Жұмысты орындау. Көзі 1 мм електен өткізілген құрғақ топырақтан 5 г өлшеп алып, оны көлемі 200 мл колбаға салып үстіне бір проценттік 100 мл көмір қышқыл аммоний ерітіндісін қосады. Ерітіндіні 5 минуттай араластырып 20-25 сағаттай тұндырады. Кейін тағы да 5 минуттай араластырып, қатпарлы-сүзгіден өткізіп колориметрлейді. Ол үшін көлемі 50 мл колбаға мөлдір сүзіндіні ауыстарып үстіне 2 мл молибден реактивін және белгісіне жақындағанша дистилденген су қосады. Осы жұмыспен қатар үлгі ерітінді әзірлейді. Үлгі ерітіндінің 2-3 тамшы бета-динитрофенол және ерітінді солғын сары түске боялғанша бір проценттік күкірт қышқылын қосады. Кейін ерітіндіге 2 мл молибден реактивін қосып. Үстіне колбаның белгісіне жақындағанша дистилденген су қосады. Соңында зерттелетін және үлгі ерітінділерге 0,5 мл хлорлы қалайы ерітіндісін қосып, үстіне белгісіне жеткенше дистилденген су құйып, араластырып аузын тығындайды. Егер сығындыда фосфатар жеткілікті болса ерітінділерді салыстырады
100г топырақтағы P2O5 мөлшерін мына формула бойынша есептейді.
Мұндағы
а-1 мл үлгі ерітіндідегі P2O5 мөлшері(мг)
б-колориметрлеу үшін 50 мл колбаға алынған үлгі ерітіндінің көлемі (мл)
К-колориметрдегі алынған үлгі ерітіндінің деңгейі (мм)
л-колоримердегі зертелетін ерітіндінің деңгейі (мм)
н-анализге алынған ерітінді көлеміне сай келетін абсолютті құрғақ топырақтың салмағы (г).