Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жалпы білім беретін Бұлдырты орта мектебі Физика және астрономия пәнінен



бет13/35
Дата14.05.2022
өлшемі4,97 Mb.
#143332
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Байланысты:
0003fb31-f50f0eb6

Күтілетін нәтиже:
А.Оқушылар механикалық жұмыс, қуат, энергия формулаларын біледі;
В. ПӘК-ті есептей алады;
С. Пайдалы жұмыс пен толық жұмыстың мағынасын айқындайды .

І-нұсқа
А. Жалпы массасы 50т реактивті ұшақты ұшқыш Жермен салыстырғанда 300м/с жылдамдықпен басқарып келеді. Ұшақтың кинетикалық энергиясы қандай?
В. Ат арбаға 400 Н күш түсіре отырып, 0,8 м/с жылдамдықпен, оны бірқалыпты
тартып келеді. Ат 1 сағатта қандай жұмыс істейді?
С. а) Массасы 100 т ұшақ 200 м/с жылдамдық алып 10 км биіктікке көтерілсе, ұшақтың жермен салыстырғандағы механикалық энергиясы қандай?
б) Қуаты 5 кВт, электр двигателін қозғалыс келтіретін механикалық күрек 144 т
топырақты 10 м биіктікке 2 сағатта көтереді. Қондырғының ПӘК-ін тап.


II- нұсқа
А. Қатаңдығы 104 Н/м серіппе 3 см-ге сығылғанда оның потенциалдық энергиясын тап.
В. Массасы 50 кг бала сатымен 30 м биіктікке 10 минут ішінде көтерілген болса, баланың өндірген қуатын анықта.
С. а) Серіппелі пистолеттің серіппесінің қатаңдығы 400 Н/м.
Оқтың массасы 5 г. Егер серіппе 2 см-ге сығылса, оқ пистолеттен қандай
жылдамдықпен ұшып шығар еді?
б) Кемеде салмағы 20000 Н трап ұзындығы 15 м көлбеу жазықтықпен судан
шығарылып алынды және 4,5 м биіктікке көтеріледі. Трапты тартып алатын
тростың керілу күші 10000Н. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін тап.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет