Сабақтың тақырыбы: Марганец, мырыш және молибденмен өсімдіктердің қоректенуі және жеткіліксіз болған жағдайда туындайтын аурулар.
Мақсаты: Марганец, мырыш және молибденмен өсімдіктердің қоректенуі және жеткіліксіз болған жағдайда туындайтын аурулар жөнінде зерттеу. Химиялық элементердің өсімдіктерге әсері , биологиялық және физиологиялық әсері туралы мағлұмат беру.
Марганец. Ферменттердің құрамына кіріп фотосинтез, тыныс алу, көмірсулар мен ақуыздардың алмасу процестеріне қатысады, ол өзгермелі көп валентті элемент болғандықтан өсімдіктер клеткасындағы тотықтандыру-тотықсыздандыру реакциясына қатысып, жапырақтардағы көмірсулардың көбеюі мен тамыр жүйелерінің қозғалысын арттырады, өсімдіктерді нитратты қосылыс-тармен қоректендіргенде ол өзінің тотықсыздандырғыш заттар ретінде, ал аз аммиакты қосылыстармен қоректендіргенде тотықтандырғыш заттар ретінде әрекет етеді.
Өсімдіктерде марганец жеткіліксіз болғанда ауруға (хлороз деп аталатын) шалдығады. Алайда топырақта марганец өте көп болса, өсімдікке зиянды әсер ететінін есте ұстау қажет. Ол ақуыздық катализаторлар-фермент белсенділігін, демалу, азотпен алмасу процестерін тездетеді. Өсімдік көмір қышқыл газымен, хлорофилмен ақуыз қосылыстарының байланысын жақсартады.
Достарыңызбен бөлісу: |