Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жалпы білім беретін
Бұлдырты орта мектебі
«Физика және астрономия пәнінен
7-9-сыныптарға арналған бақылау жұмыстары»
(Әдістемелік нұсқаулық)
Құрастырған: Қансұлтанова Құралай Бузаубаховна.
бірінші біліктілік санатты,
ІІІ деңгейлік курс және PIZA бағдарламасы
бойынша сертификатталған физика пәні мұғалімі.
2015 оқу жылы
Мазмұны:
1.Түсінік хат.
2. Физика пәнінен есептер шығарылуға қойылатын негізгі талаптар.
3. Бағалау параметрлері.
4. Физика пәнінен деңгейлік тапсырмаларды бағалау.
5. Физика және астрономия. 7-сынып.
6. Физика және астрономия. 8-сынып.
7. Физика және астрономия. 9-сынып.
Түсінік хат
Еліміздің білім беру жүйесіне енгізіліп жатқан оқытудың Кембридждік Бағдарламасы сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оұыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып құрады. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние-жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олардың жұмыс жүргізу қажеттілігін ұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілмен меңгеретіндігін жете түсінуі.
Оқушылардың білім нәтижелерін бағалауға байланысты Кембридждік Бағдарлама Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулін ұсынады. Бұл модуль бағалаудың екі түрде қарастырады: сумативті (жиынтық) бағалау және формативті (қалыптастырушы) бағалау. Яғни мұғалімдер оқуды бағалаумен қатар оқытуды бағалауды пайдаланғанда, бағалау оқыдағы аса пайдалы құралға айналады. Сонымен қатар білім беру үрдісінде мұғалімдер мен оқушылар үшін қандай мақсатқа жету керектігін білу маңызды, ол мақсатқа жету критерийлерін түсінуді талап етеді. Оқыту нәтижесін бағалау оқытудың маңызды үрдісіне жатады деген ұғым Бағдарламаның басты идеяларының бірі болып табылады. Бағалаудың түрлері мен әдістерін ұтымды пайдалану мұғалімге оқытуды даралауға, яғни әр оқушының мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескеруге мүмкіндік береді, ал оқушыға өз оқуын қадағалап, кейінгі өміріне қажетті құзыреттіліктерді максималды қалыптастыруға жағдай жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |