Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті «Өсімдік өмірінде химия»



бет17/40
Дата30.12.2021
өлшемі347,67 Kb.
#106968
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40
Байланысты:
Өсімдік өмірінде химия

Эфир майлары - өсімдіктердің гүлінде, жапырағы мен жемісінде кездесетін күшті иісті жеңіл, ұшатын зат. Өсімдіктердің жоғарыда аталған мүшелерінде ыстық су, болмаса бу арқылы айдалынып алынады. Эфи майы өсімдіктердің 2000 астам түрінде кездеседі. Бұл өсімдіктердегі эфир майының мөлшері сол өсімдіктердің биологиялық өсіп-өну кезеңіне және ауа-райының жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Эфир майы, әсіресе әр түрлі микробтармен, вирустармен күресуге өте әсерлі. Сонымен қатар, жүрек-қан тамыры жүйесінің қызметін, асқазан-ішек қызметін жақсартуға және қақырық түсіруге мүмкіндік туғызады. Өсімдіктен алынатын илік заттары – таниндер тобына жататын көп атомды фенолдар. Оларды иләк заттар деп те атайды. Бұл илік заттары ішек, асқазан ауруларын емдеуге бактерициндік препарат ретінде жиі колданылады. Танидтер денедегі жараны, күйікті емдеуге де пайдалы. Сонымен бірге алколоидтармен, ауыр метал тұздарымен уланғанда қолданылады.

Химиялық құрамы жағынан эфир майына өте жақын, өсімдіктерде кездесетін заттардың бірі смолалар. Қою, қолға жабысатын аромат иісті, әр түрлі күрделі қосылыстардан түратын зат. Смоланың ұзақ уақыт қатпайтын түрін бальзам деп атайды. Смоланың бактерицидтік қасиеті өте күшті.



Витаминдер - майда еритін витаминдердің – А, Д, Е суда еритін витаминдерден – С және В тобынан айырмасы бар, ал витамин К суда да, майда да ериді.

Витаминдерді қолдану әдісі тегінде витамин профилактикасына байланысты жасалынады. Айталык, тағамда витаминдердің жетіспеуі организімнің жұқпалы ауруланрга, әртүрлі авитаминоздарға және баска да ауруларга қарсылық көрсетуінің әлсіреуіне әкеліп соқтырады. Қазіргі кезде кейде химиялық таза табиғи немесе синтетикалық дәрі – дәрмек қолданылады, бірақ витаминдерге бай қайсыбір өсімдіктерді ( жас не кепкен күйінде ) қолдану жақсы нәтиже беріп жүр, өйткені оларда витаминдер жиынтығы мен тұздардың болуы өзара әсер ету күшін ұлғайта түседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет