Сабақтың тақырыбы: Дәрілік өсімдіктер құрамында болатын биологиялық әсерлі заттар.
Жоспары:
1.Алкалоидтар.
2.Гликозидтер.
3.Эфир майлары.
4.Витаминдер.
Сабақтың мақсаты: Дәрілік өсімдіктер құрамында болатын биологиялық әсерлі заттар мен таныстыру.
Дәрілік өсімдіктер құрамында көптеген биологиялық әсерлі заттар болады. Осы өсімдіктерді емдік мақсатта пайдаланғанда сол заттар адам организміне еніп, әртүрлі физиологиялық өзгерістер туғызады. өсімдіктердің дәрілік қасиеті осы биологиялық әсерлі заттардың түрлері мен мөлшеріне байланысты. Дәрілік өсімдіктер құрамындағы биологиялық әсерлі заттардың тобына алкалоиттер, гликозидтер, эфир майлары, сапониндер, илік заттар, витаминдер, органикалық қышқылдар тағы басқа да көптеген заттар кіреді.
Алкалоидтар – табиғаттағы күрделі азотты заттар. Бұлар өсімдіктерде тұздар немесе олардың негізгі түрінде болады. Бұл заттың аты араб сөзі “алкали” - сілті және грек сөзі “ейдос” – сияқты деген екі сөзден тұрады. Бірінші рет алкалоид көкнәрден алынып, гректің ұйқы құдайы Морфейдің құрметіне морфи деп аталған. Содан кейін әртүрлі өсімдіктерден стрехнин, бруцин, никотин, атропин, хинин сияқты өте әсерлі алкалоидтар алына бастаған. Алколоидтардың фармакологиялық касиеттері алуан түрлі және әсерлі. Сондықтан болу керек, алколоидты препараттар мен емдеу көбіне нәтижелі аяқталды. Елімізде өсетін көптеген өсімдіктерден алынатын алколоид мөлшері өсімдіктер өсетін жердің табиғат жағдайына, оларды жинау мен кептіру мерзіміне байланысты. өсімдіктердегі алкалоидтар мөлшері 2-3 проценттен болады. Алкалоидтардың әсіресе, орталық нерв жүйесіне тигізетін физиологиялық әсері өте күшті. Оларды жоғары мөлшерде қолданғанда улану қаупі туады да, ал аз мөлшерде әсерлі емдік қасиеті болады.
Гликозидтер - молекулалары қанттан (гликон) және қантсыз (агликон), азотсыз заттардан тұратын топтарға жатады. Сақтау кезінде гликозидтер ферменттерінің және сыртқы әсерлерден бұзылысқа түседі. Сондықтан жиналған өсімдікті дереу кептіріп, ал сақталған уақытта дымқылданбағаны жөн. өйткені ферменттер құрғақ өсімдікте өз әсерін жүргізе алмайды. Гликозидтердің бір тобы жүрек ауруларын емдеуге пайдаланылады. Олар өте улы. Дегенмен жүрек ауруларын емдеуге бұл гликозидтердің аз мөлшерінен жасалған препараттар өте пайдалы. Гликозидтердің ащы түрлері асқазанның ас қорыту жұмысын жақсартуға қолданылады. Гликозидтердің бір түрі – сапониндер. Олар өсімдіктердің 70-тен астамтұқымдастарында кездеседі. Көбінесе қалампыр және примула тұқымдастарында сапониндер көп болыды. Бұлар қақырық тұсіруді жеңілдетуге , зәр, өт айдауға қоректік препараттарды дайындауға пайдаланылады. Соңғы жылдары флавоноидты гликозидтер бактерициндік препараттар алуға және радиактивтік заттарды организмнен шығаруға қолданылып жүр.
Достарыңызбен бөлісу: |