Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті «Өсімдік өмірінде химия»



бет39/40
Дата30.12.2021
өлшемі347,67 Kb.
#106968
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
Өсімдік өмірінде химия

Қорытынды

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиясында: «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады. Бабаларымыздың игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады». Сондықтан еліміздегі қазіргі бәсекеге қабілетті білім беру кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасы бағыттарының бірі - жалпы орта білім берудің жоғарғы деңгейіндегі бағдарлы оқыту жатады.Бәсекеге қабілетті жеке тұлғасын қалыптастыру,оқушыларды химиялық әзірлеудің жоғарғы деңгейіне қол жеткізу үшін химиялық білім беруді дамытуда айқындалған жалпы әлемдік тенденциялардың бірі - бұл химиялық білім берудің мазмұнын экологияландыру, басқа жаратылыстану ғылымдарымен кіріктіру және мектеп аясында алған білімін өмірде қолдана білуге даяр болуы қажет.

Жүргізілген бағдарлама аясында қамтылған және ұсынылған гипотезаны дәлелдеп, төмендегідей қорытындыға алып келеді:

1. Химия курсына өсімдіктер құрамын химиялық тұрғыдан зерттеу біріншіден, оқушылардың химиялық білімдер жүйесін тиімді меңгеруіне алып алып келеді.

2. Теориялық білімдер, демонстрациялық тәжірибелер, практикалық және лабораториялық жұмыстары мазмұнды демонстрациялар химия курсы оқу пәні жүйесіне сәйкес құрылуы себепті өсімдіктер құрамындағы химиялық элементтердің биологиялық және физиологиялық маңызын ұғынады және өмірде пайдалана білуге үйренеді..

3. Оқу пәні жүйесіне сәйкес құрастырылған химия курсының бағдарламасы оқушылардың химиялық және медициналық нысандарды жан-жақты қарастыруды химияның бес негізгі блоктары тұрғысынан қарастыра білу қабілеттерінің дамуына, химияны оқытуды түрлі мен қоршаған ортаның проблемаларын, сол құбылыстардың химиялық аспектілерін түсіндіретін заңдылықтарын қарастыру негізінде ынталандыруды күшейтуге бағытталған.

4. Ұсынылып отырған химиялық және медициналық білімдер жүйесін қалыптастырудың әдістемелік моделінің тиімділігі тәжірибе жүзінде дәлелденді. Оны оқу процесінде пайдалану химияны оқыту мотивациясын мазмұнға дәрілік өсімдіктердің биологиялық және химиялық маңызды компонентті енгізген кезде күшейтуге мүмкіндік береді.

5. Эксперименттік жұмыстарды пайдалану бойынша ұсынылған әдістемелік ұсынымдар сабақтың дидактикалық мақсатына байланысты, мұғалім мен оқушылардың іс-әрекет қызметінің сипатына сәйкес оқушылардың жаңа білімдерді қалыптастыру сабақтарында алған өмірде пайдалана білуге және білімдерді өзектендіруге бағытталған.

Қазіргі кезде оқушыларды химиялық әзірлеудің жоғарғы деңгейіне қол жеткізу үшін химиялық білім беруді дамытуда және фармокология, медицина ғылымдарымен байланыста бұл бағдарламаның берері мол. Алған білімдерін салыстыра және саралай отырып өмірде өз кезегінде қолдана білуге үйретеді.

Ұ с ы н ы л а т ы н    ә д е б и е т т е р:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет