Жылу берілу түрлері: жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару.
Белгілі заттың масса бірлігінің температурасын 10С-қа өзгертуге қажет жылу
мөлшерін көрсететін физикалық шаманы меншікті жылу сыйымдылық деп
атайды.
; өлшем бірлігі ; өлшем бірлігі
Массасы 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін
физикалық шаманы отынның меншікті жану жылуы деп атайды.
q – отынның меншікті жану жылуы. 1 Дж/кг.
1 кг кристалл затты балқу температурасында сұйыққа айналдыру үшін
жұмсалатын Q жылу мөлшерін осы затттың меншікті балқу жылуы деп атайды
және λ деп белгілейді.
. Өлшем бірлігі Дж/кг.
Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын буды қаныққан бу деп
атайды.
Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болмайтын, яғни қанығуға жетпеген
буды қанықпаған бу деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |