Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның хош иісті (ароматты) өсімдіктері.
Жоспары:
1.Аскөк.
2.Ақжелкен.
3.Балдыркөк.
Сабақтың мақсаты: Хош иісті (ароматты) өсімдіктермен танысу.
Тағамдық өсімдіктер қуат беретін көп мөлшерлі биологиялық сергек заттарды бойларында сақтаумен қатар, тағамдық, дәрулік өсімдіктер түрінде де өздерін таныта алады. Энергиялық қосындыларға қанттар, крахмал, клетчатка, пектиндер, органикалық қышқылдар, амин қышқылдары, белоктар, майлар жатады. Көкөністердің, жемістер мен жидектердің тағамдағы энергиялық күші онша көп емес, бірақ оларда малдық тағамдарда жоқ организмнің дұрыс тіршілік етуіне аса қажетті заттар бар. Жидектер мен жемістер – организмге тез сіңетін және зиян келтірмейтін қанттардың (фруктозалар мен глюкозалар) теңгерілген табиғи жиынтығының қайнар көзі.
Көкөністер мен жеміс дақылдарындағы ас қорытқанда сілтілік қасиеті бар қосындылар жасайтын минералдық заттар қанда аз-кем сілтілік реакцияны сақтап тұруға себепші болады және етте, нанда, майда болатын қышқыл майлы заттардың зиянды әсерін бейтараптандырады. Тағам рационына көкөністерді қосу оны үйлесімді етеді. Ішек-қарын ауруларына шалдығуды болдырмайды. Жемістер мен бірқатар көкөністердегі минералдық заттардың едәуір бөлігі калийден тұрады, ал ол тұзды су алмасуын реттеп отыруда, ісінген ауруларды емдеуде маңызды роль атқарады.
Татымды-хош иісті өсімдіктер – дүние жүзінің әр түрлі континентінде кездесетін 200-ден аса түрі бар өсімдіктердің бай тобы, әдетте тропикалық елдердің классикалық өсімдіктер (ваниль, лавр, қалампыр, мускат жаңғағы, хош иісті бұрыш және басқалары) осы топқа жатады. Біздің елде бай татымды тұздықтармен Кавказ бен Орта Азияның ұлттық тағамдары ерекше көзге түседі, олар тағамды көптеген иісті шөптермен байытты – кинза (кориандр), тархун (эстрагон), көк пияз және сарымсақтың жас гүлді сабағы, тағы басқалар.
Татымдылар ретінде әртүрлі мүшелерді: тамырларды (ақжелкек, ақжелкен, балдыркөк), жуашықтарды (пияз, сарымсақ), көктерді (аскөк, ақжелкен, балдыркөк, жиек жалбыз, пияз, сарымсақ, эстрагон, настурция), аналықтар мен аналық ауызды (бұрыш, зире, әшкөк, анис, фенхель, настурция) пайдаланады.
Тамаққа татымды өсімдіктерді қосу астағы тұздың дәмдік нормасын азайтады, мұның өзі тұзы аз диетаға (жүрек, бүйрек ауырғанда, аллергия болғанда) өте қажет. Кулинарияға бірін-бірі өзара толықтырып тұратын, асқа қышқылдау дәм беретін татымдылардың белгілі бір үйлесімділігін табудың маңызы зор.
Аскөк. Татымды көк біздің ерте көктемде организмге көктемгі дәм беруші ретінде келіп, оны қысқы витамин тапшылығынан құтқарады, солардың ішіндегі алғашқысы – иісті бақша аскөгі.
Аскөк өсімдігінің барлық бөлігіне эфир майлары (бұлар 1,5%) хош иіс беріп тұрады, олар көбіне мәуелердежинақталады (2,8-4%). Бұл майдың құрамына карвон (мәуелерде - 50% дейін, шөпте - 16% дейін) кіреді. Мәуелерде құрамында олеин, петроселин, линоль қышқылдары бар майлы май 20%-ке жетеді. Аскөктің жас жапырағы С витаминіне (135-200 мг%), каротинге (0,5-12,8 мг%) бай келеді, онда К, Е, В1 (тиамин), В2 (рибофлавин), В9 (фолий қышқылы) витаминдері, темір, калий, кальций, фосфор тұздары, флавоноидтар (рутин, кверцетин, изорамнетин) бар.
Емдік мақсатқа шөптің тұндырмасы несеп айдайтын дәру ретінде гипертония ауруының бастапқы сатысында, ал жапырағы мен мәуесінің қайнатпасы – ұйқы қашқанда қолданылады. Мәуелерін тұндырма және қайнатпа түрінде ас қорыту үшін бауыр мен өт жолдары ауруына, жел шығаратын деру ретінде пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |