Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Лбішін ауылы Еркем-ай балабақшасының : Уйдиева Сәуле Назарқызы



бет4/4
Дата20.07.2020
өлшемі0,93 Mb.
#63459
1   2   3   4
Балалар: Ол қоян.

Тәрбиеші: Кто это?

Балалар:Это заяц.



Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің шуларыңды естіп қорқып отырсам, сендер өте ақылды екенсіңдер ғой, мен де сендермен саяхатқа шығайын ба?

Балалар: Ия.

Қоян: Мен туралы не білесіңдер, балалар?

Айгерім:

Ұзын құлақ ақ қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің

Қоян:Балалар, мен сендердің қастарыңда жүрсем еш нәрседен қорықпаймын.

Ойын:

Зайка беленький сидит,

Он ушами шевелит,

Вот так, вот так,

Он ушами шевелит.

Зайке холодно сидеть,

Надо лапочки погреть,

Хлоп, хлоп, хлоп, хлоп,

Надо лапочкт погреть.

Зайке холодно стоять

Надо зайке поскакать

Скок, скок, скок, скок,

Надо зайке поскакать,

Кто-то зайку испугал,

Зайка прыг ... и убежал!

Қоянмен бірге би билейді.

Серуен жалғасуда. Жұмбақ:

Өзі бір қу, жүрген жері айқай да шу.



Балалар: Түлкі-лиса

Бір шыршаның астынан түлкі кездеседі.

Түлкі: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мені жақсы таниды екенсіңдер. Мен туралы тағы не білесіңдер.

Диана:

Мен түлкімін, түлкімін,

Біреулерге күлкімін.

Кейбіреуді алдаймын,



Енді бірін арбаймын.



Түлкі: Рахмет, балалар, маған тақпақтарың ұнады. Мен де сендерге жұмбақ жасырып көрейін бе?

Шанамен сырғанап желетін,

Шаңғы, коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың

Балалар: Қыс – зима

Түлкі: Мен де сендермен бірге орманға саяхатқа ілесіп барайыншы, бірге жаңылтпаш айтып барайық.

Дала аппақ,

Қар аппақ,

Бәрі аппақ,



Қар аппақ.

Балалар қайталайды.

Тәрбиеші: Балалар, мынау не екен қардың астында үйіліп жатқан, қарды ашып қарайықшы. Мынау не екен жатқан?Кто это?

Балалар: Аю – медведь

Тәрбиеші: Балалар, сендер шуламаңдар, дұрыс айтасыңдар, аю ұйықтап жатыр екен, ол қыс мезгілінен көктемге дейін ұйқыда болады, қазір сондықтан орманна шуламай шығып кетейік, өз тобымызға оралайық.тМына аюдың апанының алдында хат жатқан сияқты, көрейікші. Ортаңғы «Айгөлек» тобына арналған. Балалар, мына хатта суреттер берілген екен, сол суреттер туралы әңгімелеп беруіміз керек.



Түлкі, қоян, Аққала балалардың әңгімесін тыңдап отырады.

3.Рефлексивті-коррекциялаушы.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізге тағы бір қонақ келіпті. Ол не?

Балалар:Ол өрмекші. Это – паук.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар, өрмекші қыстың не екенін білмейді, себебі өрмекшілер қыста ұйықтайды. Енді біздер «Өрмекші» ойыны арқылы өрмекшіге қыс туралы айтып берейік.

Қызыл түс: Көк түс:

Жаңа жыл мерекесі Қатты аяз

Аяз ата мен Ақшақар келеді Боран

Шанамен сырғанау Құстарға, аңдарға тамақ жоқ

Қысқы ойындар

Әдемі ұлпақарлар



Шаңғымен сырғанау

Тәрбиеші: Қай түс көп болып шықты?

Балалар:Қызыл түс көп

Тәрбиеші: Өрмекшіге біз жақсы жағы көп деп айтамыз.

Түлкі мен Қоян: балалар, біздер орманымызға қайтайық, аюды оятып алмай. Сендермен қызықты болды. Сау болыңдар!

Аққала: Мен де далаға шығайын. Еріп кететін түрім бар. Саяхаттаған ұнады. Сау болыңдар!

Тәрбиеші: Балалар, өрмекші сендерге рахметін айтып, сыйлық тастпа кетті. Ол сендерге күн жылулығын сыйлады.


«Еркемай» МДҰ МКҚК


«Қысқы орманға саяхат»

Ортаңғы «Айгөлек» тобында тіл дамыту мен орыс тілінен өткен ашық іс-әрекет
Тәрбиеші: Уйдиева С.Н.

Измагамбетова А.Е.


Лбішін ауылы 2015 ж

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет