Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы №42 «Ақ ниет» гимназиясының жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Злиха Базарбаевна



Дата25.08.2017
өлшемі129,12 Kb.
#27398
Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы № 42 « Ақ ниет » гимназиясының жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Злиха Базарбаевна

Пәні: әдебиеттік оқу

Тақырыбы :«Сәкен аға» М Сейфуллин

Мақсаты: Жақсы ай мен күндей әлемге бірдей екенін оқушыларға түсіндіру Оқушылардың танымал тұлғалар туралы білімдерін тиянақтау ,сөздік қорлары мен тілдерін жетілдіру. Ойын ашық ,еркін айтуға үйрету, оқу шапшаңдығын жетілдіру

Көрнекілік: слайдтар портрет СТО технологиясы

Күтілетін нәтиже: 1.СТО жобасы бойынша ой еркіндігіне жол беру

2.Тіл байлықтарын молайту,сөйлеу тілдерінің жүйелілігін жетілдіру

3.Бірін – бірі бағалау

Сабақтың барысы


  1. Қызығушылығын ояту

Жақсылық пен жамандық туралы мақалдар айту.

Сендер жақсылықты қалай түсінесіңдер?

-Жақсылардан немесе танымал тұлғалардан кімдерді білеміз?


    • Бүгінде тағы бір жақсы адам туралы білеміз?

    • Ол – Сәкен Сейфуллин

    • М.Сейфуллин туралы мәлімет беру

Үй тапсырмасын тексеру « Әліппенің атасы»

2 Мағынаны тану

-Мынау не?

-Ай мен күн

-Бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар?



    • Жақсы ай мен күндей тарауын өтіп жатырмыз?



    • Жаңа сабақ Сәкен ағаа М . Сейфуллин

    • Жақсы,жайсаңдардан кімдерді білесіңдер?

Қажымұқан Шоқан Әл-Фараби, Тұрар

Қаныш Ыбырай Дина

Абай , Ақан Махамбет

Құрманғазы

Ахмет , Сәкен Әміре

Кітаппен жұмыс



  1. Мәтінді талдау

Түртіп алу стратегиясы бойынша түсінбеген сөздеріңді сызып белгілеп отыруға болады.

Бір – біріңе түсіндіруге болады



  • Кім түсіндіреді?

Іштей оқу , ызыңдап оқу

Не таңқалдырды?

Неге таңқалдың?

-Ұқыптылық

-Жатақ


- Шөп шапқан балалар

- Омардың баладан қорқуы

- Балық аулаған балалар


- Үйде де,көшеде де, далада да таза жүрді ғой

- Қыстауда отырады,жағдайы нашар адамдар

- Ораққа түседі демей жұмсады

- Өйткені ол сауатты жазады деп қорықты

- Суға кетіп қаламыз демей ,батыл болуы




3 Толғаныс

«Синкуин» /5 жолды өлең/

-Кім? -Сәкен

- Қандай? - Ұқыпты, білімді

- Не істеді? – Қорғады, қамқор болды, тыңдады

-Сөйлем - Сәкен халықтың қамын ойлады.

-Мәндес сөз ақын

-Ал, кім өлеңін оқиды?


Сәкен

-Ол туралы не білдік ? мейірімді

Ақын, таза әнші ,әдепті

жазушы ұқыпты

қайраткер сауатты , ата

Бағалау / бағалау критерийі беріледі/

«Автор үстелі» /ортаға бірнеше бала Сәкен болып отырады,қалғандары сұрақ қояды.

Егер сен Сәкеннің орнында болсаң не істер едің?



Үйге тапсырма

Сәкен аға М. Сейфуллин оқуға Сәкенге хат жазу

С. Сейфуллиннің өмірінен реферат жазу

Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!



Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы № 42 « Ақ ниет » гимназиясының жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Злиха Базарбаевна

Пәні: әдебиеттік оқу
Тақырыбы : Райымбек бастауы Ж, Тұрлыбаев

Мақсаты: Мәтінмен танысу арқылы кез – келген қиындықты жеңуге болатындығын ұғыну. Батырлар өмірімен таныстыру. Мәтінді талдауға жаттықтыру. Оқу шапшаңдығын жетілдіруге жұмыстану

Көрнекілік :топтастыру, интерактивті тақта,плакат, синкуин,суреттер ,түртіп алу

Күтілетін нәтиже:Сабақтың барысында өз болжамдарын еркін айта алады.Батырлар туралы білімдерін толықтырады. Шығармашылықпен жұмыстанады.

Сабақтың барысы

Қызығушылығын ояту

Алпамыс Абылай,Қобыланды


Батырлардан кімдерді білесіңдер?

Бөгенбай,Қабанбай ,Рүстем,Наурызбай

Райымбек ,Сырым Махамбет,Исатай

басқарушы қамқоршы төзімді ,ақылды,


Батыр қандай болу керек?

қолбасшы табанды

аңғарымпаз шыдамды

еліне қорған қайсар

өжет ержүрек

Интерактивті тақтадан көріністер көрсету

Үйге берілген шығармашылық тапсырманы сұраймын.

Ерлік,батырлық туралы мақалдарды жатқа сұраймын.

1-қатар-Бөгенбай батыр,

2-қатар- Қабанбай батыр,

3-қатар-Наурызбай батыр сұралды.

Мағынаны ояту

Жаңа сабақ Райымбек бастауы Ж Тұрлыбаев

Автор туралы мәлімет беру

-Балалар,неге мәтін Райымбек толғауы деп аталған?

-Менің ойымша ...................... /бұлақты көрді

-Менің ойымша ........................./суды тапты

-Менің ойымша ............................./құдық қазды.

Оқыған кезде қиын сөздің астын сызыңдар

Сарбаздар –әскер,жауынгер, тарыға –қиналу,ауыр жағдай

-Кім түсіндіреді? ..........

-Райымбек сарбаздары неге тап болды?-Сусыздыққа,шөлге

-Мұндай жағдайда сендер не істер едіңдер?

-Райымбек қандай шешімге келді?

-Шыдау керек,төзу керек.

-Су іздейміз,шегінбейміз

-.Суды табамыз,болмасажер астынан шығарамыз.

-Әрі қарай не болуы мүмкін? -Райымбек ойланады.

-Бір – бірімен ақылдасады.

-Күн жаууын күтеді

-Адам да , ат та шөлдеді./оқушы болжамдары/

-Онда мәтінде қалай екенін оқиық.

Қиын сөз қайсысы?

Сүңгі –найза,ойпаңдау – ылди,ойыс,оқыранып-кісінеді,пысқырды


  • Кім түсіндіреді? Менің ойымша ............ /Өздері түсіндірді/

  • Раймбек Көкойнақты жетектеп қайда бет алды? /болжамдары -Үйіне кетуі мүмкін... Сайға дем алуға. Сулы жерді табуға... су іздеді...

  • Райымбек не істеді?

  • -Менің ойымша Мүмкін демалды,шөп жинады...

  • Әрі қарай не болуы мүмкін?/ Жердің бетінде су жоғын білді..Суды жердің астынан іздеді..

  • Ал, астында су бар жер қандай болатынын білді.

  • Ол үшін шөпті салыстырды...

  • Әрі қарай не болды екен оқиық.

  • Қиын сөздер қадалған-тоқтады,тым балдыр – көкорай , шалғын,көкмайса

  • -Кім түсіндіреді? Бір оқушы түсіндіреді.

  • Райымбек не күтіп келе жатты?

  • Өзен, көл іздеді. Шөбі қалың ,әрі қою жер іздеді.......

  • Ол не ойлады?

  • Сарбаздарына су тауып беруді.

  • Егер су табылмаса не болар еді?

  • Сарбаздарының кетіп қалуы мүмкін...содан қорықты..

  • Елін ойлады, халқын ойлады,сағынды,әке-шешесінің жағдайын ойлады......

  • Қиын сөздер құлаш-өлшем бірлік /м/ -Кім түсіндіреді? /өздерінің ішінен бір бала түсіндіреді/ Егер қиналса мұғалім көмектеседі

  • Райымбек неге қуанып кетті?

  • Іздегені табылды . –Оларға не керек еді ? Су.

  • Әрі қарай не болды деп ойлайсыңдар?



  • Қиын сөздер бастау-бұлақ көзі,судың көзі,су шыққан жер

  • -Кім түсіндіреді?/өз болжамдарын тыңдаймыз/

  • Су шыққан бастау қалай аталды деп ойлайсыздар?

  • Райымбек бастауы деп аталады.

  • Райымбек кімдерге көмектесті деп ойлайсыңдар? /еліне,халқына,сарбаздарына/

Интерактивті тақтамен жұмыс

-Райымбек қандай адам екен? /ақылды,аңғарымпаз,басшы,төзімді, табанды,шыдамды,қамқоршы......



Толғаныс

Синкуин /5 жолды өлең/

-Кім?

-Қандай?


-Не істейді?

- Сөйлем


-Мәндес сөз /жазғандарын оқиды/

Біз не шығардық?

Кім туралы?

Үйге тапсырма

Райымбек бастауы оқу, түсінгенін айту

Мәтін мазмұнына сурет салу

Сабақ аяқталды.

Сау болыңдар !

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы № 42 « Ақ ниет » гимназиясының жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Злиха Базарбаевна

Пәні: дүниетану

Тақырыбы:Өзен және көл

Мақсаты Табиғатты қорғауға ,сүюге үйрету. Оқушылардың танымдық ,құзіреттілігін жетілдіру арқылы шығармашылыққа бағыттау. Өзен ,көлдің адам тіршілігі үшін маңызын түсіндіру. Өзендің пайдасын білуге машықтандыру түсінігін еркін айтуға үйрету

Көрнекілік карта, интерактивті тақта,плакат,слайдтар ,суреттер т б

Сабақтың барысы

Қызығушылығын ояту

Психологиялық тест өткізу

Балық /сурет/– жылы жүзді,өзіне сенімді,жаңашылдар

Алма /сурет/–ұқыпты ,шыдамды,еңбекқор

Жылқы / сурет/– проблемадан шығу жолдарын біледі ,шешеді,көп оқуға білуге құмар жандар

Олай болса , бүгінгі сабақта жаңашыл,еңбекқор,білуге құштарлықтарыңды көрсетеді деп сенемін.



Жаңа тақырып: Өзен және көл

Мағынаны тану

Тобыл Ертіс Есіл Іле Қаратал


Қандай өзендерді білесіңдер?

Сарысу Сырдария

Нұра Жайық Амудария

Мәтінмен жұмыс

1-қатар- өзен : 2- қатар - көл:

3– қатар –көлдердің өзендерге құюы

–Өзен , көлдердің пайдасы , маңызы қандай?

–Өзен , көлдердің түрлерін ата

-Өзен , көл суы қандай болады? / ащы,тұщы/

-Су жолымен жүретін көліктер қандай? /параход,теплоход,кеме,корабль т б /

1.Каспий Арал

Балқаш Байкал


Қандай көлдерді білесіңдер?

Шалқар


Зайсан

Джогг /Азияда/ 253м:

Анхель /Оңтүстік Америкада/ұзындығы-979 м

2 . Виктория / Африкада/ 108м


Сарқырамалар

Гисбах /Европада/ 604 м : Риббон /Солтүстік Америкада/491м:

Сатерланд /Австралияда/579м

3.Атлас;Батыс Қазақстан-Ақжайық өзені; Астана - Есіл өзені; Ертіс өзені –Павлодар; Сырдария- Амудария өзені -Қызылорда



4.Көлдер – Балқаш ,Каспий,Арал, Байкал - Ресейде

Жаңа ақпараттар: Қазақстанда 75 мыңдай өзен ,40 мыңдай көл бар.

  • 5. - Ең терең көл қай көл?

  • Байкал – тереңдігі 1637 м, Ресейде

  • Жоғары көл –Америкада 25 миллион жыл ежелгі көл тұщы, 4 есе терең

6.-Ең ұзын өзендер.

Оңтүстік Америкадағы – Амазонка – ұзындығы 6.750км

Африкада –Ніл Янцзы – Азияда

7.Суы көп өзен

*-Амазонка Әр сағат сайын Атлант мұхитына 770 миллиард литр су құяды.

*-Қытайдағы Хуан ең лай өзен

8.*-Әлемдегі тұщы көлдер

Канада мен АҚШ-тағы Жоғары көл ең үлкені . Канада тұщы сулы жер.

Гурон көлі 5-ші орында.Мичиган көлі 6-шы орында

9.*-Ең үлкен көлдер:

Азияда Каспий. Жоғары Көл Солтүстік Америкада,Арал Азияда

10. * - Ең ұзын көлдер

Каспий-1,201 км,Байкал -636 км,Жоғары-563км

Дидактикалық ойын

1.Әлемнің анасы - ............................./ жер/,атасы- ................./су/,қуаты -..................................../күн/,құдіреті - ......................../ауа/.

2./Бұлақ /көрсең – көзін аш.

/Су / анасы – бұлақ

Көп түкірсе - /көл/

От пен /су/ - тілсіз жау

Өлең шығару немесе 5-жолды тұжырымдама

1.Не? Өзен, 1. көл

2.Қандай? мөлдір,тұнық: 2. таза,үлкен

3.Не істейді? Ағады,тасиды,толқиды:

3. азаяды,толығады,пайдаланады

4 сөзден тұратын сөйлем Өзенмен су көліктері жүреді.

4.Көлдің суы ащы болады.

5. мәндес сөз Су : 5.Өлі табиғат

Толғаныс

1-қатар Венн диаграммасы

2-қатар синквин –көл

3. қатар синквейн -өзен




Өзен

Таудан ағады,

үлкен

Терең,суы көп



,ағады

,тасиды


,пайдалы су,

маңызды,ұзын

,тұзды, табиғат

Сыйы,сұйық

үлкейеді

кішірейеді

толқиды,

,кішірейеді



Ортақ қасиеттері

Су

, ащы,



Тұщы

,су өсімдігі болады

,жануар

,көлік,



Су жолы

Сең болады ұзын,үлкен

Ұзын,тая

Көл

Терең,


бір орында,

өсімдігі өзге

Тұщы,

Үлкен


,ұзын

Бөлек жатады.




Үйге тапсырма

Бағалау /әр топтан топ жетекшісі өз қатарындағы оқушыны бағалайды/

Өздеріңе ұнаған өзен,көлдер туралы деректер жинап, реферат жазу

Кескін картадан өзен,көлдерді тауып, бояу және аттарын жазу

Табиғаттың панасымыз

Түйіп айтар сөзіміз.



Өзен ,көлге қамқор болар,

Сіз бен біздің өзіміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет