Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығы «Оқу сауаттылығы»


-тапсырма.Мәтін мазмұны бойынша дұрыс нұсқасын көрсетіңіз



бет21/45
Дата02.10.2023
өлшемі5,76 Mb.
#183293
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45
Байланысты:
Батыс аза стан облысы Білім бас армасыны Білім беруді дамыту о

1-тапсырма.Мәтін мазмұны бойынша дұрыс нұсқасын көрсетіңіз.
Барлық адамзатқа тән дәстүр – ... .
A) тұсау кесу
B) сүйінші сұрау
C) шаңырақ құру
D) баланы бесігіне салу


2-тапсырма.Сөйлемді жалғастырыңыз.
Әр халық шаңырақ құру салтын ... .
A) жағдайына қарай лайықтайды
B) даму жағдайымен байланыстырады
C) әдет-ғұрпына қарай ыңғайлайды
D) жалпыңа ортақ салты бойынша қызықтайды


3-тапсырма.Мәтінге сәйкес сөйлемді дұрыс аяқтаңыз.
Қазақтың шаңырақ құрудағы негізгі салты – ... .
A) тектілік парыздарын сақтау
B) жеті атаға дейін қыз алыспау
C) адамгершілік парыздарын сақтау
D) жеті атаға дейін ауылдас қыздарды алмау


4-тапсырма. Сөйлемді толықтырыңыз.
Балаңды беске дейін ... күт, он беске дейін ... жұмса, он бестен кейін ... сыйла.
A) құрбыңдай, құлыңдай, патшадай
B) досыңдай, құлыңдай, теңдесіңдей
C) билеушіңдей, құлыңдай, теңдесіңдей
D) патшадай, теңдесіңдей, құрдасыңдай


5-тапсырма.Мәтіннің негізгі идеясын сақтай отырып, жинақы мәтін жазыңыз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
12-МӘТІН. ДОСТЫҚ УАҚЫТПЕН СЫНАЛА МА?
Уақыт біздің еншімізде емес. Зулап өте шыққанда, жаныңда қандай жандар қалатыны белгісіз. Осы ретте досты уақыт танытады деген сөздің жаны бардай.
Мектеп қабырғасын имене аттағанда, сыныптағы баланың бәрі бөтен болатын. 11 жыл бір шаңырақ астында оқыған соң, бір үйдің баласындай болып кетеді. Адам өмірі пойыз секілді, ол жанына жақындарын әр бекеттен мінгізіп алады, уақыты келгенде өз бекетіне қалдырады. Ата-ана, туыс-бауырды таңдай алмайсың, бірақ досты таңдайсың. Бұл — заңдылық. Дос өзгелер арасында дараланып тұрады.
Достықты кім қалай түсінеді? Огайо Университетінің Уильям Ролинз есімді профессоры осы мәселені зерттеген екен. Әртүрлі жастағы адамдарға бірдей сұрақ қойып, сараптама жасапты. 14 жастағы жасөспірім мен егде тартқан қарияның дос туралы пікірі бірдей болып шыққан екен. Олар: "Дос — жаныңа жақын адам" депті. Бірақ, сипаттау жағдаяттары әртүрлі. Жасөспірім "сабақ орындамағанда көмектеседі" десе, қария "соғыста мені жаудан арашалаған" деген екен.
Жастың достыққа әсері бар ма? 20-24 жас аралығындағы адамдар орта есеппен бір аптаның 10-25 сағатын достарымен өткізеді екен. Сонымен қатар, олар сыныптастар, топтастар, әріптестер деген секілді белгілі бір топтарға бөлініп жүреді. Осы топтың ішінен де адам өзіне етене жақынын даралап алады. Есейгенде "компания" деп аталатын топ "ашып алады" екен. 
Бала кезде "Әсел, ойнауға шығасың ба?" деп немесе "Сұлтан, кеттік, қуыспақ ойнаймыз" деп шақырып алып кеткеннен анаңыз сізді үйге әзер кіргізген болар. Бірақ уақыт өте келе сол достармен араларыңыз алыстап бара жатқанын байқамауыңыз мүмкін. Өйткені таным өзгереді.
Әлеуметтік желі достықтың көпірі емес.Қазір технология заманы орнағандықтан, жақын достардың аман-саулығын әлеуметтік желі арқылы білісеміз. Алайда, бұл достық деп есептелмесе керек. Туған күн, мерекеде құттықтау жазып, суреттеріне "ұнайды" белгісімен лүпіл басу танымайтын адамдардың да қолынан келетін ісі. Ал сіз достықты мұнымен шектемеңіз. Сіз досыңызға рухани сыйлық жасаңыз. Оның жанынан табылатыныңызды танытыңыз.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/okushyilarga/jogargyi_syinyip/34607/




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет