Әдебиеттер: Әкім мерейтой иелерін қабылдады: облыс әкімі Нұрғали
Әшімов қос мерейтой иесі Федор Скобычкин мен Қалима
Өтешеваны қабылдады // Орал өңірі.-2007.-20 ақпан. Ғабдірешұлы Т. Соңғы сапарға шығарып салды: ауыл
шаруашылық саласының маманы Федор Скобычкинді
соңғы сапарға шығарып салды // Орал өңірі.-2013.-5ақпан.-2 б. Федор Федорович Скобычкин: қазанама // Орал өңірі.-2013.-2
ақпан.-7 б. 21 ақпан БӨКЕЕВА ХАДИША
туғанына 100 жыл (1917-2011) Хадиша Бөкеева 1917 жылғы 21 ақпанда Батыс Қазақстан облысының Казталов ауылында дүниеге келді. Әке-шешесінен ерте айрылып, интернатта тәрбиеленді. 1932-1934 жылдары Алматы медициналық институтының даярлық курсындаоқып жүріп, Қазақ радиокомитетінде әнші болды. Табиғи дарыны оны Санкт-Петербургтің театр, музыка және кинематография институтының қазақ студиясына алып келді. Ол атақты актерлер мен режиссерлар В.Мейерхольд, Л.Вивьен, В.Меркурьевтен тәлім-тәрбие алды.
Хадиша Бөкееваның шығармашылық қызметі 1938 жылы Шымкент облыстық қазақ драма театрынан басталды. 1942 жылдан Алматыдағы Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында үздіксіз жұмыс жасады.
Талантты актриса Хадиша Бөкеева драмалық, трагедиялық және комедиялық рөлдерді бірдей шеберлікпен ойнады.
Ол ойнаған У.Шекспирдің «Асауға тұсауында», «Ричард ІІІ-де», «Отеллода» - Катарина, Королева Маргарита, Эмилия, М.Әуезовтің «Қара қыпшақ Қобыландысында» - Қарлыға, «Абайда» - Бастаушы, Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқтысында» - Ақтоқты, Ә.Әбішевтің «Достық пен махаббатында» - Сәуле, А.Островскийдің «Найзағайында» - Катерина, Қ.Мұхамеджанов пен Ш. Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» - Айша апай, Т.Ахтановтың «Сәулесінде» - Сәуле және басқа да көптеген рөлдері орындаушылық өнердің классикалық үлгісіне енді. Әлемдік драматургия классиктері Лопе де Вега, Шиллер, Мольер, Метерлинк шығармаларындағы кейіпкерлерді сомдаған образдары сол кейіпкердің ішкі сезімін терең ашып көрсетуімен және шынайы бейнелеуімен ерекшеленетін еді. Ол көркемсөз оқудың да хас шебері болды.
Хадиша Бөкеева сахнамен қатар педагогикалық қызметті белсенді ұштастыра білді. Бірнеше буын қазақстандық әртістерді тәрбиелеп шығарды.
Хадиша Бөкееваның ұлттық кино өнерінде «Райхан» (1940), «Асау Ертіс жағасында» (1959), «Тұлпардың ізі» (1964) фильмдеріндегі рөлдерін ерекше атап өткен жөн.
Белгілі актрисаның қазақ өнеріне сіңірген еңбегі ескеріліп, ол «Отан», Ленин, «Құрмет белгісі» ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталды. Ал 1952 жылы «Абай» пьесасындағы рөлі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Актриса 2011 жылдың ақпан айында дүниеден озды. Әдебиеттер: Әжібай Қ. Халықтың Хадишасы // Жас Алаш.-2007.-29
наурыз. Байқошқарова Ғ. Ұстаз туралы сөз//Дала мен қала.-2007.-
30 наурыз. Есали А. Актриса // Егемен Қазақстан.-2007.-11 сәуір.-5 б.
Жұмажан Б. Тарлан талант // Ел.-2007.-12 сәуір.
Кажушева Р. Қазақ сахнасының пірі // Жайық үні.-2007.-22
наурыз. Сығай Ә. Хадиша Бөкеева // Мәдениет.-2011.-№8-9.-2-7 б.
«Театр падишасы» көз жұмды // Жайық үні.-2011.-3ақпан.-1-2 б.
Хадиша Бөкеева: қазанама//Егемен Қазақстан.-2011.-2 ақпан
5 наурызБЕКТҰРҒАНОВ ҚАЙЫР
туғанына 80 жыл (1937-2015) Белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қайыр Бектұрғанов (Құрақұлан) 1937 жылы 5 наурызда қазіргі Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында дүниеге келді.
1960 жылы ҚазПИ-дің физика-математика факультетін тәмамдап, ұстаздық жолға түсті. 1963 жылдан зейнетке шыққанға дейін Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтында (қазіргі Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті) жоғары математикадан дәріс беріп, талай шәкіртті тәрбиелеп шығарды.
Ұстаздық етумен бірге көркем шығармалар жазумен айналысқан қаламгердің «Арман» атты әңгімесі 1965 жылдың 19 желтоқсанында Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетінде жарық көрді. Содан бері туындылары республикалық, облыстық мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып келеді. 1976 жылдың қорытындысы бойынша республикалық «Жалын» журналының жабық бәйгесінде балаларға арналған «Ат жалы» повесі үшін жүлдегер атанды. 1978 жылы «Жалын» баспасынан «Бабаназар терегі» атты әңгімелер жинағы, 1980 жылы «Ізгілік жолы», 1984 жылы «Қатерлі қияда» атты повестер кітаптары жарық көрді. 1982 жылы Қазақстан Жазушылар одағына қабылданды.
2007 жылы жазушы Қайыр Құрақұлан (Бектұрғанов) жетпіс жылдығына байланысты «Ат жалы», «Кері толғау» және «Қатқақ» деген атпен үш томдығын әзірлеп шығарды. Соның ішінде «Қатқақ» кітабына кейінгі кезеңде жазылып, басы бірікпеген дүниелер енгізілді. Олардың ішінде әңгіме, новеллаларымен бірге «Уәсила ару мен Жанжігіт» атты пьесасы мен «Қатқақ» романы бар. Үш томдық та қатты мұқабамен, әдемі безендіріліп шыққан болатын. Қаламгер сонымен қатар мемлекеттік тіл, дін және басқа көкейкесті тақырыптарда көлемді мақалалар жазып тұрды. Әдебиеттер: Ғұбайдуллин Б. Мәскеулік аспирантураны ауылға айырбастаған жазушы // Орал өңірі.-2012.-8 қараша.-10-11 б.
Досаев Д. Ұстаз. Жазушы. Азамат// Орал өңірі.-2007.-24 ақпан.-4 б.
Қайыр Бектұрғанов: қазанама//Қазақ әдебиеті.-2015.-8 мамыр.-15 б.
Рухани байлыққа – құрмет, қаламгерге – ізет // Жайық үні.-2009.-23 сәуір.-5 б.
Хасанов Қ. Ауыл исі аңқыған әңгімелер // Орал өңірі.-2012.-13 қыркүйек.-10 б.
Ізбасарұлы С. Қаламгерге құрмет // Орал өңірі.-2012.-15 наурыз.
12 сәуірФОМИН ВИКТОР
туғанына 60 жыл (1957) Өлкетанушы-ұстаз, Қазақстанның білім беру ісінің үздігі, педагогика ғылымының кандидаты, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Фомин Виктор Павлович 1957 жылдың 12 сәуірінде Ресейдің Тамбов облысы, Умет ауданының Сулак ауылында дүниеге келген.
1979 жылы А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының жаратылыстану-география факультетін «химия-биология» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Үлкен Шаған орта мектебінен бастаған. Ол алғашқы жұмыс күнінен бастап-ақ өзінің сауатты және белсенді маман екенін көрсете білді.
Виктор Павлович өзінің алғашқы қадамын Үлкен Шаған орта мектебінде тәрбие ісін ұйымдастырушы болып бастап, соңынан Первосовет орта мектебінің оқу ісі меңгерушілігімен жалғастырды. Мектепте 5 жыл жақсы жағынан көрінген жас ұстазға көп кешікпей Зеленов аудандық Коммунистік партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің инструкторы жұмысы ұсынылады, ал 1984 жылдың күзінде Зеленов аудандық комсомол комитетінің І хатшысы болды.
Алайда қайда, қандай жұмыста жүрсе де оның сүйікті ісі туризм болды. 1986 жылы Виктор Павлович Батыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер туризмі мен экологиялық орталығының директоры қызметіне тағайындалды. Виктор Павлович Фомин басқаратын бұл орталық біраз жетістіктерге қол жеткізіп, орталық республика ішінде ғана емес, сырт мемлекеттерге де танымал болды. 1998 жылы «Жайық-Урал» жастар экологиялық экспедициясы әлемдегі ең үздік он практикалық тәжірибе қатарында болды.
1999 жылы «Золотой компас» атты балалар және жасөспірімдер туризмі Мәскеу Халықаралық Академиясының бас жүлдесін жеңіп алды. Осындай игілікті істерді атқара жүріп Виктор Павлович Фоминнің педагогикалық шеберлігі шыңдалды. Нәтижесінде 1990 жылы «ҚазССР-інің халық ағарту ісінің үздігі» атағы берілді. 1998 жылы ол кандидаттық диссертация қорғап, 1999 жылы Виктор Павлович ММАДЮТиК академигі болды.
Виктор Павлович Фомин үнемі ізденісте жүріп, жұмыстың жаңа түрлері мен әдістерін ұсынады. Оның бастамасымен «Европа-Азия» фестивалі, «Туған жер – Алтын бесік» байқауы, «Хрустальная севрюга» атты туристік-өлкетану және экология қызметімен айналысатын педагог мамандар сайысы т.б. байқаулар ұйымдастырылды. 2005 жылы «Соқпақ-Тропинка» деген бірінші ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал жарық көрді. «Атамекен» мектеп оқушыларының туристік-өлкетану экспедициясы мен ҚР Президентінің «Жасыл ел» бағдарламаларына белсене араласады. «Бивуак» және «Евразия» атты туристік-сауықтыру комплекстерінің құрылуына атсалысты. Ол сондай-ақ «Туристско-краеведческая деятельность как форма экологического воспитания учащихся», «Заповедное Приуралье», «Путеводитель Приуралья» кітаптарының авторы.
Виктор Павлович Фомин – жаңашыл педагог. 2005 жылы педагогиканы дамыту ісіне қосқан үлесі үшін «Ыбырай Алтынсарин» медалімен, туристік-өлкетану ісін дамытуға қосқан үлесі үшін «А.А. Остапец-Свешникова» за особые заслуги в развитии туристко-краеведческой деятельности» медалімен марапатталған. Әдебиеттер: Жолымбетова Ә. Тәрбие – балалар туризмінен бастау алады // Жайық үні.-2010.-28 қазан.-7 б.
Кенжеғалиев Т. Тәрбие кілті – туризм» // Орал өңірі.-2009.-16 сәуір.-17 б.
Кенжеғалиев Т. «Туризмді халықаралық дейгейге көтереміз» // Орал өңірі.-2012.-19 сәуір.-5 б.
Айтыс ақыны Бисенғалиев Сағынтай Орынғалиұлы 1957 жылы 23 сәуірде Орал қаласында дүниеге келген. 1974 жылы Ақжайық ауданындағы Базартөбе орта мектебін бітіріп, әскер қатарынан келген соң ұзақ жыл механизатор болып жұмыс жасады.
Сағынтай Орынғалиұлы бала кезінен бастап өлең жазумен айналысты. Мектептегі қабырға газеттеріне, достық әзіл, жолдастары арасында қағытпа өлеңдер жазумен шұғылданды. Оның өлеңдері аудандық, облыстық газеттерде жарияланып жүр. Бүкілодақтық халық шығармашылығының І-ІІ фестивалінің лауреаты атанды.
Өнер сахнасына 33 жасында шыққан айтыс ақыны. 1990 жылы аудандық ақындар айтысында 2-ші орынды иеленген. 1991 жылы Алматыдағы «Наурыз» айтысына қатысқан. Сағынтай Бисенғалиев аудандық, облыстық, республикалық айтыстарға қатысып жүлдегер атанып жүрді.Айтыстарда өзінің қарсыластарына ұтымды да өткір жауап беріп көш ілгері басым түсіп отырды.
Сағынтай Бисенғалиев тек ақын ғана емес, ол домбырамен ән айтатын қоңыр әдемі дауысы да бар. Сағынтай Бисенғалиев Қазақстан Ақын-жыршылар одағының мүшесі (1991). Ақынның көптеген өлеңдері «Орал өңірі» газеттері мен «Жалын» баспаларынан жиі-жиі жарық көруде.
Сағынтай Орынғалиұлының 2000 жылы «Кешігіп келген көктем» жыр жинағы, 2010 жылы «Жадырап жеткен жаз» өлеңдер жинағы жарық көрді.
Сағынтай Орынғалиұлы 1998 жылдан кітапхана саласында жұмыс жасайды. Ақжайық ауданында шығармашыл оқырмандардың «Муза» отауын ашып, жас дарындардың елге танылуына қызмет етіп жүр. Қазіргі кезде Чапай ауылында тұрады.