Батыс Қазақстан облысы бойынша 2017 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі



бет9/9
Дата11.12.2016
өлшемі3,08 Mb.
#3670
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНА

ашылғанына 150 жыл (1867)
Облыстық аурухана – Орал қаласындағы емдеу мекемесі 1832 жылы 6 төсектік әскери аурухана ретінде ашылды, 1867 жылы төсек саны 40-қа жетті. Аурухана Орал казак-орыс әскері есебінен қаржыландырылды, оның жылдық бюджеті 27-33 мың сом болды, әскерилерді ғана тегін емдеді.

1874 жылы «Міндетті және әскери бағыныштылық туралы» ереженің өзгеруіне байланысты аурухана кеңейіп, төсек саны – 60, 1879 жылы 100-ге жетті. 1920 жылы аурухананың негізінде бірінші кеңестік аурухана ұйымдастырды, онда хирургиялық 40 төсек ашылды. 1927 жылы төсек саны – 190, 11 дәрігер, 1 фармацевт, 35 орта медициналық қызметкер, 60 кіші медициналық қызметкер болды. Бұл кезде кейін республика денсаулық сақтау бірінші халкомы болған М. Шамов, облыста хирургиялық қызметтің негізін салушы, ауруханада 1909-1959 жылдары жұмыс істеген К. Тимофеев көп еңбек сіңірді. Л. Федоров алғашқы травмотолог болды. 1926 жылы М. Скачкова отоларингологиялық кабинетті ұйымдастырды. 1929 жылдан әйелдер босанатын бөлімде М. Гримберг жұмыс істей бастады.

1938 жылы 95 төсектік 2 қабатты хирургиялық корпус салынды. 1941 жылы төсек саны 360-қа жетті. 1953 жылы оған облыстық атқару комитетінің қаулысымен облыстық аурухана мәртебесі беріліп, облыстық бюджетке көшірілді. 1953 жылы психиатриялық бөлім ашылып, оның алғашқы дәрігері И. Гельчинский болды. 1957 жылы Ақтөбе медициналық институтының ашылуына байланысты облыстық аурухана дәрігерлер даярлауға көмектесетін емдеу базасына айналды. Жаңа корпустар пайдалануға берілді.

1969 жылы төсек саны 815-ке жетіп, облыстық аурухана республикадағы ірі емдеу мекемелердің қатарына қосылды. 1972 жылы жаңадан салған ғимаратта кеңес беру емханасы ашылды. Аурухананы республиканың еңбек сіңірген дәрігері С.А. Темкин 20 жылдай басқарды, 1973 жылдан Б.М. Дорохов басшылық етті. Осы жылы 5 қабатты терапевтік корпус іске қосылды. 1983 жылы төсек саны 1045-ке жетіп, аурухананың 40 құрылымдық, 17 стационарлық бөлімшесі болды. 20 мамандырылған орталық жұмыс істеді.

Республикада алғашқылардың бірі болып дистанциялық электрокардиографиялық диагностикалық пульт орнатылды. 1985 жылы облыстық аурухана облыс емдеу мекемелеріне кеңес беру, ұйымдастыру, әдістемелік көрсететін орталыққа айналды. Осы жылдары республикалық байқауда жүлделі орынға ие болды. Жыл сайын мұнда 17 мыңдай ауру емделді. 1993 жылдан денсаулық сақтау ісін реформалауға, жекешелендіруге байланысты төсек саны қысқарғанмен, емдеушілер азайған жоқ. 1998 жылы Үкіметтің қаулысына сәйкес облыстық аурухана мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынға айналды. Оның қызметінің 30 проценті ақылы негізде жүргізіледі, 2000 жылы терапевтік корпусқа күрделі жөндеу жүргізіліп, жаңа жабдықтармен қамтылды. Барокамера, гемодиализ бөлімдері, эндоскопиялық кабинет қалпына келтірілді. Ультрадыбысты диагностика бөліміне қазіргі заманғы жабдық әкелініп, кеңейтілді.

Облыстық аурухананы Қамидолла Мұтиғоллаұлы Ирменов басқарған жылдары мекеме стационар, травмпункт, кеңестік емхана, санитарлық авиациямен толықты. Емханада 27 мамандық бойынша қызмет көрсетіледі. Аурухананың математикалық материалдық-техникалық базасы едәуір жақсарды.

2007 жылы облыстық аурухананың директоры болып жоғары санатты дәрігер Ерлан Виленұлы Тоқсанов тағайындалды. Әрине, бір ғасырдан астам уақытта аурухананың жабдықталуы көз тартарлық өзгеріске ұшырады.

Облыстық аурухана негізінде арнайы бөлімдер ұйымдастырылып, қазіргі таңда: ревматологиялық, пульмонологиялық, гастроэнтерологиялық, эндокринологиялық, нефрологиялық, гематологиялық, тамырлы хирургия, нейрохирургиялық, отоларингологиялық, травматологиялық, жақ-бет хирургиясы, офтальмологиялық, физио бөлімдер жұмыс істеп жатыр.
Әдебиеттер:

  1. Мұқтарова Р. Жаныма арашашы болды: облыстық аурухананың №3 гинекология бөлімі // Орал өңірі.-2007.-12 б.

  2. Нуриев С. Жаңадан орнатылатын томограф: облыстық

ауруханасында магниттік-резонанстық томограф іске қосылды // Президент және Халық.-2007.-7 желтоқсан.

  1. Облыстық аурухана // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2010.-415-416 б.

  2. Саматова Ф. Облыстық клиникалық аурухананың 145 жылдығы // Орал өңірі. - 2012. - 1 наурыз.- 12-13 б.

  3. Хирургиялық бөлімнің жаңа қонысы: облыстық ауруханаға қарасты хирургиялық бөлім жаңа ғимаратқа көшті // Орал өңірі. - 2005. - 30 шілде.

  4. Шапағатты жандарға мың алғыс //Орал өңірі. -2008. –3сәуір.-6 б.

  5. Үздік дәрігерлерге- құрмет: облыстық ауруханада үздік

дәрігерлерді марапаттау шарасы өтті // Орал өңірі.-2008.-5 қаңтар.
МАСИН ТЕМІР

туғанына 110 жыл (1907-1947)
Кеңес Одағының Батыры Темір Масин 1907 жылы қазіргі Бөкей ордасы ауданы Жиекқұм ауылында дүниеге келсе, 1947 жылы Орал қаласында көз жұмды.

Жәңгір хан атындағы тарихи мектепте білім алған Темір Жантекеұлы кейін осындағы педтехникумды бітірді. Сосын мұғалімдік жолын бастаған ол бұл қызметте де белсенділігімен көзге түсіп, соғысқа дейін-ақ мектеп директоры, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі, МТС бастығының саяси жұмыс жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарып үлгереді.

Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен бас­тап-ақ майданға аттанған ол 1941 жыл­дың шілдесінен 1945 жылға дейін қатардағы жауынгерден майорға дейін көтеріліп, әскери жолдан өткен. 51-атқыштар дивизиясы 3-полкінде саяси жетекші болған ол үнемі алдыңғы шепке сұранумен болды. 1942 жылы кіші лейтенанттар курсын бітіргеннен кейін 922-атқыштар полкі­нің (250-атқыштар дивизиясы, 3-ар­мия, 1-Белоруссия майданы) рота командирі болып тағайындалады. Те­мір Масин ұрыс барысында талай рет жүрек жұтқан қолбасшы екенін таныта білді.

1944 жылы маусымның 25-інде екі пулемет станогының расчеті және взвод жауынгерлерімен бірге ол Ве­ликая Ляда-Озерана (Рогачев ауданы, Гомель облысы) жолында немістердің қарсы шабуылына той­тарыс берді. Дегенмен өміріндегі ең басты да шешуші шайқасы 1944 жылы шілденің 1-інде өтіп еді.

Сол күні Могилев-Минск жолын Старомартьянов деревнясы тұсынан  басып алу жөнінде бұйрық беріледі. Капитан Т. Масиннің ротасы өзі жүретін екі зеңбіректің көмегімен немістер орналасқан бекі­ніске тұтқиылдан шабуыл жасап, жолды жаудан тартып алады. Күші басым жау стратегиялық маңызды нысанды қайткенде де қайтарып алу үшін үздіксіз шабуыл жасайды. Бірақ кеңес жауынгерлері бой бермейді. Рота жаудың сегіз қарсы шабуылына төтеп беріп, фашистерді үлкен шығынға ұшыратты: немістің 800 солдаты мен офицері мерт болып, 74 автокөлігі мен 43 мотоцикл істен шығады. Темір Масин басынан қатты жарақат алғанына қарамастан, қосымша күш келгенше ротаны басқарып, саптан кетпейді. Берілген жауынгерлік тапсырманы үлгілі орындағаны үшін Т.Ж. Масинге 1945 жылғы наурыздың 24-інде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Батыл командир Ленин, жа­уын­гер­лік Қызыл Ту, Даңқ ордендері­­мен, медальдармен марапатталған.

1945 жылдың шілдесінде гвар­дия майоры Т. Масин бейбіт еңбекке оралды. Ол Тайпақ аудандық партия комитетінің екінші хатшысы болып сайланды. Өзінің бар күш-жігерін соғыс­тан күйзелген елдің хал-ахуалын жақсар­туға жұмсады. Осылайша өмір жолы жалғаса берер ме еді күтпеген жағдай килікпегенде.

1947 жылдың маусымында даланы алапат өрт шарпыды. Т.Масин барлық күш пен техниканы жұмылдыра отырып, өртпен аянбай күресті. Өрт сөндірілді, алайда Темір Масиннің өзі адамдарды құтқара жүріп, ауыр күйік алды, Дәрігерлердің қаншама күш салғанына қарамастан, 1947 жылғы тамыздың 8-інде қайтыс болды.

Батыр Орал қаласында жерленген, қабірі басына, сондай-ақ Бөкей ордасы ауданы орталығы Сайқын ауылында ескерткіш орнатылған. Қалада оның атында көше, Бөкей ордасы ауданында орта мектеп бар. Ақжайық ауданының Базартөбе ауылында батырдың мүсіні қойылған.
Әдебиеттер:

  1. Ердің Ері еді // Орда жұлдызы.-2014.-20 желтоқсан.-2 б.

  2. Қадырова Г. Батырдың бауыры // Орал өңірі.-2012.-5 сәуір.-10 б.

  3. Қажымова Л. Ерлігі өшпес өр тұлға//Жайық үні.-2013.- 10 қаңтар.-11 б.

  4. Құрақов А. "Балам, мені ұмыттыңдар ма // Орал өңірі.-2012.- 5 сәуір.-10 б.


ЧУМАЕВ ГРИГОРИЙ ИВАНОВИЧ

туғанына 100 жыл (1917-1945)




Кеңес Одағының Батыры Григорий Иванович Чумаев 1917 жылы Батыс Қазақстан облысы, Приурал ауданы, Кирсанов кентінде дүниеге келген.

1942 жылдың желтоқсанында майданға аттанады. Ұрыс жолдарында талай шайқастарға қатыса отырып, Григорий Чумаев өзін тәжірибелі барлаушы ретінде көрсете білді. Бірнеше рет ол жау тылына тасталды, оның бәрінде де ол әскери тапсырманы ойдағыдай орындады.

1945 жылы 4 ақпанда Григорий Чумаев барлаушылар тобымен Одер өзенінің батыс жағалауына өтіп, жаудың техникасы мен адам күшін анықтауға тапсырма алды. Тапсырманы орындау барысында ержүрек жауынгер ауыр жараланды. Осы шайқаста көрсеткен ерекше ерлігі үшін Григорий Чумаевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен 1945 жылдың 10 сәуірінде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданындағы Макарово ауылының бір көшесі Григорий Чумаевтың есімімен аталады. Ленин орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.
Әдебиеттер:

  1. Зеленовтық Кеңес одағының Батырлары: Г.Чумаев туралы // Ауыл тынысы.- 2010.-7 мамыр.-2 б.

  2. Чумаев Григорий Иванович: өмірдерек // Қазақстандық

Кеңес Одағының Батырлары.-Алматы: Өнер, 2010.-258 б.

  1. Чумаев Григорий Иванович: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы: Арыс, 2010.-520 б.

  2. Чумаев Григорий Иванович: өмірдерек // Жеңімпаздар-

Победители.-Орал, 2010.-46 б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет