Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда


БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫ 60-80 ЖЫЛДАРДА



бет4/11
Дата05.11.2016
өлшемі2,58 Mb.
#752
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫ 60-80 ЖЫЛДАРДА
60-80 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ

АГРАРЛЫҚ САЯСАТ: МАҚСАТЫ, БАҒЫТТАР МЕН НӘТИЖЕЛЕР


  1. Жаңа аграрлық саясатты іздестіру және құру. 1965 жылғы реформа-басқарудың жаңа әдістерін қалыптастырудың бір әрекеті.

СОКП Орталық Комитетінің сентябрь (1953ж.) Пленумынан кейін ауылшаруашылығын дамытуда белгілі бір оң нәтижелерге қол жеткізілді. Колхоздар мен совхоздарды ұйымдық-шаруашылық жағынан нығайту, олардың материалдық-техникалық базасын жақсарту және колхозшылар мен совхоз жұмысшыларын материалдық ынталандыру жөнінде үлкен жұмыстар атқарылды.

1953-1964 жылдары Қазақстанның ауылшаруашылығын дамытуға мемлекеттік бюджеттен 7700 миллион сом, оның ішінде совхоз өндірісі үшін 6200 миллион сом қаржы бөлінді. Сөйтіп 1965 жылдың басына қарай әр совхоз орташа есеппен 64 астық комбайнын, 59 жүк машинасын, 90 егін тырмасын, басқа техниканы иеленуге мүмкіндік алды. Алайда шаруашылық өндірісін тұрақты дамытудың орасан зор мүмкіндіктері толық пайдаланылмады. 60-жылдардың ортасында ауылшаруашылығының дамуы жоспарлы тапсырмалар деңгейінен кейін қала бастады. Мал басы баяу өсті. 1959 жылы әр 100 саулықтан 94 қозы алынса, 1964 жылы 83 қозыға дейін төмендеді. 100 сиырдан тиісінше 83 бұзаудан 71 бұзауға дейін кеміді. Нәтижесінде 1964 жылы ет, жүн, жұмыртқа өндіру жоспары орындалмады.

Астық шаруашылығында да жағдай онша болмады. 1956-1959 жылдармен салыстырғанда дәнді дақылдар шығымдылығы гектарына 1 центнерге азайды. Мұның объективті, субъективті себептері де болды. Осы кезеңде ауа райының қолайсыздығы егіншілікке кері әсер етті. Ең басты себеп-егіншілік мәдениеті артта қалды, агротехникалық ережелер жиі бұзылды, тұқым сапалы дайындалмады.

Алғашқы жылдары ауылшаруашылығы айналымына тың және тыңайған жерлерді енгізу дақылдардың мол өнім беруіне мүмкіндік туғызды. Өйткені жердің табиғи құнарлылығы сақтаулы еді. Егін шығымдылығы артты. Бірақ бұл танапты экстенсивті игеру болды. Топырақты қорғау ережелері, ауыспалы егіс әдістері қолданылмады. Түптің түбінде бұл жел эрозиясына ұшыратты. 60-жылдардың ортасына қарай ауылшаруашылығында жалпы ел экономикасының дамуына кері әсер еткен проблемалар шоғырланды. Оларды шешу жаңа аграрлық саясатты жүргізуді қажет етті. Сөйтіп СОКП Орталық Комитетінің март (1965ж.) Пленумы осы мәселені қарап, «КСРО ауылшаруашылығын одан әрі дамыту жөніндегі кезек күттірмес шаралар туралы» қаулысын қабылдады. Онда халықшаруашылығы дамуының экономикалық заңдылықтарының ескерілмегендігі, қоғамдық жеке мүдделер принциптерінің қабысуы сақталмағандығы, колхозшылар мен жұмысшыларды материалдық ынталандырудың тиісті дәрежеде болмағандығы атап көрсетілді. Пленумда партиялық басшылықта субъективизмнің орын алғандығына, ішкі демократияның жиі бұзылатындығына, әкімшілік-әміршілдік әдістерге жол беріліп отырғындығына назар аудыралды. Пленум жаңа аграрлық саясатты жариялап, біріншіден: ауыл еңбеккерлерін материалдық ынталандыру принципі орнығатындығын, екіншіден: қоғамдық өндірісті өрге бастыру үшін партия, совет органдары, кәсіподақ, комсомол ұйымдары еңбекшілер арасында саяси-тәрбие жұмысын ықпалды жүргізуі тиісті екендігі, үшіншіден: ауыл-село еңбеккерлерінің бастамалары мен белсенділігін арттыру мақсатында оларға нақты қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығы, төртіншіден: ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасын жасап, нығайтудың, оған осы заманғы ғылым мен озат практиканы енгізудің маңыздылығы, бесіншіден: колхоздар мен совхоздары ұйымдастыру-шаруашылық жағынан нығайту атап көрсетілді.

Экономикалық қатынастар саласында шаруашылықтар экономикасын нығайту үшін мемлекеттік дайындау мен ауылшаруашылығы өнімдерін сатып алу жүйелері шешуші роль атқарды. Бұрын тек жылдық жоспар дайындалса, енді бірнеше жылды көздеген тұрақты дайындау жоспарларын қабылдауға бет бұрылды. Бұл өндірісті ұлғайтуға, өнім көлемін арттыруға бағытталған шаралар алуға мүмкіндік берді. Жоспарлаудың жаңа тәртібі өмірге келді. Енді колхоздар мен совхоздар өндіріс көлемі, еңбек өнімділігі, өнімнің өзіндік құны, тағы басқа да өндірістік көрсеткіштер туралы өздері жоспарлай алатын болды. 60-жылдардағы жаңа аграрлық саясат кешенді механикаландыру мен электрлендіруді енгізу, жерді пайдаланудың тиімділігіне жетісу, жан-жақты химиялық әдістерді қолдану, суландыруды кеңейту, кооперативтік меншікті жетілдіру және қоғамдастыру, шаруашылықаралық және агроөнеркәсіптік интеграция негізінде ауылшаруашылық өндірісін мамандандыру мен шоғырландыру арқылы тұтас ел экономикасын тұрақты да ырғақты дамытуға бағыт ұстады.

1965 жылы СОКП Орталық Комитетінің март Пленумының шешімдерін орындауға арналған Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ХІІІ Пленумы өтті. Онда, әсіресе, тың облыстарында егіншілік мәдениетін жақсарту, суармалы жерді барынша пайдалану, еңбекшілер арасында ұйымдық-партиялық және саяси-тәрбие жұмысын күшейту күн тәртібінде тұрды. Қазақстан жағдайында шаруашылықтың ең оңтайлы түрі совхоздар болды.

1967 жылы апрельде СОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесі «Совхоздар мен басқа да мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарын толық шаруашылық есепке көшіру туралы» қаулы алды. Осы жылы Қазақстанда 18 совхоз шаруашылық есепке тәжрибе ретінде көшірілді. Қаулыда жоспардың бірқатар көрсеткіштері азайтылды. Шаруашылықтар өндірістік негізгі қорлар үшін түскен пайдадан қор құнының бір процентіндей бюджетке қаржы төлеуге тиісті болды. Бюджетке төлем көлемі анықталғаннан кейін шаруашылық есепке толық көшіп шаруашылық кәсіпорындарына материалдық ынталандыру, әлеуметтік-мәдени шараларды жүргізу, шаруашылықты нығайту және кеңейту мақсатында пайданың жалпы көлемінен белгілі бір соманы өздеріне қалдыруға рұқсат етілді.



Қуаңшылыққа қарамастан 1967 жылы шаруашылық есепке толық көшкен совхоздарда жалпы өнім айтарлықтай артты. Сөйтіп астықтың, сүттің, еттің, жұмыртқаның өзіндік құны едәуір кеміді, ал 1968 жылы Қазақ КСР-ның 32 совхозы шаруашылық есеппен жұмыс жасаудың арқасында жылды 37,8 миллион таза пайдамен аяқтады. 1967-1970 жылы республикада барлығы 586 совхоз шаруашылық есепке көшіріліп, олардың рентабельдігі едәуір көтерілді.

Совхоздар дамуының негізгі көрсеткіштері




1960

1965

1970

1.

Совхоздар саны

879

1521

1625

2.

Өндірістік негізгі қорлар (ауылшаруашылық мақсаттағы, млн.сом)

1787,0

4006,0

5600,4

3.

Жалпы өнім (1983ж. бағамен салыстырғанда)

3329,4

4004,9

6632,4

4.

Пайда млн.сом

-

858,7

597,4

5.

Рентабелділік дәрежесі

-

55,9

23,3

6.

Қор қайтарымы, сом

-

1039

1256

7.

Егістік жер көлемі мың гектар

17112,4

25161,0

25339,8

8.

Өнім беретін мал басы мың бас










9.

Ірі қара

1988,7

3949,6

4180,7

10.

Қой мен ешкі

11454,3

20372,9

22155,8

11.

Шошқа

640,2

805,3

1209,9

Таблицадан көрінгеніндей, 1965 жылды совхоздар шығынмен аяқтаса, 1970 жылды елеулі дәрежеде пайдамен қорытындылаған. Қой мен ешкінің, шошқаның саны едәуір өскен, бірақ ірі қараның басы өте баяу өскен.

1966 жылдың мамырында СОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрелр Кеңесі «Қоғамдық өндірісті дамытуда колхозшыларды материалдық ынталандыруды арттыру туралы» қаулы қабылдады. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап, колхозшылар еңбегіне сенімді төлемдер (ақшалай, заттай) енгізу туралы нұсқау болды. Енді айлық ақы алынған жалпы кіріс көлеміне қарай колхозшылар еңбегінің нәтижесі бойынша еңбеккерге төлем берілетін болды. Осылайша 1968 жылы республика колхоздарының барлығы еңбектің ақшалай төлеміне көшті. Колхоздар мен совхоздар сатып алатын автомобильдердің, тракторлардың, ауылшаруашылық машиналардың, қосалқы бөлшектердің бағасы арзандады. Өндіріс мұқтажына жұмсалатын электроэнергия тарифі төмендеді.

Ауылшаруашылығындағы алға жылжулар үлкен көлемде күрделі қаржы жұмсауға байланысты болды. Егер 10 жыл (1953-1963 ж.ж.) ішінде Қазақстанның ауылшаруашылығына 13 миллиард сом күрделі қаржы бөлінсе, 1966-1970 жылдары экономиканың бұл саласына 11 миллиард сом көлемінде күрделі қаржы бөлінді. Сол сияқты минералдық тыңайтқыштар мен өсімдіктер дүниесін қорғауға қажетті химиялық заттар өндірісіне де күрделі қаржы көлемі арттырылды. Совхоздардың негізгі қор құны 1970 жылы 8 миллиард сомға жетті. Олардың материалдық-техникалық базасы ойдағыдай нығайды. Атап айтқанда, Қазақстанның тракторлар паркі 1965 жылы 194,9 мыңнан 1976 жылы 233 мыңға, астық комбайндары тиісінше 113,6 мыңнан 98,6 мың болып, жүк автомобильдерінің паркі автоцистерндермен қоса есептегенде 1,2 есеге өсті.

Ауылшаруашылығы ғылымы мен техникасының дамуы, совхоздар мен колхоздардың өндірістік қызметінің кеңеюі шаруашылық мамандары мен басшыларына жаңа талаптар қойды. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ақпан (1968) Пленумы осы мәселені талқылады. Сегізінші бесжылдықтың аяғында 17 орта арнаулы және жоғары ауылшаруашылығы оқу орындарының жанынан колхоздар мен совхоздардың басшы кадрларын даярлау мақсатында екіжылдық бөлімдер ашылды. Олардан 1970 жылы 111 мың маман даярланып шықты. Ауылшаруашылығында осы жылы 56,8 мыңға жуық жоғары және орта арнаулы білімі бар агрономдар, зоотехниктер, мал дәрігерлері жұмыс істеді.

Ауылшаруашылығын электрмен жарақтандыру, тиісті қормен қамтамасыз ету, сөз жоқ, оны индустриаландырудағы басты қадам болды. Қазақстанның колхоздары мен совхоздарының мемлекеттік энергия желісінен алатын қуатының үлес салмағы 1965 жылға қарағанда 1969 жылы тиісінше 40 пайыздан 70 пайызға, 27,2 пайыздан 59,2 пайызға дейін өсті. Қоғамдық малшаруашылығында да оң өзгерістер байқалды. Мамандандырылған жылжымалы механикаландырылған колонналар мен трестер құрылды. 1975 жылы «Казсельхозтехника» жүйесінде 4 трест, 32 механикаландырылған колонналар, желілі-құрастыру учаскелері жұмыс істеді. Содай десек те кейбір жерлерде, ауылшаруашылығының тұтас бір салаларында проблемалар шешілмеген күйінде қала берді. Ауылда қол еңбегі бұрынғысынша басым болды. Техника колхоздар мен совхоздарға толық комплектісімен жеткізілмеді. Ауылшаруашылығын механикаландыру, мамандандыру және шоғырландыру қарқынды жүргізілмеді. Сегізінші бесжылдықтың соңғы жылында аграрлық секторға 5,5 миллиард сом бөлінді. Ауылшаруашылығында 1970 жылы 198,6 мың трактор, 94,5 мың әртүрлі топырақ өндегіш құрал-сайман жұмыс істеді. Сөйтіп астық өндіру 2 есеге, мемлекетке астық сату 5,6 есеге артты. Егіс көлемі ұлғайды, дәнді дақылдар шығымы 1965 жылғы (әр гектарға) 3,1 центнердің орнына, 1970 жылы 9,8 центнерге дейін өсті. Малшаруашылығында бұл бесжылдықта тапсырма барлық көрсеткіштер бойынша орындалды. Ірі қара-6,6, қой мен ешкі – 5,5, шошқа – 30,6 пайызға өсіп, ет өндіру – 19,2, сүт өндіру – 18,2 пайызға артты.


Совхоздар мен колхоздар дамуының негізгі көрсеткіштері

Саны


1965

1970

1975

совхоз-дар

колхоз-дар

совхоз-дар

колхоз-дар

совхоз-дар

колхоз-дар

1521

454

1625

435

1854

404

Жылдық орташа саны (мың адам

1089,9

300,9

1043,6

287,1

1157,9

280

Өндірістік негізгі қор (млн.сом)

4006,0

639,5

5600,4

912,0

9805,4

1473,8

Жалпы өнім 1983 жылғы бағамен салыстырғанда

4004,9

1158,2

6632,4

1651,8

5762,9

1297,7

Пайда (млн.сом)

-857,4

101,2

597,4

240,8

-1274,8

10,1

Рентабельділік деңгей %

55,9

27,3

23,3

42,4

-31,6

1,4

Қор қайтарымы (сом)

10,39

1666

1256

1942

658

946

Егістік жер көлемі (мың га)

25161,0

4037

25339,0

4033,9

30187,3

4296,1

Тоғызыншы бесжылдықта малшаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіру қолға алынды. Мал қоралары кешендері мен бордақылау алаңдарының құрылыстары басталды. Ет, сүт өндірісі құрылыстарын тұрғызу жас төлдерді жаңаша әдіспен бағып өсіруге, малды семіртуге мүмкіндік берді. 1976 жылдың басына қарай 575 бас ірі қара, 418 мың шошқа, 1,7 миллион қой өндірістік негізге көшірілген мал қоралары мен бордақылау кешендерінде бағылып семіртілді.

Тоғызыншы бесжылдықтың қорытындылары көрсеткеніндей, реформаның алғашқы жылдарының табыстары ел басшылығының «басын айналдырды». Олар алынған шаралар өзін ақтады деп тоқмейілсу психологиясымен тыныстады. Социалистік меншікті жеке меншікпен күштеп жақындастыру теориялары да ауылшаруашылығын ойдағыдай дамытуға тежеу болды. Мемлекеттік меншіктегі өндіріс құрал-жабдықтарын қоғамдастыру, колхоздардағы бөлінбейтін қордың өсуі және колхоздардың совхоздарға айналуы ауылшаруашылығының тиімділігін кемітті. Жалпы өнімнің өсуіне, совхоздар мен колхоздар табысының, негізгі өндірістік қорлардың ұлғаюына қарамастан, бұрынғысынша ауылшаруашылығы шығынды сала болып қала берді.

70 жылдардың екінші және

80 жылдардың бірінші жартысындағы ауылдардың экономикалық

саясатын жасау
Есептеулер мен жаңылысулар

Партияның аграрлық саясаты 70-жылдардың аяғында 80-жылдардың басында одан әрі жалғасын тапты. 1976 жылы ақпанда өткен Қазақстан Компартиясын ХІҮ съезінде ауылшаруашылығы өндірісінде орын алған кемшіліктердің беті ашылды. Нақтырақ айтсақ, астық өндіру мен оны мемлекетке сату жоспары орындалмады, қант қызылшасы мен картоп өсіріп тапсыру міндеттері де орындалмады. Егіншілік әлі де болса төмен дәрежеде жүргізілді, органикалық және минералдық тыңайтқыштар тиімді пайдаланылмады. Осындай кемшіліктер малшаруашылығына да тән болды. Сондықтан ХІҮ съезд ауылшаруашылығын интенсивтендіруге, өндірісті механикаландыруға, жерді суландыруға, малшаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіруге, шаруашылықаралық кооперацияны дамытуға баса назар аударды.

Оныншы бесжылдықта малшаруашылығын өніркәсіптік негізге көшіру жұмысы жалғасты. 1976-1977 жылдары ірі қара фермаларын кешенді механизациялау 1970 жылмен салыстырғанда 4 есеге артты. Егіншілікте ғылымға негізделген жүйе енгізілді. Жоғары егін шығымдылығына қол жеткізу үшін егіс салу мерзімі қысқа мерзімге белгіленді, жоғары технологияны пайдалану міндеттелінді. Ауылды техникамен жабдықтау, жерді химияландыру мен суландыру жұмыстарының көлемі артты. Ауылшаруашылығын мамандандыру және шоғырландыруды тереңдету мақсатында облыстар мен аудандарда арнайы комиссиялар құрылды. Нәтижесінде Қазақстанда 1970 жылғы 50-дің орнына 1979 жылы 108 шаруашылықаралық кәсіпорындар, ұйымдар мен бірлестіктер жұмыс істеді. 1979 жылдан бастап бірыңғай мамандандырылған агрохимиялық қызмет өмірге келді. Оныншы бесжылдықта астықтың жалпы өнімі 27497 мың тоннаға жетіп, мақтаның, картоптың, көкөністің жалпы өнімі 316,5 мың, 1974 жылы 1040 тоннаға дейін көтерілді.

Алайда өндірілген ауылшаруашылығы өнімінің өзіндік құны жоғары болды. Таблицаға көз жіберейік.


1 тонна өнімді өндірудің өзіндік құны (сом):





1971-1975

1976-1980




Совхоздар

Колхоздар

Совхоздар

Колхоздар

Астық (жүгеріні қоспағанда)

78

6

76

69

Мақта шикізаты

320

335

381

383

Картоп

147

144

159

167

Көкөніс

131

122

150

163

1980 жылды 1091 совхоз шығынмен аяқтады, сөйтіп шығын 101 миллион сомға түсті. Колхоздардың жағдайы да онша болмады. Малшаруашылығында мал басының өсуі өте баяу болды. Сүт өнімі де едәуір төмендеп кетті. Мал басының өсімі де қанағаттанғысыз дәрежеде қалды. Жүн өндіру де бұрынғы көрсеткіште қалып, көңілді көншітпеді.

Міне осындай жағдайда 1982 жылы 24 майда СОКП Орталық Комитетінің Пленумы өтті. Ол 1990 жылға дейінгі кезеңге «Азық-түлік бағдарламасын» қабылдап бекітті. Бағдарламаның негізгі бағыттары мыналар болды:



    • агроөнеркәсіп кешенінің пропорциялы және балансты дамуы, оның барлық салаларында басқаруды, жоспарлауды және экономикалық ынталандыруды жетілдіру;

    • интенсивтендіру арқылы ауылшаруашылық өндірісінің жоғары қарқынын қамтамасыз ету, жерді пайдаланудың жоғары тиімділігіне жетісу, материалдық-базаны жан-жақты нығайту, ғылым мен озық тәжірибе жетістігін өндіріске тездетіп енгізу;

    • өндірістің өркениетті технологиясын кеңінен енгізу арқылы ауылшаруашылығы өнімінің сапасы үшін үнем мен ұқыптылыққа қол жеткізу, шығынға жол бермеу, өнімді өңдеу мен сақтауды жақсарту;

    • агроөнеркәсіптік кешеннің өндірістік-техникалық артықшылығын барынша тиімді пайдалану, күрделі қаржы мен материалдық ресурстардың қайтарымын ұлғайту, шаруашылықаралық және салааралық байланыстардың негізінде өндірісті мамандандыруды және шоғырландыруды дамыту;

    • ауылдың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын одан әрі жақсарту.

Жаңа Азық-түлік бағдарламасы жан-жақты кешенді міндеттерді орындауды талап етті. Ол агроөнеркәсіптік кешеннің барлық буындарында жұмысты үйлесімді атқаруды атап айтқанда, өнімдерді дайындау мен сақтауды, тасымалдауды, осы заманғы өндіріс дәрежесінде жүзеге асыруды талап етті. Азық-түлік Бағдарламасы Қазақстанның алдына онбірінші бесжылдықтың әр жылында астықтың жалпы өнімін 28-29 миллион тоннаға, ал онекінші бесжылдықта тиісінше 30,5-31,5 тоннаға жеткізуді, бидайдың қатты және күшті сорттарын, жүгеріні, арпа мен сұлы және майлы дақылдар, көкөніс пен бақша өнімдерін тұрақты өсіруді міндет етіп қойды. Малшаруашылығы саласында жемнің барлық түрлерін 1,5-1,6 есеге арттыру, он бірінші бесжылдықта сойылған мал етінің өндірісін жылына 1,2-1,3 млн тоннаға жеткізу, ал он екінші бесжылдықта 1,4 млн тоннаға, сүт өнімін тиісінше 4,9-5 млн тоннадан 5,2-5,4 млн тоннаға жеткізу, етті, сүтті малшаруашылығын, биязы жүнді қой шаруашылығын дамыту міндеті тұрды. 1981-1990 жыл аралығында 820 мың гектар суармалы жерді пайдалануға беру, 22 миллион гектар шөл және шөлейт аймақты, жайылымды суландырып айналымға қосу белгіленді. Малшаруашылығында жұмыс істейтіндердің жалақысын уақытында беруді, оларға қосымша ақы төлеуді, жұмыс стажына, үзіліссіз стажға қарай үстеме ақыны өсіруге көңіл бөлінді, әсіресе, тракторшылар мен шоферлер еңбегін бағалау назарға алынды. Селодағы медицина мәдениет саласы қызметкерлеріне, дене тәрбиесі мамандарының, мұғалімдердің әлеуметтік-тұрмыс жағдайларын жақсарту жөнінде шаралар белгіленді.

Азық-түлік бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты атқарылған ұлан-ғайыр жұмыстарға қарамастан ауылшаруашылығында шешілмеген проблемалар қордалана берді. Республикада 245 ірі мамандандырылған етті және 270 сүтті өндірістік шаруашылықтар мен 694 қой, 63 шошқа және 65 құс өсіретін колхоздар мен совхоздар болғанына қарамастан мал басы саны да, құс саны да өсіп жарытпады. Қазақстан бұл кезеңде мемлекетке 18 млн т. астықты, 2,7 млн тонна қант қызылшасын, 386 мың тонна етті, 152 мың тонна сүтті және басқа да өнімдерді кем берді. Жалпы өнім көлемі оныншы бесжылдық көлемінде қалды. Қостанай, Көкшетау, Целинград, Солтүстік Қазақстан және Торғай сияқты облыстар астық өндірісін едәуір кемітіп алды. Шығынға батқан совхоздар мен колхоздар саны (1142 және 191 тиісінше) көбейіп кетті. Мың сомға шаққанда 1981 жылы қор қайтарымы 54 сомға азайды. Республика совхоздарында 1981-1985 жылдары бір центнер сүттің өзіндік құны – 7 сомға, сиыр еті – 71 сомға, шошқа мен қой етінің әрбір центнерінің өзіндік құны, тиісінше 31 және 32 сомға өсті. Мұның үстіне келеңсіз құбылыстарға жол берілді. Қызылорда, Торғай, Ақтөбе облыстарында қоғамдық малды ұстап бағуда ұрлық-жырлық, жасырып қалу етек алды. Бұларда 23 мың бас ірі қара малы, 130 мың қой. 10 мың басқа жуық жылқы есепке кірмей ұсталды. Қазақстан бойынша шаруашылықтардан барлығы 120 мың бас ірі қара, 1,7 млн-нан артық қой. 42 мың жылқы мен осынша шошқа ұрланып, мұның өзі 35,7 млн сом шығынға түсті.

Көздеген мақсатқа жету үшін агроөнеркәсіп кешенін басқарудың орталық органы ретінде Республикада Мемлекеттік агроөнеркәсіп құрылды. Оған жоспарлауда, қаржыландыруда және материалдық-техникалық ресурстарды бөлуде үлкен құқық берілді. Ол ведомстволық кедергілерді жойып, барлық саланың қызметін Азық-түлік Бағдарламасын орындауға жұмылдыруға тиіс болды. Бірақ бұл да өз нәтижесін бермеді. 1989 жылы астық шығымдылығы әр гектардан 8,5 центнерге (1970 жылғы деңгей), картоп 86 центнерге (1975 жылғы деңгей), көкөніс 156 центнерге (1970 жылғы деңгей) дейін төмендеді. Сонымен 70 жылдардың аяғындағы 80 жылдардың басындағы аграрлық саясат өзін ақтамады. Қанша қаржы жұмсалса да соңғы онжылдықта ауылшаруашылығы өнімдерінің тапшылығы қатты сезілді. 1983 жылдан бастап шетелдерден үлкен көлемде астық, ет, көкөніс пен жеміс, қант, өсімдік майын сатып алу басталды. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметіне қарағанда, бұрынғы Совет Одағында тамақтың калориялылығы 3389 килокалорияға жеткен. Әрине, бұл адамның тұтыну талабын қанағаттандыратын 2385 ккалориядан жоғары. Бірақ та рационды теңестіргенде тамақ құрамында 108 грамм белок, соның ішінде 77 грамм мал өнімінен белок болуы керек. Біздің рационымызда бұл белок жетіспейтін болып шықты. Біздің тамағымызда бұдан басқа да витаминдер мен минералдық заттар жетіспеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет