Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы дәріханалық іс.
Мақсаты: XІX –XX ғғ. арасындағы Ресейде және Қазақстанда дәріханалық істің даму жолдарымен таныстыру. Кеңес одағы территориясында дәрі-дәрмектік көмектің өркендеуін көрсету.
Дәріс
Төңкеріске дейін дәріханалардың саны Ресей жерінде жеткіліксіз еді. Негізінен олар қала орталықтарында болды. Сондықтан село түрғындарына дәрі-дәрмек жетікіліксіз болды. Мұны мына мәліметтер толық айғақтай түседі. 1913 жылы Ресей территориясында 4900 дәріхана болды, ал қалаларда бір дәріханаға 10800 тұрғыннан келді. Орта Азияда бір дәріхана 436400 тұрғынға қызмет етті. Ал Қазақстанда 20 дәріхана, Тәжікстанда 15, Арменияда 7, Қырғыстанда 3 болса, Түркіместан территориясында бірде-бір дәріхана болған жоқ.
Ресей жеріндегі 200 дәріхана негізінен төңкеріс қарсаңында жергілікті уездік басшылықтың қолында болды. Олардың саны көп болғанымен нашар жабдықталған еді. Соған байланысты тұрғындар дәріханамен өздері тұрған жерде қамтамасыз етілмеді.
Жеке дәріханалар үлкен болмады. Олар жылына орта есеппен 500-ден 10-мың дәріге дейін шығарып тұрды. Ал Ресейдегі барлық дәріханалар жылына 32 миллион дәрі шығарды. Дәріхананың жалпы құрылымына басты назар аударылмады. Тек алғашқы бөлмелер ғана сатып алушылардың талабына сай жабдықталды. Қалған қызмет етуші орындар тар, әрі санитарлық жағынан сәйкес емес жерлерде орналасты.
Дәріхана иеленушілер қызметкерлерінің жалпы жақсы жұмыс істеуіне жағдай туғыза алмады. Дәріханалардағы қызметкерлер тікесінен тік тұрып күніне 12-14 сағат жүмыс істеді.
Еңбек етудің ауырлығы және тұрмыстың төмендегі дәріхана шаруашылығы адамдары мен фармацевт қызметкерлерінің арасында дау туғызып отырды. Фармацевт қызметкеркерлерінің көтерліс толқыны 1905-1907 жылдары Петербург, Мәскеу, Киев, Харьков, Одесса қалаларын шарпыды. Бірақ бұл сала жеке адамдардың қолында болғандықтан түбірлі өзгерістер болмады және күрделі нәтиже ауызға алуға болмайтын еді. 1914 жылы Ресей жеріндегі дәріханаларда 10932 фармацевт және 4590 дәріхана шәкірттері жүмыс істеді.
ХІХ ғасырдың ортасында синтетикалық химия өндірісі өрлеп дами бастады. Батыс Европа және Ресей жерінде дәрі-дәрмек және әр түрлі химия салалары көрініс тапты. Химия фармацевтикалық өндіріс қысқа уақыт ішінде өрлеп, халыққа пайдасын тигізе бастады. Ал Ресейде бұл кезеңде аталған сала баяу дамыды. Дәрі-дәрмектің үштен екісі алколойдтен алынды, 100% Ресейге шетелден әкелінді. Ресейден шикізат алған Германия мемлекетті дәрілерді өндеп оған қайта жіберіп тұрды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған уақытта патша үкіметі армрианы дәрі-дәрмектермен жеткілікті түрде қамтамасыз ете алмады. Ел дәрі-дәрмекке мұқтаждықты басынан өткізді. Фармацевтика өндірісі Германиямен тығыз байланысты болғандықтан қиыншылықтарды басынан өткерді. Сондықтан тыл мен соғыс кезеңіндегі жағдай дәрінің жоқтығыннан ауыр жағдайды басынан кешіреді
Фармацевтердің бүкіл Ресейлік 1 съезі 1917 жылдың 25-28 тамызында Петроград қаласында болып өтті. Оған қатысушылар Ресейдегі жеке иеліктердегі дәріханалардың өз міндеттерін атқара алмай отырғаны, халық денсаулығының әлі де жэқсармай жатқаны туралы атап өтті.
XIXғасырдың 90-жылының бас кезінде 2 385 362 жаны бар, бүкіл Қазақстан территориясында 33 дәрігер, 69 фелъдшер, 27 кіндік шеше және 3 фармацевт болды.
XVIII ғасырдан бастап патшалық Ресей Орта Азияға экономика жағынан да, саясат жағынан да белсене ықпал жасай бастады.
Мұның өзі Англиямен айтарлықтай бақталастық жағдайында басталып кетті. Өйткені, Англия XVIII ғасырда Үндістанды басып алып, енді өзінің келешектегі отары ретінде Орта Азияға сөз сала бастап еді.
Ресейге бірінші болып 1731 жылы Кіші жүз қосылды, 1740 жылы Орта жүз қосылды, ал Ұлы жүз Ресей қүрамына кейінірек, 1846 жылы қосылды.
Қазақстанның Ресейге қосылуы экономикалық маңызды факторлармен байланысты болды. Мұның қазақ халқының тағдыры үшін прогрессивтік мәні болды да, оның тарихындағы өзгерісті кезең болып шықты.
Патша үкіметінің помещиктер мен капиталистердің реакицялық отаршылық саясатына қарамастан Қазақстанның Ресейге қосылуын оның өндіргіш күштерін өркендетуге себепші болып экономикада прогрессивтік алға басуға әкеп жеткізді
XIX ғасырдың 50-ші жылына дейін бүкіл Қазақстан территориясында еркін сауда жасайтын бір де — бір дәріхана болмады. Осы уақытта — дәріхана санының жеткіліксіздігінен халықты дәрімен қамтамасыз ету ісінің өте қанағаттанғысыз кезінде — орталық Ресейде жеке меншік дәріханалар болғанын айтпай кетуге болмайды. Мұндай дәріханалар саны 1828 жылы - 423, 1838 жылы - 572, 1984 жылы - 689, 1864 жылы 962 болған.
Халықтың ақшасына дәрі сататын тұңғыш дәріхана Орал қаласында 1842 жылы ашылды. Қазақсатндағы осы жалғыз дәріхана көп жылға дейін істеп келді.
ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстан қалаларының бәрінде дерлік жеке меншік дәріханалар болды. Бірақ дәрі сату бүрынғысынша мандымай қала берді. Мысалы, 1910 жылы Верный қаласында жылына бір адамға 0,7 рецептен, Семей қаласында - 0,36-дан ал Лепсі қаласында 0,08 рецептен келді.
Ресей Қазан төңкерісінің жеңіп шығуы елімізде халыққа дәрілік көмек көрсету ісіне түбірлі өзгерістен енгізді, Кеңес мемлекеті өмір сүре бастаған алғашқы күндерден бастап, кезек күттірмейтін басқа міндеттермен қатар, еңбекшілер бүқарасының денсаулығын сақтау мәселесі де шешілді.
Елімізде медициналық және санитарлық істерді біріктіру мақсатымен РСФСР-дің Денсаулық сақтау Халық Комиссариатын қүру жөніндегі декретке В.И. Ленин 1918 жылы 1 шілдеде қол қойды. Сөйтіп бүл дата — кеңес медицинасының мелмекеттік бірыңғай үйым болып қалыптасуының тарихи датасы болып табылады.
Денсаулық сақтау Халық Комиссариатына еліміздегі барлық медициналық - санитарлық мекемелерге басшылық ету, барлық медицина мекемелерін біріктіріп, олардың жүмысын бақылап отыру тапсырлды. Жас Кеңес мемлекеті азамат соғысы, блокадалар мен соғыс интервенциясына кезіккен ауыр сын дәуірінде жаңа ғана аяқтана бастаған Кеңес денсаулық сақтау мекемесі алдына бәрінен бұрын негізгі екі міндеті азамат соғысының барлық майдандарында Қызыл Армияға медициналық көмек көрсету мен эпидемияға қарсы күресу міндеті қойылды.
1919 жылғы 12 қыркүйекте Революциялық Комитет денсаулық сақтау бөлімін (кирздротдел) құрды, оның міндетій өлкенің халқына медициналық қызмет көрсету ісін ұйымдастыру болды.
Қазақстанда дәріханаларды национализациялау, Орал қаласын қоспағанда, Қырғыз Денсаулық сақтау бөлімі қүрылған соң, 1919 жылдың аяғында басталып, жылдан аса уақытқа созылды.
Қазақстанда дәріханаларды национализациялау ісі декрет шыққанан кейін 1,5-2 жыл өткізіп барып жүргізілуіне байланысты, дәріхана иелері медикаменттердің негізгі қорын құртып, мүліктерін талан-таражға салып үлгерді. Сөйтіп денсаулық сақтау белімі жанынан ұйымдасқан фармацевтика бөлімшесіне өз жұмысын осындай қиын жағдайда бастауға тура келді. Емдеу мекемелерімен халықты қамтамасыз ету үшін ең алдымен медикаменттің шағын қорын жасап алу қажет болды.
Еліміздегі дәріхана ісіне басшылық жасау үшін РСФСР Денсаулық сақтау Халық Комиссариаты жанынан 1918 жылы фармацевтика бөлімі қүрылды. Осындай бөлімдер жер-жерде түгел қүрылуы қажет болды. Алайда Қазақсатнда 1921 жылдың ортасында дейін фармацевтика ісіне басшылық жасайтын ұйым болмай келді. Халыққа дәрі көмегін ұйымдастыру, медикаментпен жабдықтау мәселелері әр губернияда әр түрлі шешіліп жатты.
Кеңес медицинасының бүқаралық сипатына сүйене отырып, құрылтай медициналық тегін көмекпен бірінші кезекте мемлекеттік кәсіпорындардың жұмысшылары қамтамасыз етілетін болсын деп шешті. Сол сияқты медициналық тегін көмек село халқына да кәрсетілген болды.
Осы құрылтайда фармацевтика бөлімінің меңгерушісі Я.К. Пикманның жасаған баяндамасы бойынша Қазақстан дәріханалары жүйесінде экономикалық жаңа саясатты қолдану туралы қаулы алынды. Негізгі принцип медициналық көмекті тегін көрсету болды. Дәрімен көмектесуді әрі арзандатып, әрі жақсарту мақсатымен дәріхана жүйесі шаруашылық есепке көшірілді, ал емдеу жүйесі медикаментті мемлекет есебінен тегін алып түратын, жеке дәрігерлердің жазып беретін рецептері бойынша берілетін дәрілерге дәріханалар елден ақы алатын болды. өмірін қауіпсіздендірген адамдарға кәсіпорындар мен денсаулық сақтау органдары есебінен дәрі тегін берілді. Гигеналық және науқасты күтуге қолданылатын заттар түгедей ақшаға сатылды. Республиканың дәріхана жүйесінің жұмысына басшылықты мақсатымен, КАССР Денсаулық сақтау Комиссариаты Коллегиясының қаулысы бойынша Қазақ мемлекеттік медицина сауда басқармасы 1927 жылы қараша айында республика астанасы Қызылордаға көшіріліп, осы жерде ол 1928 жылы Қазақ дәріхана Басқармасы болып қайта құрылды. Республиканың дәріхана жүйесінде (Орал губерниясын қоспағанда ) шаруашылық есеппен істейтін 63 дәріхана 10 дәріхана магазині болды.
Қазақ дәріхана басқармасының бірінші төрағасы болып дәрігер Шомбалов Мәжит Мүхамедғалиұлы тағайындалды.
Қазақ дәріхана Басқармасының қүрылуымен Қазақстанда дәріхана жұмысы өркендеуінің жаңа кезеңі басталады. Қазақ дәріхана Басқармасы өзінің өмір сүре бастаған алғашқы күнінен бастап селолық дәріханалар ашу, фармацевтикалық кадрлар даярлау, медикаментпен жабдықтау жүйесін тәртіпке келтіріп, бірыңғай баға таксасын (дәрі нарқын) жасау жұмыстарына кірісті.Қазақстанда фармацевтикалық оқу орны болған жоқ, сондықтан оқуға тілек білдірген жастар Ташкенттегі техникумге жіберілді. Қазақ Мемлекеттік медицина Сауда басқармасы, одан кейін Қазақ дәріхана басқармасы оқушыларға стипендия төлеу үшін қаржы бөліп отырды.
1932 жылы Қарағандыда бірінші дәріхана ашылып, 1934 жылы олардың саны 4-ке жетті. Дәріханалар Балқаш, Риддер және басқа өнеркәсіп орындарындағы жұмысшыларға дәрі- дәрмекпен қызмет көрсету ісі Қазақ Дәріхана басқармасының ерекше бақылауында болды, өнеркәсіп орталықтарын дәрі- дәрмекпен бірінші кезекте жабдықтау тәртібі қолданылды.
Достарыңызбен бөлісу: |