемлекетке 51 млн. пұт астық тапсырды. Ауыл шаруашылығының дамуындағы жетістіктері үшін Батыс Қазақстан облысы республикада ең жоғары марапат – Ленин орденін алғаш алған облыстардың бірі болды. 1962 жылы Батыс Қазақстан облысы болып өзгертілді.

Облыстың әлеуметтік жағдайының жақсаруына біршама игі шаралар ықпал етті. Әсіресе қалада тұрғын үй мәселесіне үлкен көңіл аударылды. Сондай-ақ білім жүйесінің дамуына бірыңғай білім жүйесін қалыптастыруға, жоғары және арнаулы оқу орындар жүйесін жақсартуға, кәсіби-техникалық білім беру саласының дамуына жағдай жасалды. Өлкеде ғылымның дамуына, мәдени-ағарту орындарының бір жүйелілікпен қызмет етуіне, мәдени орындардың көптеп салынуына ерекше көңіл бөлінді.

Қалаларда, ауылдық жерлерде, аудан орталықтарында коммерциялық шайханалар ашылды.Оған ықпал болған КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің «Қалаларда, еңбекші ауылдарда, аудан орталықтарында коммерциялық шайханалар ашу туралы» №3216-қаулысы. Қаулы бойынша ауылдық жерлерде, аудан орталықтарында 1946 жылдың 1-маусымына дейін шайханалар ашылды. Мұнда шай, қара, ақ бидай нандары, кондитерлік тағамдар, темекі, сіріңке, темекі жасауға арналған қағаз, арақ, сыра, ыстық және салқын тағамдар сатылды. Коммерциялық шайханалардағы нандардың құны мейманханалардағы нан құнынан 10%-ға арзан болды.

МТС-терде, колхоздарда, совхоздарда жел қуаты қондырғыларын ауыл шаруашылығында пайдаланатын 1946 жылдың 1-қазанына дейін арналған акт құрылды. 3 айдың ішінде колхоздардағы, МТС-тердегі, совхоздардағы жел қуаты қондырғыларының жағдайы тексерілді. Керекті қосымша құрал-жабдықтармен де толықтырылды.

Батыс Қазақстанда оқу-әдістемелік басқармасы барлық орта оқу орындарын біріктірді. Яғни оқу саласын жүйелендіру осы жылдары қолға алынды. КСР Халық Комиссарының жоғары білімді оқу орындары істері жөніндегі саласына барлық орта білімді оқу орындарының оқу-әдістемелік құралдары басшылыққа берілді.

1946 жылы еңбекшілердің, жұмысшылардың, ауыл шаруашылығы саласындағы маман-кадрлардың жалақысын өсіру, арнайы сыйақы тағайындау жүзеге асты.

1946 жылдың 1-ақпанынан бастап ауыл шаруашылығы мал шаруашылығы салаларындағы маман иелеріне жалақыларын дер кезінде беру, әсіресе агрономдарға, мал дәрігерлеріне, зоотехниктерге, диханшыларға еңбекақыларын тездету көрініс алды. Осы тұста облыс аудандарындағы бюджет резерві көбейтілді.

1946 жылы жоғарыда атап өткендерден басқа неміс оккупациясынан босанып, аудандарда жұмыс істейтін соғыс ардагер жұмысшыларына қосымша ақы тағайындалды. Ұлы Отан Соғысының І топ мүгедектерінің материалдық жағдайын көтеру мақсатында арнайы жәрдемақылар тағайындалды. Жәрдемақының көлемі 250-300 сом болды. Ал бұл мүгедектердің мүгедектік зейнетақыларына 20% көлеміндегі қосымша қаражат тағайындалды. Бұл мәселелердің бәрі 1946 жылдың 1-қаңтарынан бастап жүзеге асты.

1946-1947 жылдары еңбек, мәдениет салаларында құлшынды жұмыс атқарған өнер адамдарына да сыйақы тағайындалды. Мысалы, І сатыдағы сыйақы Романовский Иван Михайловичке 5000 сом көлемінде берілді, инженер-подполковник Васильковский Сергей Владимировичке де осы саладағы ерен еңбегі үшін І сатыдағы сыйақы тағайындалды.

Осы жылдары ауыл мектептерінің жағдайын жақсарту, жастарды әртүрлі жұмыстарға бағыттау мақсатында арнайы іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл тұста жұмысшылардың, ауыл жастарының облыстық, аймақтық және қалалық білім беру бөлімдерінде арнайы секторлар ашылды. Қалалық және аудандық бөлімдерге инспекторлар тағайындалды. Арнайы секторлар ұйымдастырған мектеп оқушыларына сабақтан қалуға қатаң тыйым салынды. Ал 1946 жылдан бастап мектептерде әр оқушы бір карточкаға күніне 100 гр. нан, 30 гр жарма, 20 гр.секер алып отырды. Мұндай шаралар әр мектептердің асханаларында ұйымдастырылды.

Орал облысының аудандарында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы бойынша арнайы сайлау учаскелері құрылды:



  1. Тасқала ауданында 35 сайлау учаскесі болды. Сайлауға қатысқандардың саны – 6775.

  2. Жымпиты ауданы бойынша 45 сайлау учаскесі болды. Жергілікті халықтың саны – 15033, сайлауға қатысқандардың саны – 8758. Ер адамдар – 3186, әйел адамдар – 5572, қазақтар – 7885, орыстар – 220, татарлар – 184, украиндер – 45, белорустер – 3 , еврей – 1, өзбек – 1, немістер – 419.

  3. Фурман ауданында 42 сайлау учаскесі болды. Жергілікті халықтың саны – 11575, сайлауға қатысқандардың саны – 6362.

  4. Приречный ауданынан 101 адам сайлауға қатысқан.

  5. Шыңғырлау ауданында 30 сайлау учаскесі болған.

  6. Жәнібек ауданында 31 сайлау учаскесі болды. Жергілікті халықтың саны – 9661, ал сайлауға қатысқандардың саны – 6441.

  7. Казталов ауданында 33 сайлау учаскесі болды. Жергілікті халықтың саны – 9210, сайлауға қатысқандардың саны – 5239, ер адамдар – 1824, әйел адамдар – 4782, қазақтар – 405, орыстар – 52.

  8. Жаңақала ауданында 60 сайлау учаскесі болып, жергілікті халықтың саны – 15779, сайлауға қатысқандардың саны – 9084, үй саны – 4585 болды.

  9. Тасқала ауданында 27 сайлау учаскесі болды. Сайлауға қатысқандардың саны – 6697, жергілікті халықтың саны – 12165.

  10. 10. Фурман ауданындағы Чапай сайлау округі 27 сайлау учаскесінен тұрды. Ал Жаңақала сайлау округі 15 сайлау учаскесінен тұрды. Жергілікті халықтың саны – 3267, сайлауға қатысқандардың саны – 1853 болды.

  11. Зеленов ауданында сайлау 2 окургтен тұрды:

а) Тасқала сайлау округі 8 сайлау учаскесінен құралып, жергілікті халықтың саны – 2545, сайлаушылар – 4551, қазақтар – 1523, орыстар – 3028 болды.

ә) Орал сайлау округі 10 сайлау учаскесінен құрылып, жергілікті халық – 8415, сайлаушылар – 4384, орыстар – 3546, қазақтар – 838 болды.

12. Орда ауданында 63 сайлау учаскесі болды. Жергілікті халықтың саны – 20782, сайлаушылардың саны – 11319 болды.

13. Тайпақ ауданында 35 сайлау учаскесі болып, жергілікті халықтың саны – 20782, сайлауға қатысқандардың саны – 6526.

14. Бөрлі ауданында 22 сайлау учаскесі болды. Жергілікті халықтың саны – 10198, сайлаушылардың саны – 5626.

15. Шыңғырлау ауданында 16 сайлау учаскесі болды. Жергілікті халықтың саны – 11089, сайлаушылардың саны – 6977.

16. Теректі ауданында 16 сайлау учаскесі болды. Жергілікті халықтың саны – 25080, сайлаушылардың саны – 11746.

17. Приурал ауданында 20 сайлау учаскесі болып, жергілікті халықтың саны – 18050, сайлаушылардың саны – 9148.

18. Жымпиты ауданында 45 сайлау учаскесі болып, жергілікті халықтың саны – 15103, сайлаушылардың саны – 8820 болды.

19. Қаратөбе ауданында 27 сайлау учаскесі болып, жергілікті халықтың саны – 10877, сайлаушылардың саны – 6236 болды.

20. Чапай ауданында 19 сайлау учаскесі болды. Жергілікті халықтың саны – 3654, сайлаушылардың саны – 1794.

Ал Орал қалалық еңбекші депутаттарының 34 сайлау учаскесі болды.

1946-1950 жылдары колхозшылар мен жұмысшыларды жан-жақты қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөлінді. Оған мәселені қысқы жер учаскелеріндегі колхозшыларға дер кезінде демалыс беру, олардың моральдық тыныштығын қамтамасыз ету сияқты шаралар жүзеге асырылды. Сондай-ақ материалдық жағынан да көмек беру, мысалы ай сайын мал шаруашылығы саласындағы колхозшыларға азық-түлік беру, белгіленген жоспар бойынша оларды астықпен, май, сүт тағамдарымен қамтамасыз ету қолға алынды. Облыстық сауда бөлімінің нарық қорынан Жаңақала ауданына – 27 центнер, Чапай ауданына – 8 центнер астық бөлінді. Тамақ өнімдерін арнайы бөле отырып, олардың уақытында сол пунктке тікелей жетуі, жеткізетін адамдардың арнайы қадағалауы отыруы, бақылауға алынуы және азық-түлікті тізім бойынша үйлестіріп берулері қамтамасыз етілді.

1946 жылы 14-18 қаңтарда Орал қаласында облыстық жастар спартакиадасы өткізілді. 24-қаңтарда болған республикалық жарысқа Батыс Қазақстан облысының спортшылар ұжымы жіберілді. Бұл ұжымды әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету, яғни жарысқа барып-келу шығындарының көлемін өтеу қолға алынды. Облыстық сауда бөліміне спартакиадаға қатысушыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету тапсырылды.

1947 жылы Кеңес Одағында карточка жүйесі енгізілді. Елде тамақ өнеркәсібінің өте төмен дамуы, тамақ сапасының төмен болуы орын алды. Соғыстан кейінгі жылдары халыққа теңбе-тең тамақ беру жүзеге асты. Бүкіл ел, қалың әлеумет карточкалармен қамтамасыз етілді. Ол арнайы талондарды тарату арқылы жүзеге асты. Талон арқылы ең қажетті тағам түрлері берілді. Мысалы, нан, астық, жеміс-жидектер, жармаларды айтуымызға болады. Ал май, секер сияқты тағам өнімдері ортақ қор есебінен берілді.

Жергілікті сайлау мүшелерін, олардың сенімді қызметшілерін басқа қалаларға жиналысқа бару барысында облыстық карточка бюросы 5 күндік нан талондарымен тізім бойынша қамтамасыз етіп отырды. 160 адамға арналған 165 күндік нан талоны беріліп, одан әр адам 500 гр.-нан нан алып отырды. Ал Облыстық сауда бөлімі жиналыс мүшелері құрамындағы 260 адамды 3 күндік тамақпен қолма-қол ақша беру арқылы қамтамасыз етті. Оған мәселен астық, жарма, жеміс-жидектерді жатқызуымызға болады. Алматыдағы малшылардың республикалық жиналысына қатысқан делегат мүшелерін арнайы талон арқылы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету жүзеге асты.


* * *
Соғыстан кейін елімізде бүліншілікке ұшыраған ауылшаруашылығын, қираған өнеркәсіп саласын қалпына келтіруді көздеген ондаған шаралар алынды. Солардың ең маңыздыларының бірі – «КСРО Халықшаруашылығын қалпына келтіру және дамытудың 1946-1950 жылдарға арналған жоспары туралы» Заң еді. Қабылданған осы Заңды орындау бағытында, сөз жоқ, Батыс Қазақстан аумағында орналасқан облыстардың елді мекен тұрғындарының әл-ауқатын, мәдениеті мен тұрмысын заман талабына сай жақсарту жолында әлеуметтік-экономикалық шаралар белгіленіп, аталған проблемаларды нақты шешуге баса назар аударылды.

Соғыс жылдарынан кейінгі алғашқы жылдары облыс, аудан, ауыл еңбекшілерінің жағдайы басқа салалармен қатар мәдени құрылыс саласында да елеулі қиындықтарды бастан кешті.

1947 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша 24 клуб мекемесі мына жүйеде құрылды:

1. Оқу үйлері – 190, қызыл отаулар саны – 7, ауыл клубтарының саны – 12, аудандық мәдениет үйлерінің саны – 15 болды.

Біріншіден оқу үйлеріне тоқталатын болсақ, оқу үйлері бұл басқа мәдени мекемелермен салыстырғанда, тек колхоздық және совхоздық ауылдарда, жұмысшы поселкелері мен МТС-та орналасты.

Ауылдағы барлық мәдени-ағарту және жалпылама үгіт жұмыстарын оқу үйлері жұмысшылары мен олар ұйымдастырған үгіт ұжымдары жүргізді.

Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне сайлау өткізгеннен кейін, мәдени-ағарту мекемелері қызметкерлерінің негізгі міндеті болып, БК(б) П ОК-нің ақпан пленумы қабылдаған: «Соғыстан кейінгі жылдары ауыл шаруашылығын көтеру шаралары туралы» қаулысын жүзеге асыру болды. БК(б)П ОК ақпан пленумындағы тарихи қаулының жарыққа шығуынан соң, оқу үйлерінің барлық меңгерушілері облыс, әрбір аудан орталықтарында үш күндік семинарлар жүргізді.

Жүргізілген семинарларда пленум қаулысы міндеттерін түсіндірумен қатар, мәдени ағарту жұмыстары жөніндегі аудандық бөлімдердің жұмыс жоспарлары талқыланып, құрылды.

114 оқу үйлерінде БК(б)П ақпан пленумын оқыту бойынша 114 үйірме ұйымдастырылды. Оқу үйлері қызметкерлерінің инициативасы бойынша талданған тақырыптар да баяндамалар мен лекциялар оқу ұйымдастырылды; 25718 адамды қамтыған 312 баяндама мен 205 лекция оқылды; 565 қабырға газеттері шығарылды. Көктемгі далалық жұмыстардың басталуына байланысты көктемгі егін егу және оны жинау науқаны кезінде қарбалас жұмыстан босамаған колхозшылар, совхоздар және МТС жұмысшыларына мәдени қызмет көрсету үшін барлық оқу үйлерінің жұмыстары тәртіп бойынша далалық бригадалар мен стандарға көшірілді.

Қызыл отаулар қызметкерлерінің инициативасы бойынша қыстақтағы мал шаруашылықтарында ақпан пленумы материалдары бойынша 29 баяндама мен лекция оқылды, 22 қабырға газет шығарылды. Көктемгі және жазғы далалық жұмыстар науқаны кезінде қызыл отаулар мәдени-ағарту және жалпылама үгіт жұмыстарының жақсы көрсеткіштерін көрсете білді. Қызыл отаулар қызметкерлері қабырға газеттерін шығарып, көркемөнер үйірмелерінің өнер көрсетулерін ұйымдастырып, отырыстар өткізіліп, оқулар, баяндамалар, лекциялар оқылды. 1947 жылы колхоз клубтарының саны 63 болса, осы жылы тағы да бұлардың қатарына 5 клуб мекемесі қосылады. Олардың біреуі Шыңғырлау ауданында, 2-уі Орда, 2-уі Жаңақалада орналасты. 1946 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша 14 ауыл клубы жұмыс жасаса, 1947 жылы ауыл клубтарының саны екі бірлікке қысқарып, он екісі жұмыс жасады.

1947 жылдары көктемгі егін егудің басталуымен аудан клубтарында және жекелеген ауыл клубтарында үгіт бригадалары ұйымдастырылады. Әрбір бригада құрамына бір баяндамашы, бір кітапхана қызметкері, бір баяншы немесе аккордеонист және көркемдік қызметпен айналысатын 7-9 адамнан құралды. Көп жағдайда мәдени үгіт бригадаларының көркемдік жетекшілері болып, аудандық клубтардың қызметкерлері табылды. 1947 жылы 18 мәдени үгіт бригадалары болса, оның сандық құрамы 1736 адамнан тұрды.

Мәдени үгіт бригадаларының бағдарламасына: баяндамалар мен лекциялар оқу, ұлттық билер, танымал кеңес жазушылары мен ақындарының өлеңдері, әңгімелері мен пьесалары, отырыстар мен оқулар өткізу кірді.

Мәдени үгіт бригадалары астық жинау науқаны кезінде, егістік далаларында және колхоздық ауылдарда 14617 адамды қамтыған 312 концерт пен қойылымдар қойды.

Ал ауыл клубтарының бұл жылдардағы мәдени жабдықталуы нашар болды. Аудандық клубтардың арнайы ғимараттары болмады. Аудан қаржы бөлімдері уақтылы қаржыландырып отырмауы себепті аудан және ауыл клубтарының жағдайы мүшкіл болды. Аудандық және ауылдық клубтарға облыстық мәдени ағарту бөлімі үлкен көмек көрсетті. Облыстық мәдни ағарту бөлімі өз қызметкерлерін белгілі бір ауданға немесе ауылға жолсапарға аттандырып, олар жергілікті клуб жұмысшыларына сәйкесті репертуарды таңдап алуға көмектесті.

Бұл жылдар Жаңақала және Орда аудандарының аудандық клубтары мәдени жабдықталуы және мәдени – ағарту, жалпы үгіт жұмыстары жөнінен ең жақсы клубтар болып қала берді. Колхоз клубтарына келсек, біздің облысымыздың колхоз клубтарының көпшілігі мәдени жабдықталуы жөнінен өте кедей болды, ал олардың кейбіреуі мүлдем жабдықталмады. Бұл клубтардағы мәдени-ағарту жұмыстары өте төмен деңгейде болды.

Соғыстан кейінгі жылдары кадрлар біліктілігін көтеру жұмыстары тек мәдени-ағарту жұмысы жөніндегі аудандық бөлімдерінің жұмысшыларымен семинарлар және мәжілістер өткізіп отыруымен ғана шектелді.

Барлық аудан орталықтарында аудандық бөлім меңгерушілерінің жетекшілігімен мәдни-ағарту жұмысшыларының арасында үш күндік семинарлар жүргізілді. Семинарларда далалық жұмыстарды атқарып жатырған колхозшыларды, совхоздар және МТС жұмысшыларын мәдени қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Семинарларға мәдени-ағарту жұмыстары жөніндегі облыстық бөлім жұмысшылары, үгіт және насихат бөлімдерінің жұмысшылары және еңбекшілердің аудандық кеңестері депутаттары қатынасты.

1947 жылы біздің облыс кітапханалары бұқара халықты идеологиялық бағытта тәрбиелеуде үлкен жұмыстар атқарды және оқырмандарды өз отанының патриотына тән болатын дұрыс идеологиялық бағытта тәрбиелеу жолында зор еңбек етті. Бұл жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша 31 кітапхана болды. Кітапханалардың комитеттер жүйесі:

1. Облыстық кітапхана – 1

2. Қалалық кітапхана – 1

3. Қалалық балалар кітапханасы – 1

4. Аудандық кітапханалар саны – 15

5. Ауылдық кітапханалар – 12

6. Аудандық балалар кітапханасы – 1.

Бұл жылы облыстық кітапхана өзін мақсатты бағытталған жұмысының арқасында облыс көлеміндегі мәдениет және ағартудың үлгілі орталығы есебінде көрсете білді. Үлкен оқу залын, кітап қорын және абонементтік немесе қозғалмалы кітапханалардың жекелеген бөлмелерін есептемегенде, облыстық кітапхана күнделікті кітапхана оқырмандарының 400-500-ге жуығына қызмет көрсетіп отырды.

1947 жылы облыстық кітапхана жұмыстарының ішінде алфавиттік және библиографиялық каталогтар құрылып, партия тарихы бойынша картотека құрастырылады.

Кітапхана жұмысшыларының жалпы жиналысында облыстық кітапхананың алдында тұрған КСРО халық шаруашылығының қалпына келтіріліп дамуы үшін қажетті сталиндік екінші бесжылдықтың басталуына байланысты мәдени іс-шаралардың мақсат міндеттері анықталған жоспары қабылданды.

1948 жылы мәдени-ағарту мекемелерінің көпшілігі жұмыс үшін қолайлы орындармен қамтамасыз етілмеді. Облыстың 168 мәдени-ағарту мекемесінің 164-інің тұрғылықты орналасатын орны болмады, мекемелер жұмысы үшін уақытша немесе жарамсыз орындар берілді. Мұндай мәдени-ағарту мекемелерінің көпшілігі колхоздардың және ауыл советтерінің кеңселерінде орын тепті. Камен ауданының аудандық кітапханасында халық соты орналасты.

1950 жылдың бірінші жарты жылдығында облысымызда: 1-облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, 1-В.И.Чапаев атындағы аудандық мұражай, 1-С.М.Киров атындағы қалалық мәдениет және демалыс саябағы, 1-қалалық мәдениет үйі, 15-аудандық мәдениет үйлері және аудандық клубтар, 17-ауыл клубтары, 197-оқу үйлері, 12-қызыл отаулар, 2-құлағы естімейтін және көзі көрмейтіндердің клубтары болды.

Облысымызда мәдени-ағарту мекемелері істері жөнінде комитеттер жүйесі, бюджет есебінен қамтамасыз етілетін мәдени-ағарту мекемелерінен өзге бюджеттен тыс қызмет ететін мәдени-ағарту мекемелерінің кең жүйесі таралды. 1950 жылдың 1-шілдесінде бюджеттен тыс жұмыс жасап жатырған мәдени-ағарту мекемелері: кәсіподақтық клубтар – 42, колхоздық клубтар – 212, өзге де ведомстволар мен ұйымдар клубтары болды. Олардың саны 31-ге жеткен болатын.

Мұндай мәдени-ағарту мекемелерінің көпшілік бөлігі:


  1. Орда ауданында – 28 бюджеттік және 23 бюджеттен тыс мекемелері болса;

  2. Жаңақала ауданында – 27 бюджеттік және 22 бюджеттен тыс мекемелері;

  3. Чапаев ауданында – 23 бюджеттік және 18 бюджеттен тыс мәдени-ағарту мекемелері болды.

1940 жылдың 1 қаңтарында 113 мәдени-ағарту мекемелерінің жеке ғимараты болмаған болса, осы жылдың 1 шілдесінде олардың саны 96-ға қысқарды.

Осылайша, 17 мәдени-ағарту мекемелеріне жеке-жеке ғимараттар берілді. Бұл дегеніміз бұрын жеке ғимараттары болмаған мәдени-ағарту мекемелері жалпы санының 14,5%-ін құрайды.

Мысалы, Қаратөбе ауданының аудандық клубы 350 орындық көрермен залы және үйірмелік жұмыстар үшін 6 бөлмесі бар жеке ғимаратқа орналасты.

Орда, Фурман, Жымпиты аудандарының барлық мәдени-ағарту мекмелері толығымен жұмыс үшін жарамды ғимараттармен қамтамасыз етілді.

Чапаев ауданының 10 мәдени-ағарту мекемесінің жеке ғимараттары болды, бұл дегініміз осы ауданның мәдени-ағарту мекемелерінің жалпы санының 53%-ін құрайды.

Алайда, клубтық типтегі бірқатар мәдени-ағарту мекемелерінің жұмысы үшін жарамды ғимараттары болмады. Бұл мәселе, әрине, шешуі қиын күрделі мәселелердің бірі болып қала берді.

Мұндай жағдай тек қана аудандарда ғана емес, облыс орталығының өзінен де орын алды.

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, қажетті жарамды ғимараттың болмағандығынан, экспонаттарды сақтау және орналастыру үшін тіптен ыңғайсыз, жабдықталмаған шіркеу мекемесінде орналасты.

1953 жылы тамызда облыстық мәдениет басқармасының жұмыс жоспарында мынадай мәселелер: «облыс мәдени-ағарту мекемелерін қысқы жұмыс жағдайына дайындау туралы», аудан орталықтарының қысқы жұмыс жағдайына әзірлік жұмысына тексеріс жүргізу және еңбекшілер депутаттарының облыстық кеңес жөніндегі атқару комитетінің отырысында аудандық мәдениет бөлімдері меңгерушілерін тыңдаумен бірге Жымпиты, Жәнібек, Камен аудандарының кітапхана жұмысшыларына аттестация жүргізу мәселелері қаралып, бұл жұмыстар жолдас Лещенко және Есеналиев, аттестация жүргізу жөніндегі комиссияның басшылықтарымен жүзеге асырылды.

1953 жылы Мәдениет Министрлігі жүйесіндегі жалпы кітапханалар саны – 95 болса, 1954 жылы олардың саны 121-ге жетті. Бұл жылғы кітапханалар санының өсуі облыстық халық шаруашылығы жоспары бойынша Мәдениет Министрлігі жүйесінде 26 кітапхананың ашылуымен түсіндіріледі. (25-ауыл кітапханасы, 1-балалар кітапханасы ашылды).

1954 жылы облысымызда жүргізілген бірқатар идеологиялық жұмыстар қоғам өмірін толықтай қамтуға бағытталды. Бұл жылы облыста марксизм-ленинизм кешкі университеті құрылып, жұмыс жасайды. Сонымен қатар кешкі партиялық мектеп, партия тарихын оқыту жөнінде 477 үйірме, 163 саяси мектептер, философия және саяси экономиканы оқыту жөнінде 45 үйірме жұмыс жасайды.

Облысымызда 346 мәдени ағарту мекемелері жұмыс жасады. Ауылда 1953 жылы 52 мәдени ағарту мекемелері ашылып, 79 киноқондырғылар және жылжымалы киноқондырғылар жұмыс жасады.

1954 жылғы Чапаев ауданының мәдениет бөлімінің жұмысына тоқтала кетсек, ауданда осы жылы 33 мәдени ағарту мекемелері жұмыс жасады. Олардың ішінде аудандық мәдениет үйлерінің саны біреу, екі аудандық балар кітапханасы, 3 қызыл отаулар, 9 ауыл кітапханасы жұмыс жасаған болса, алты ауыл клубтары мен 12 оқу үйлері халық игілігіне қызмет етті.

1954 жылғы тың игеру терең әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге әкелді. Бұл жылдары халық ағарту саласында да үлкен өзгерістер болды. Жалпыға міндетті 7 жылдық оқудың орнына, жалпыға міндетті 8 жылдық білім беру жүйесі енгізілді. Жан-жақты дамыған және білімді адамдарды өте жоғары деңгейде дайындау мақсатында жаңа типтегі мектеп интернаттарын ұйымдастыру ісіне мақсатты бағытталған түрде кірісу жолға қойылды. Қазақстанда мектеп-интернаттар құрылысын салуға халық-ағарту органдары 1956 жылы наурыз айында кірісті.

Шамамен, 1700 адамды қамтитын сегіз жылдық мектеп интернаттары Батыс Қазақстан бойынша Ақтөбе, Атырау облыстарында бұрыннан қызмет көрсетіп тұрған мектептер базасында ұйымдастырылды. Мектеп – интернаттардың құрылуы, біздің бүкіл республика өміріндегі маңызды оқиға болып табылды. Қазақстанда интернаттар саны жыл сайын өсіп отырды. Педагогикалық ұжымдар оқушылардың саналы тәртібі мен жоғары үлгерімдеріне қол жеткізді.

1957 жылғы еліміздегі мәдениет мекемелеріне тоқтала кетсек, бұл жылы облысымызда 93 клуб, 109 кітапхана құрылысы қайта тұрғызылды. 1957 жылы облысымызда 140 киноқондырғы жұмыс жасаса, олардың 130-ы ауылдарда қызмет көрсетті және өткен жылмен салыстырғанда бұл жылы 400 мыңға жуық көрерменге мәдени қызмет көрсетті.

Облыстық 904 елді мекеменің 697-сіне радио орнатылды. 4 аудандық газеттер (Теректі, Бөрлі, Приурал, Жәнібек) аптасына үш рет мерзімді басылып тұрды.

1958 жылы КСРО Жоғары Кеңесі «Мектептердің өмірмен байланысын нығайту және Қазақ ССР-інде халыққа білім беру жүйесін онан сайын өркендету туралы» Заң қабылдады.

Заң мектептердің негізгі мақсаттарын анықтап берді. Олар: оқушыларды өмірге дайындау, қоғамға тиімді еңбекке баулу, жастардың жалпы және политехникалық білімдер деңгейін одан әрі көтеру, ғылым негіздерін жақсы білетін білімді адамдарды дайындау, социалистік қоғам ұстанымдарын терең құрметтеу рухында жастарды тәрбиелеу жұмыстары болды.

«Мектептердің өмірмен байланысын нығайту туралы және Қазақ ССР-інде халыққа білім беру жүйесін онан сайын өркендету туралы» Заңға сәйкес облыста мектептерді қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Барлық сегіз жылдық және орта мектептердің 1-5 кластары жаңа оқу жоспарына көшіріледі. Сегіз жылдық мектепке толық өту 1962-1963 оқу жылдарында аяқталады деп болжанады. Облыстағы жалпы білім беретін 3 орта мектеп 11 жылдық қосымша өндірістік оқуы бар еңбек политехникалық мектептер болып қайта құрылып, 3 мектеп интернаттары ұйымдастырылды. Бұл жылы мектептердегі оқытуды өмірмен байланыстыруда бірқатар алға басушылықтар байқалды. 120 мектепте тұрақты оқу-өндірістік бригадалары құрылды.

Облыстың көптеген мектептерінде оқыту өмірмен еш байланыссыз, бұрынғыдай абстрактілі жүргізілді. Бұл жылы білім алған 55193 оқушының 4415-і келесі жылға қалдырылды.

Оқу-тәрбие жұмыстарындағы маңызды кемшіліктердің бір себебі ол облыс мектептерінде мектеп директорлары және халық ағарту органдары тарапынан сапалы білім берудің жүзеге асырылуының дұрыс қадағаланбауынан немесе мектеп жұмысына бақылаудың нашар жүргізілуі болып табылады.

Халық ағарту жүйесін қайта құру барысында көптеген мектептердің материалдық базасы оқу-тәрбие процесі талаптарына сәйкес келмеді. Облыс мектептерінің 501-інің 275-і ғана оқуға ыңғайлы ғимараттардан орын тепті.

Көптеген аудандардың шаруашылық жетекшілері соңғы жылдары мектептердің материалдық базаларын нығайтуды шынайы түрде қолға алды. Соңғы екі жыл ішінде 7560 орындық 82 мектеп тұрғызылып, іске қосылса, 860 орындық 26 мектеп интернаттары және 17 оқу шеберханаларымен бірге өзге де бірқатар ғимараттар салынды.

Бұл бағытта әсіресе, Жәнібек, Приурал, Жаңақала аудандарында зор жұмыстар тындырылды. Жәнібек ауданында осы уақыт аралығында 1520 орындық бір бастауыш және бес жетіжылдық мектептер салынады.

Приурал ауданында тек 1959 жылдың өзінде, екі сегізжылдық, алты бастауыш мектептер салынса, 10 мектеп құрылыстарын салу жүргізілді.

КОКП ОК және Кеңес Үкіметі мектепке дейінгі балалар тәрбиесіне өте маңызды көңіл бөлді.

1959 жылы облыста 4169 баланы қамтыған 116 мектепке дейінгі балалар тәрбиелейтін мекемелер болды.

Облыстық партия комитеті бюросы және еңбекшілер депутаттарының облыстық Советінің атқару комитеті осы жеті жылдықтың соңына қарай мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері санының екі есе арттырылатынын атап көрсеткен қаулы қабылданды.

Облыстық жоғары және орта оқу орындарында 6968 студент оқытылып жатса, 1959 жылы 709 маман жоғары біліммен және 1490 маман орта квалификация иемденіп оқуды аяқтады.

Соңғы уақытта студенттер арасындағы оқу-педагогикалық және саяси-тәрбиелік жұмыстар біршама жақсара түседі.

1944 жылдың күзінде Оралда жаңа орыс драма театры ұйымдастырылды, театр көршілес Гурьев және Ақтөбе облыстарына қызмет көрсетті. 1949 жылдан бастап театр облысаралық орыс драма театры деп атала бастады. Соңғы он жыл уақыт аралығында, яғни 1959 жылға дейін театр 1,17 млн көрерменді қамтыған 4518 қойылым қойды. Театр қойған «Тайфун», «Ревизор», «Шиелі бақ» «Варварлар», «Зұлымдық және махаббат» тағы да басқалар көпшілікке ұнады.

Театр ауыл көрермендеріне қызмет көрсетуде үлкен жұмыстар жүргізеді. 1949-1959 жылдар аралығында театр 242 мың ауыл көрермендерін қамтыған 1077 қойылым қояды.

Бір ғасырға жуық ғұмыр кешкен театрдың шығармашылық жолы осылайша қалыптасады.

Республикада 1959 жылы мәдениет мекемелерінің жұмысында еңбекшілерге қызмет етудің жаңа түрлері пайда болады. Мұның өзі әдебиет, өнер, ғылым және техника қайраткерлерінің еңбекшілермен байланысын кеңейте түсуге мүмкіндік береді. Еңбекшілерге қызмет етудің бұл жаңа түрлері – мәдениет университеттері, халық театрлары, аудандық, колхоздық, совхоздық музейлер, әуескерлердің кино студиялары, бейнелеу өнерінің студиялары және басқалары. Бұлардың қатарында мәдениет университеттері ерекше орын алады. Олар еңбекшілерге өндірістен қол үзбестен маркстік-лениндік эстетика, әдебиет, музыка, театр және бейнелеу өнері бойынша жан-жақты және жүйелі білім алуға, ғылым мен техниканың ең жаңа жетістіктерімен танысуға мүмкіндік берді. Бұл жылы республиканың 19 мыңдай адамын қамтыған 110 мәдениет университеттері қалаларда ғана емес, колхоздар мен совхоздарда құрылып, еңбекшілерге әсіресе жастарға мәдени және эстетикалық тәрбие беретін шын мәнісіндегі мәдениет ошақтарына айналды.

Көптеген мәдениет университеттерінің тәжірибесі бұл игілікті жұмысқа зиялы қауымды көбірек баулып отырғанын көрсетеді. Еңбекшілер, жастарға лекциялар оқыту кезінде әдетте суретті материалдар мен көрнекі құралдар кеңінен пайдаланылады. Көп уақытта лекция оқылғанда бұған байланысты музыка шығармалары орындалып, хроникалық және көпшілікке арналған ғылыми фильмдер көрсетіледі. Әр алуан тақырыптарда лекциялар мен сабақтар өткізілді.

1959 жылы қыркүйек айында облыс орталығында үш мыңнан астам адамды қамтыған көркемөнер мерекесі өткізіледі. Бұл облысымыздағы халық таланттарының өз мүмкіндіктерін көрсете аларына жол ашты. 1959 жылы, «Елдегі кітапханалық іс жағдайын жақсарту шаралары туралы» қаулының жарыққа шығуынан кейін, кітапхана жұмысшыларының негізгі мақсаты оқырмандар ауқымын кеңейте түсу және әрбір отбасына кітаптардың жеткізілуін қамтамасыз ету болды. Осыған байланысты Орал облысының көптеген аудандарының кітапханашылары отбасылық формулярлардың санын көбейте түсуде үлкен жұмыстар жүргізді. Жасын, жұмыс және оқу орнын есепке ала отырып, кітапханашылар кітапханаға оқырмандар санын көптеп тартуға ұмтылды. Егін егу және оны жинау мерзімінде кітапханашылар жылжымалы-кітапханалар ұйымдастырды.

Кітапханалық қызмет көрсету ұйымдарына қоғам қатынасуының жаңа формасы – үйлерде кітапханалар ұйымдастыру Ақтөбе және Орал облыстарында кең өріс алды. 1955-1959 жылдар аралығында 6 қазақ газеті шығарылмай қалды. 1946-1959 жылдар аралығында барлық кітаптар, мерзімді шығарылып тұрған журналдар, газеттер, бюллетендер және жинақтарды қоса алғанда қазақ тіліндегі басылымдардың үлес салмағы 44%-тен 39%-ке түсіп кетті. 1960 жылдары кітапханалардың материалдық техникалық базасы жақсара түсті. Бұл жылы 4250 мың қоры бар 1011 кітапхана жұмыс жасады.

1950 жылдардың соңында басталған жалпыға міндетті сегіз жылдық білім беру жүйесіне көшу 1962-1963 жылдары аяқталды. Ендігі кезекте білім беру жүйесінің алдында өте үлкен маңызды міндеттер тұрды. Бұл міндеттерді алдағы он жылдықтарда мектеп жасындағы барлық балалар үшін жалпы орта және политехникалық білім беруді, сонымен бірге тиісті білімі жоқ халық шаруашылығында қызмет етіп жатырған жастар үшін сегіз жылдық білім беруді жүзеге асыру болды. 1960-1961 оқу жылдары республиканың бүкіл территориясында 1814279 адамды қамтыған, барлық типтегі 10363 мектеп жұмыс жасады. Олардың ішінде ағарту Министрлігіне кіретін 9017 мектеп болды. Бұл жылдары республикада 4823 бастауыш, 2693 – жетіжылдық, 284-сегізжылдық, орта онжылдық мектептер саны – 785, өндірістік оқуымен қоса орта онбір жылдық мектептер саны – 413 болды.

Республика халық шаруашылығының барлық салаларында жоғары біліктілігі бар мамандардың өткір жетіспеушілігі байқалды. Батыс Қазақстанның жоғарғы оқу орындары мен техникумдарының жоғары қарқынмен дамуына қарамастан, халық шаруашылығында кадрлар қажеттілігі қанағаттандырылмады. Өйткені оқу орындарының көпшілігі бұл уақытта жаңадан қалыптасу үстінде болатын. 50 жылдары Гурьевте педагогикалық институт ашылды. 1957 жылы Ақтөбеде медициналық институт құрылды. 60-70 жылдары Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институты, Ақтөбеде педагогикалық институт ашылды. Өңірдің Ақтөбе, Гурьев, Орал қалаларында медициналық, ауылшаруашылық, педагогикалық, құрылыс техникумдары ашылады. Алайда жоғары мектеп өміріндегі көрініс табатын, жанға бататын тағы бір мәселе ол олардың оқу-материалдық базаларының әлсіз болып қалуында болып отыр. Ұзақ уақыт бойына оқу үшін орындар, жатақханалар, оқулықтар, стипендиялар қоры жетіспеді. Партиялық-мемлекеттік құрылымның идеологияландырылған саясаты жоғары оқу орындары және техникумдардың ісіне ықпал етіп, жағдай бұрынғыдан да күрделене түседі. 40-50 жылдардағы идеологиялық кампаниялар уақытында Орал педагогикалық институты профессорлық-оқытушылық құрамы жинақталған алғашқы оқу орны болды. 40-50 жылдардағы саяси компаниялар және пікірталастардың мақсаты космополиттерді, жағымпаздарды, буржуазиялық ұлтшылдарды, жоғары оқу орындары оқытушыларының арасынан идеалистерді табу болды. Жоғары оқу орындары жұмысшыларына қарсы қудалау Орал педагогикалық институтының қызметінде айқын көрініс тапты.

1959-60 оқу жылдарында институтта 194 ғылыми қызметкер, олардың ішінде 2 профессор, 23 доценттер мен ғылым кандидаттары, 51 аға оқытушы, 118 ассистент-оқытушылар болды. 1959-60 оқу жылдарында институттағы студенттер саны 2284 адамды қамтыды. 1961 жылы жаратылыстану – жағрафия факультетінде ботаника және жағрафия мамандығы бойынша аспирантура ашылады.

Институттың 1960 жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының мазмұны біздің еліміздің жоғары оқу орындарының алдына қойған міндеттермен анықталды. Атап айтқанда, КОКП ХХІ съезінің шешімдерін іс жүзіне асыру, сонымен бірге КОКП ОК-нің қаулылары мен жарғыларын білу мен қатар іске асыруға ат салысу, кеңес өкіметінің идеологиялық жұмыстарын жүргізу және халық шаруашылығын, ғылым мен мәдениетті дамыту міндеттері тұрды.

Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарының басым жоспарына сәйкес бірқатар кафедралардың күшімен (ботаника, география, зоология) Батыс Қазақстан облысының өндіргіш күштері және табиғи ресурстарды оқыту мәселелерін талдау жалғасып жатты. 1960 жылы ғылыми зерттеу жұмыстарының жоспары бойынша екі ірі жұмыс аяқталды. 1. Доцент Г.А.Абуханов педагогикалық училищелер және педагогикалық институттардың бастауыш класс бөлімдері студенттері үшін қазақ тілі оқулығын жазады. Оқулық 1960ж. «Казучпедгтзда» 23 беттік экземпляр болып басылып шықты. 2. Доцент А.И.Көшімбаев республиканың сегіз жылдық мектептері үшін әдебиеттану оқыту әдістемесі атты оқу құралын жазып шықты. Қолжазба Қазақ КСР педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтына ұсынылып, ол институттың оқытушылар кеңесінде мақұлданады.

1961 жылдың 3-11 қаңтарында институттың ХХҮ ғылыми конференциясы болды. Ғылыми конференцияның пленарлық және секция отырысында теориялық халықшаруашылық және оқыту методикасының маңызды мәселелеріне арналған 62 баяндама тыңдалды. Институттың ғылыми-зерттеу жұмысына профессор-оқытушылар құрамының қатынасын жекелеген кафедралар бойынша, бөлек-бөлек талдауға мүмкіндігіміз бар. 1. Марксизм-ленинизм кафедрасында бұл жылы В.И.Лениннің 90 жасқа толуына орай теориялық конференция ұйымдастырылып, өткізілді. Аталған конференцияда 3 баяндама тыңдалынып, мұнан басқа Ленин күндерінде кафедра мүшелері қала және облыс аудандарында жалпы саны 24 лекция оқыды. Кафедраның К.Кальтиев, Я.Т.Прокофьев, Э.К.Винник, К.Капанов, П.П.Елизаров тәрізді оқытушылары диссертациялық жұмыспен айналысты.

Институттың ХХҮ ғылыми конференциясында: 3. Аманғалиев – «Батыс Қазақстанда кеңес билігінің орнауы кезеңіндегі Бақытжан Қаратаевтың өмірі және революциялық қызметі туралы» атты тақырыптағы баяндамасын оқыса, Х.Қапанов – «Механизаторлық кадрлар даярлауда Қазақстан партиялық ұйымдарының жұмысы (1953-58)» атты тақырыпта баяндама оқыды.

Қазақстан тарихы бойынша кафедраның аға оқытушысы К.Е.Стамбеков жұмыс жасады. Ол, «В.И.Ленин Қазақстан туралы және Қазақстанның даму жолдары туралы» атты тақырыпта жұмыс жасап, конференцияда баяндама жасады. Облыста Орал қаласы мектептерінің жұмыс тәжірибелерін оқыту және тарихты оқытуда облыс мектептерінде Ф.С.Кузьмин, Абоян, О.И.Гришина, С.У.Утешев, Қ.Ж.Сүйіншәлиевтер жұмыс жасады. Жұмыс жаңадан басталып, негізгі бөлімі 1961 – 1963 жылдары орындалатын болды.

Қарастырылған кезең 1946-60 жылдар Батыс Қазақстан тарихында маңызды орын алды. Ұлы Отан соғысынан кейін мәдениетті қалпына келтіру оңай болмады. Мәдениет саласындағы алғашқы міндеттердің бірі болып қала және ауыл балалары үшін міндетті жеті жылдық білім беру жүйесін орнату, әрбір ауылда мәдени-ағарту жұмыстарының ошақтарын құру, мамандар даярлау жұмысын кеңейте түсу, халыққа білім беру жүйесін қалпына келтіру 40-шы жылдардың соңында аяқталды, соғыс зардаптары кейінгі жылдары да тез жазылып болмады.

50-ші жылдардағы мектепте білім берудің міндеті – бұл жалпыға бірдей жетіжылдық білім берудің жүзеге асырылуы болды. 50-ші жылдары Батыс Қазақстанда 171,3 мың оқушысы бар 1614 мектеп жұмыс жасады.

Қазақстан үкіметі малшылардың көзқарастарын есепке ала отырып, 1958 жылы «Мал шаруашылығымен айналысатын адамдардың балаларын оқытуды ұйымдастыруды жақсарта түсу шаралары туралы» қаулы қабылдайды.

50 жылдардың тарихи-мәдени процесінің позитивті құбылысы – мемлекеттің малшылар балалары үшін мектеп-интернаттарын құруы болып табылады. Бұл кезеңнің тың игеру жылдарының басталуымен, өңірде үлкен демографиялық өзгерістердің болуымен тарихта қалғандығы да мәлім.

Бұл кезеңде Қазақстанда әртүрлі ғылыми негізделмеген жоспарлар жүзеге асырылды. Осындай ғылыми негізделмеген жоспарлар бойынша жүргізілген эксперименттерге колхоздарды ірілендіру (1950-1951 жылдар) тың және тыңайған жерлерді игеру (1954-56) және колхоздарды совхоздарға айналдыру (1957-1958 жылдар) шараларын жатқызуға болады.

50-60 жылдары қазақ ауылы тарихында елеулі кезең болып табылды. Оған себеп:1-шіден нақ осы кезеңде ауыл шаруашылығын жоғарыдан реформалар арқылы өзгерту шаралары жүрді. (1953, 1958 және 1965 жылдардағы шаралар); 2-шіден бүкіл қазақ ауылын ғана емес, бүкіл Қазақстанның, қазақ халқының демографиялық құрылымын бүлдіруді шегіне жеткізген өзгерістер жүрді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет