Батыс Қазақстан облысы бойынша 2017 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі



бет8/9
Дата11.12.2016
өлшемі3,08 Mb.
#3670
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Әдебиеттер:

  1. Ақбай Ж. Ел ағасы рухына тағзым//Орал өңірі.-2015. -1 тамыз.- 8 б.

  2. Ақбай Ж. Халықтың мүддесін ойлаған // Орал өңірі. – 2015. - 2 шілде.- 15 б.

  3. Әжігереева Г. Үш азаматқа құрметті атақ берілді: облыстық мәслихаттың кезекті XVI сессиясы // Орал өңірі. - 2014. - 29 наурыз.- 2 б.

  4. Бисен Жұмағалиев // Орал өңірі. - 2015. - 2 шілде.- 15 б.

  5. Ғайсин К. Асқар таудай ақылшым еді // Орал өңірі. –2015. - 2 шілде.-15 б.

  6. Рахманов Н. Майдангерге құрмет - ерлікке тағзым // Орал өңірі. - 2014. - 30 желтоқсан.- 6 б.

  7. Сапиев Б. Жарқын бейнесі жадымызда // Орал өңірі. –2016. - 25 ақпан.- 8 б.

  8. Хаймулдин Ғ. Асыл аға: естелік // Орал өңірі. - 2015. – 10желтоқсан.- 11 б.


27 желтоқсан ҚАЗИЕВ ЕСЕЛ

туғанына 90 жыл (1927-1985)
Күйші, республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпазы Есел Қазиев 1927 жылдың 27 желтоқсанында Бөкей ордасы ауданында дүниеге келген. Домбыра тартуды бала шағында Сарыкенже Сәрсембиевтен үйренген. Репертуарында 100-ден астам күй болған. Соның ішінде ұмытыла бастаған, сирек кездесетін бірнеше күйді білген. Олардың бірқатары «Асыл мұра» деген кітапшада нотасымен басылып шыққан. «Орыншаның күйі», «Байжұма», «Ортпа», «Науай», «Көбік шашқан», «Мүсірәлі», «Қу жетім», «Құрманғазы», «Бұлбұл», «Итог», «Сарыкөл», «Самар», «Айдау тілемшек», «Салық өлген», т.б. ескі күйлерді жеткізген. Өзі орындаған күйлердің бәрінің шығу тарихын айтып таратқан. Қазақ радиосының Алтын қорына 28 күй жаздырған.

Әдебиеттер:

  1. Қазиев Есел: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2010.-342 б.

  2. Дошманұлы М. Домбырашы Есел туралы бір ауыз сөз // Күй – киелі ғұмыр / Құраст. К.С. Сахарбаева.-Алматы,2010.-16 б.

  3. Құбашев Қ. Нарыннан шыққан Дарын // Күй – киелі ғұмыр/ құраст. К.С. Сахарбаева.-Алматы, 2010.-17-23 б.

  4. Сахарбаева К. Күй егесі Есел // Күй – киелі ғұмыр / құраст. К.С. Сахарбаева.-Алматы, 2010.-15 б.


28 желтоқсан ЖҰМАЛИЕВ ҚАЖЫМ

туғанына 110 жыл (1907-1968)
Еңбек сіңірген ғылым қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, әрі ақын, әрі драматург Қажым Жұмалыұлы Жұмалиев 1907 жылы Орал облысы, Қаратөбе ауданы, Аққозы ауылына қарасты «Жалғыз ағаш» деген жерде дүниеге келген.

Алғашқы сауатын ауылдық мектептен ашқан. Ол 1923 жылы Орынборға келеді. 1925 жылы Орынбордағы «Ересектер мектебін» бітіргеннен кейін Шымкенттің ауыл шаруашылық техникумына түсіп, онда 1929 жылға дейін оқиды. Бірақ ол техникумды бітірмей-ақ 1929 жылы Алматыға келіп, қазіргі Абай атындағы педагогикалық институттың тіл және әдебиет факультетіне оқуға түседі. Оны 1932 жылы ойдағыдай бітіріп шығады.

1932 жылы Қазақтың Халық ағарту министрлігі Қажым Жұмалиевті Орал қаласында жаңадан ашылған педагогикалық институтқа оқытушы етіп жібереді. Қажым Жұмалиев бұл институтта 1932 жылдан 1937 жылға дейін ауыз әдебиетінен, қазақ әдебиетінің тарихы мен әдебиет теориясынан лекциялар оқиды.

Қажым Жұмалиев 1937 жылы Наркомпростың шақыруымен қайтадан Алматыға келіп, Абай атындағы педагогикалық институттың қазақ әдебиеті кафедрасына оқытушы болып орналасады. Сол жылы өзі жұмыс істеп жүрген қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалады. Содан өмірінің соңына дейін үзбестен отыз жыл бойы сол кафедраның меңгерушісі болып істейді.

1941 жылы «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы» деген тақырыпта диссертация қорғап, қазақ әдебиетшілерінен бірінші болып, филология ғылымының кандидаты дәрежесін алады.

1946 жылы СССР Ғылым академиясының шығыстану институтында «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі деген тақырыпта докторлық диссертация қорғап, сол жылы жаңадан ашылған Қазақ ССР Ғылым академиясына корреспондент мүшесі болып сайланады.

Ал 1967 жылдың ақпан айында Қазақ ССР Ғылым академиясының толық мүшесі болып сайланды.

Қажым Жұмалиев 40 жылдардан бастап көбінесе әдебиет ғылымымен айналысады. Оның күрделі әдеби зерттеу еңбегі – «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» (1948) монографиясы, Жұмалиев «Қазақ совет әдебиеті очеркінің» (1949) бас редакторы, «Қазақ әдебиетінің тарихы», 2-томы, 1-кітабының (1960) негізгі авторларының бірі және редакциясын басқарушы болды. Екі томдық «Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелерін көтерген «Стиль - өнер ерекшелігі» (1966) кітабын жазды.

Қажым Жұмалиев республика орта мектептерінің оқушыларына және жоғарғы оқу орындарының филология факультетінің студенттеріне арнап бірнеше оқулықтар шығарды. Осындай еңбектері үшін Ленин, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдарымен наградталды.

Ақ Жайық өңірінен түлеп ұшып әдебиетттің алуан саласында қалам тербеген Қажым Жұмалиев сан қырлы талант иесі еді.

Негізінде Қажым Жұмалиев әдебиетке өлеңмен келген қаламгер. Ал оның әдеби қауым арасында атын шығарған туындысы «Ерғожа мен Егізбай» поэмасы болатын. Осы кездегі оқырман лебізі талантты жастың үмітін орнықтырды. 1938 жылы «Шабуыл» атты өлеңдер жинағы, 1934 жылы «Қанды асу» атты өлеңмен жазылған эпикалық романы жарық көрді. «Достық пен Махамббат» (1957) поэмасы да кезінде жұртшылықтың жылы лебізін алған.
Әдебиеттер:

  1. Аханбайқызы А. Қандай Қажым еді.//Айқын.-2008.–18 қаңтар.- 5 б.

  2. Аханова Ж. Сан қырлы дарын: Қ. Жұмалиевтің туғанына

100 жыл толуына орай // Жайық үні.- 2007.-27 желтоқсан.

  1. Бисенғалиева А. Санадан өшпейтін бейне: белгілі ғалым

Қ. Жұмалиев туралы // Жайық үні. - 2009. - 1 қазан.

  1. Боранқұл А. Зерделі ғалым, ұлағатты ұстаз: академик

Қ.Жұмалиевтің туғанына 100 жыл // Орал өңірі.-2007. - 20 ақпан.

  1. Боранқұл А. Қажым еңбегі қайта жаңғырды // Орал өңірі.-2011.-28 шілде.-10 б.

  2. Тұрысбек Р. Қажым Жұмалиев және әдебиеттану ғылымы: белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз Қ. Жұмалиев // Ақиқат. - 2008 . - №12.- 206-214 б.



БӨКЕЕВ ШӘҢГЕРЕЙ

туғанына 170 жыл (1847-1920)
Ақын Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев 1847 жылы Бөкей орда ауданы, Жасқұс ауылында дүниеге келген. Бес жасында ата-анасы қайтыс болып, жетім қалады. Бірақ ағаларының қамқорлығымен білім алған. Орынбор кадет корпусында, Астрахан гимназиясында оқыған. Орыс тілін үйреніп, әдебиет пен мәдениетке ден қояды.

Сарытау (Саратов) мен Самара аралығындағы ата қонысы - Көлборсыда өмір кешеді. Шәңгерей Бөкеев аңшылық-саятшылықты, табиғат сұлулығын, ән-күйді, көркем сөз өнерін ұнатады, өлеңдер жазады.

1917 жылы Көлборсыдан көшіп, қазіргі Тайпақ ауданына келеді. Шәңгерей Бөкеев шығармалары 1911-1912 жылы “Шайыр”, “Көксілдер”, 1926 жылы “Үш жоқтау” жинақтарында жарық көрген.

1934 жылы жеке жинағы шығады. Одан кейінгі жылдарда шығармалары оқулықтар мен жинақтарда жарияланып отырды. Шәңгерей Бөкеев - Еуропа әдебиетінен сусындап, қазақтың суырып салма поэзиясы дәстүрін жазба әдебиетке ұластырған ақын. Уақыт, заман, өмір, табиғат, ғылым, өнер туралы толғанады. “Өмірдің өтуі”, “Ғылым”, “Эдисон”, т.б. өлеңдері өзгермелі, өтпелі өмірдің заңдылығын ежелгі қазақ поэзиясының ең құнарлы сөздерімен, әсерлі суреттерімен бейнелейді.

Шәңгерей Бөкеев поэзиясында парасатты, ойлы дала қазағының ой-қиялы, ақын өмір сүрген дәуірдің алуан сырлары шебер өрнектелген. Шәңгерей Бөкеев халық өмірімен біте қайнасып, араласып отырған. Ол Ғ. Қарашевті ауыл балаларына оқытушы етіп ұстайды. Оған орыс тілін үйретіп, орыс роман, повестерін мазмұндап береді. Ғұмар оны малшы шаруаларға әңгімелеп отырады. Шәңгерей Бөкеев ел аузындағы әдеби мұраларды жинақтап, оны бастырып шығаруға қамқорлық жасайды. Жазықсыз жапа шеккен бұқара халық өкілдеріне (мысалы, Кубала ақын, т.б.) қол ұшын беріп, қолқабыс жасайды, Оралда “Қазақстан” газетін шығарысуға ат салысады.

Шәңгерей Бөкеев - қазақ поэзиясында өзіндік өрнегі айқын ақын. “Үш ғасыр жырлайды” және “Бес ғасыр жырлайды” топтамаларына өлеңдері енген.

Әдебиеттер:

  1. Бірімжаров Б. Ақындардың сұлтаны//Орал өңірі.-2009.-25 маусым.-15 б.

  2. Жұмағұл С. «Алғыр жүйрік сұлтаным...» // Ана тілі.-2012.-2-15 тамыз.-12 б.

  3. Қансейітова Ж. Шәңгерей Бөкеев лирикасының көркемдік ерекшелігі // Ұлағат.-2008.-№5.-24-27 б.

  4. Мұхтарқұлова А. Шәңгерей Бөкеев туралы зерттеулер // Қазақ тілі мен әдебиеті.-2008.-№8.-100-103 б.

  5. Шәңгерей Бөкеев: өмірдерек // Орал өңірі.-2013.-16 наурыз.-11 б.


Каталог: zkolib -> kaz
kaz -> Бюллетень новых поступлений библиографический указатель, отражающий информацию о текущих поступлениях за 4-ый квартал 2012 года
kaz -> Сы батыс Қазақстан облысы бойынша 2015 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі Знаменательные и памятные даты по Западно-Казахстанской области на 2015 год Орал, 2014
kaz -> Шыңғырлау аудандық окж-нің «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында өткізілген іс-шаралар. «Бір ел – бір кітап»
kaz -> Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық
kaz -> Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
kaz -> Сырым аудандық окж бойынша «Бір ел бір кітап» акциясы аясында жазушы Оралхан Бөкеевтің әңгімелерін насихаттауға арналған «Дарынды талант иесі» «Оралхан Бөкейдің
kaz -> Қуатов Б. Ұмытылмас ұлағатты тұлға
kaz -> Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет