Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті «Өсімдік өмірінде химия»



бет38/40
Дата30.12.2021
өлшемі347,67 Kb.
#106968
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
Өсімдік өмірінде химия

Сарамандық жұмыс №4

Тақырыбы:

«Топырақта өсімдік организмін қанағаттандыратын минералдық заттар»

Мақсаты: Топырақ құрамындағы минералды заттарды анықтау және анализ жасау арқылы топырақ құрамын зерттеу.

Жұмыс барысы:Топырақты анализге әзірлеу. 1-4

Анализ үшін құрғақ топырақтан 10-30 грамнан (саз топырақтан 10-15 г, құмайт топырақтан 20-30 г ) екі өлшемдік алып, бірінен жеке бөлшектерді, екіншісінен жұмыс кезіндегі шығынды анықтайды. Карбонатсыз топырақтағы Ca , Mg иондарын кетіру үшін өлшемдіктің әр қайсысы жеке-жеке фарфор табақшаға салып, үстіне 0,05 н. Тұз қышқыл ерітіндісін қосып, бір сағат бойы шыны таяқшамен араластырып, сүзгіден өткізеді. Сүзіндінің бірі кептіріліп құрғатылуы керек. Кейін сүзіндіде Са иондары байқалмайынша 0,05 н. Тұз қышқылы ерітіндісімен шаяды. Са иондары шайылғаннан кейін тұз қыщқылының артық мөлшерін кетіру үшін 100 мл дистилденген сумен шаяды. Карбонаты топырақтардың өлшемдігінің әрқайсысына 200 мл 0,2 н тұз қышқылын қосып карбонатты бұзу қажет. Ол үшін қышқылдың 1/3 бөлігін өлшемдікке қосып, бір сағат ішінде 5-6 рет қозғап араластырып, тұндырады. Кейін тұнбаны сүзгіге ауыстырады. Сүзгіштегі тұрбаның бірі кептіріліп құрғатылуы керек. Өлшемдікті екіншісіне тұз қышқылының екінші бөлігін қосып араластырып, тұндырып сүзгіге ауыстырады, бұдан кейін тағы да қышқылдың үшінші бөлігін қосып араластырып, тұндырып, сүзгіге ауыстырады. Кейінсүзіндіні Са иондары байқалмағанға дейін 0,05 н. тұз қышқыл ерітіндісімен шаяды. Ал өлшемдіктегі қышқылдың артық мөлшерін кетіру үшін 100 мл дистилденген сумен шаяды. Одан әрі сүшгіштегі өлшемдіктің бірін салмағы өлшенген кептіргіш ыдысқа салып, 105 градус температурада (тұрақты салмаққа келгенше) ысытады. Өлшемдікті тұз қышқылымен өңдегенде, онда еріген заттың мөлшерін өлшемдіктің бастапқы салмағын тұз қышқылымен өңдегеннен кейінгі салмағын шегеріп табады.

Құрғақ топырақты өңдегендегі шығынның проценттік шамасын мына формула бойынша табады.

а- граммен алынған анализ кезіндегі щығын;

с- анализге алынған топырақ өлшемділігі

К- құрғақ топыраққа алынған түзету коэффциенті.

Құрғатылмаған сүзгідегі екінші топырақ өлшемдігін жуғыш көмегімен көлемі 750 миллиметрлік колбаға түсіріп, денгейін 250 миллиметрлік белгіге жеткенше үстіне дистилденген су жане 0,5-6 мл, 1 н. күйдіргіш натр ерітіндісін (мысалы, қара топырыққа 5-6 мл, қоныр топыраққа 2 мл, қызыл топыраққа 2 мл, сор, сортаң топыраққа – 2,5 мл ) қосады. Әзірленген суспензияны шыны түтік орнатылған резинка тығынмен жауып, бір сағат бойы қайнатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет