Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті «Өсімдік өмірінде химия»


Сабақтың тақырыбы: Қазақстан флорасындағы витаминді өсімдіктері



бет28/40
Дата30.12.2021
өлшемі347,67 Kb.
#106968
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40
Байланысты:
Өсімдік өмірінде химия

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан флорасындағы витаминді өсімдіктері.

Жоспары:

1.Томат.


2.Баклажан.

3.Қарбыз.



Сабақтың мақсаты: Витаминді өсімдіктермен таныстыру.

Томат пен баклажан бойында минералдық тұздар, органикалық қышқылдар, витамидер, ферменттер болуы себепті – олардың тағамдық, дәмділік және диеталық қасиеттері өте жоғары болып келеді, сондықтан оларды көп пайдаланады.

Томат мәуелерінен томат-паста, томат шырынын, көкөніс салатын дайындайды, оларды консервілейді, тұздайды, сондай-ақ жас күйінде де пайдаланады. Айта кету керек, томаттарды теплицаларда өсіріп, жыл бойына жас өнім алып тұруға болады.

Баклажанның әлі пісіп болмаған, 30-40 тәулік мәуесін, олардың дәні әлі ашық қоңыр түске еніп бола қоймаған күйінде пайдаланылады. Баклажанның қоректік бағалығымен қатар өсімдік қасиеттері де бар. Баклажан жегенде қандағы холестерин азаяды.



Томат (қызанақ) – қазір ең көп таралған, сүйкімді көкөніс (алқа тқұымдасы), бұл дақыл Европаға XVI ғасырда ғана әкелінді.

Шыққан жері – Оңтүстік және Орталық Американың тропиктік аудандары, онда бұл өсімдік біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда белгілі болған. Томат дақылын бірінші болып испандықтар әкеліпті, ал итальяндықтар оған “помидор” – “алтын алма” деп екінші ат беріпті және де Европада оны ұзақ уақыт экзотикалық әсемдік өсімдіктер ретінде (гүлдерінің әдемілігі мен мәуесінің ашық түсінен) бағалаған немесе дәрі-дәрмек ретінде пайдаланған.

Томат мәуелерінің витаминдерге (С витамині лимон мен апельсиндегімен бірдей деуге болады) байлығымен ерекше бағалы. Оның үстіне томатта В1, В2, РР витаминдері, темір, фосфор тұздары бар, әсіресе калий көп. Қант 1,6%-6,4% дейін, органикалық қышқылдардан – лимон қышқылы (0,3-1,7%), сүт және алма қышқылдары бар, ал қымыздық қышқылы картоптегіден, қызылшадағыдан, капустадағыдан аз. Органикалық қышқылдардың болуы арқасында қанның сілтілік резерві көбейеді. Томат мәуесінде калий тұзы мен биязы клетчатка көп болғандықтан, оны жұрттың бәріне, әсіресе зат алмасудың бұзылуына байланысты жүрек-тамыр жүйесі ауруларына шалдыққандарға ем ретінде ұсынады.

Витаминдердің көптігіне байланысты томатты бағалы диетикалық азық қатарына жатқызуға болады. Томат шырыны өте пайдалы – 1 стакан шырын А және С витаминдеріне деген тәуліктік қажеттіліктің жартысын қамтамасыз етеді. Жас томат шырынында ішектегі ашу, шіріту процестерін басатын күшті фитонцидтер сақталады, шырын асқазан сөлінің секрециясына әсер етеді, жүрек қызметін жақсартады, әсіресе, арықтау қажет болған кезде, қоспа шырындары: алма, асқабақ, лимон (арақатысы 2:4:2) шырындарына араластырып ішеді.

Томат өз елінде – көп жылдық мәңгі жасыл өсімдік, әрбір жапырақтың қойнында сабақ-бұтақшалар қалыптасады, олар ылғалды топыраққа тисе болды, тамырланып, қалың көп сабақты бұта түзейді. Егілгенде бір жылдық дақыл ретінде өсіріледі. Сабақтары тоқтаусыз жоғары ұзара өседі.

Томат температураны өте қатты таңдайды. Температура 150С-ден төмен болса, өсімдік гүлдемейді, ал температура 80С-ден төмен болса, өсуін тоқтатады. Томат әсіресе, топырақтың ылғалдылығын өте қажет етеді, өйткені қуатты тамып және жер үстіндегі жүйелері мен көптеген мәуелерін тез қалыптайды. Жерде ылғал аз болса, тоиат өсуін тоқтатып, гүл шанақтары мен мәуесін тастайды. Ал мәуелері пісіп келе жатқан кезде топырақтың ылғалдылығы тез өзгерсе, онда олар жарыла бастайды. Ауаның ең қолайлы ылғалдылығы 45-65%. Ылғалдылық тым жоғары болса, гүлдер нашар тозаңдайды, жапырақтар құба дақты, бактериялық дақты және басқа да ауруларға, ал мәуелері фитофтораға шалдығады. Ауа ылғалдығының тез өзгеріп тұруы мәуелер төбесінің шіруін күшейтеді.

Томат күн сәулесінің күшті болуын қажет етеді, томат үшін ең қолайлы жер – жеңіл, жақсы жылынған және шіріндіге бай қаратопырақ. Томат өсімдігі топырақтан көптеген қоректі элементтерді сіңіреді. Ең алдымен калийді, содан соң азотты қабылдайды.

Көшетті отырғызар алдында 0,5-1% бордос ерітіндісімен бүркиді, сонда ашық жерде өсімдіктің жапырақтар мен мәуелер ауруларына төзімділігі күшейеді.

Томатты бұрын капуста, қияр және бақша өсімдіктері, пияз егілген жерлерге еккен жақсы. Томатты бұрыш, баклажан, темекі, картоп еккен жерге егуге болмайды, өйткені оларда, томат сияқты алқа тұқымдас өсімдіктерге жатады, солардың ауруларына, солардың зиянкестері арқылы ауруларға шалдығады.

Солтүстікте олар қышқылдау, оңтүстікте тәттілеу болып келеді. Томатты гүлдеп тұрған кезде 20 мг 1 литрге қойылтылған янтарь қышқылымен бүрку оның бойындағы құрғақ заттар мен қантты көбейтеді.

Көк, әлі пісіп жетпеген томат мәуесінде улы алколоид соланин болады, бірақ мәуелер пісіп жетілген кезде олар түгелге дерлік жойылып кетеді.

Томаттың сорттары өте көп, олар ерте (көктеуден өнім жинауға дейін 95-120 тәулік), орта мерзімде пісетіндер (110-130 тәулік) және кеш пісетіндер (120-150 тәулік) болып бөлінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет