С - витамині ( аскорбин қышқылы ) өсімдіктерде өте көп кездеседі, ол өсімдіктің көп бөлігінде жинакталып, құралатындардың қатарына жатады. С витаминіне мыналар бай: тағамдық көктің барлық түрлері – көк пияз, аскөк, ақжелкен ( петрушка), балдыркөк, салат, саумалдық, қымыздық; жидек пен жеміс дақылдары – итмұрын, шырғанақ, қара қарақат, бүлдірген, қарлыған, алма ( пісіп жетпегені) және грек жаңғағының жапырақтары; көкөніс өсімдіктерінен – көкөніс қызыл бұрышымен қабықты бұрыш; сирек кездесетін жер асты жемістері – желкек, шомыр; ал жабайы өсімдіктердің ішінен қалақайды, ерменді ( ащы сусан) атауға болады, бұларда да С витамині көп. С витамині консервіленгенде де жақсы сақталады, сондықтан қысты күні томат – пастаны, жасыл бұршақты, шпинатпфрені, ішіне фарш салынған бұрышты пайдалануға болады. С витамині мұздатылған жидекте жақсы сақталады, бірақ оны мұзы ерігеннен кейін сол сәтте тамаққа салу керек. Бұл витаминінің жақсы сақталуына өніп -өсу жағдайының, өніп - өсу кезеңінің, сақтау тәсілі мен мерзімінің үлкен мәні бар. Мәселен, С витамині төмен температурада басқа витаминдерге қарағанда анағұрлым шапшаң қалыптасады, ал құрғақшылық жағдайда аскорбин қышқылының құрамы азаяды. Бұрышқа өсіп келе жатқан кезде жиі – жиі су құйса, онда С витаминінің көбірек жинақталатыны байқалады.
С винівитамині тканьдардың тыныс алу процесіне, қан тамырларының құректенуіне қатысады, белок пен майдың сіңуін жақсартады. Ол организімнің дұрыс дамуына мүмкіндік береді, қоршаған ортаның қолайсыз әсер етуіне қарсылықты, жұқпалы ауруларға деген төзімділікті күшейтеді, жұмыс істеу қабілетін арттырып, шаршап – қажуды азайтады.
Р - витамині (“Pemeape деген латын сөзінен алынған ) тек қана өсімдіктерден табылған.
Достарыңызбен бөлісу: |