Масса-денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдықтарының өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шама. Массасының өлшем бірліктері: килограмм, грамм, миллиграмм т.б. Өлшейтін құрал – таразылар.
Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі массамына тең физикалық шаманы айтады. Зат тығыздығының бірлігі үшін ХБЖ-да кг/м3 алынады.
Күш – денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама. Күш өлшем бірлігі 1 Н.
Гук заңы:Ғ-түсірілген сыртқы күш, ∆ℓ=ℓ-ℓО -дененің созылу немесе сығылу шамасы. -серіппе қатаңдығы. Өлшем бірлігі Н/м. k=F/ℓ.
Ауырлық күші-денелердің Жерге тартылу күші:F=mg.
Үйкеліс күші-бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш:Fүйк=µN
Күшті өлшеу үшін динамометрлер қолданылады.
Тақырыбы:Инерция. Кеңістік және уақыт. Масса және күш. Денелердің өзара әрекеттесуі. Деформация. Гук заңы. Дененің салмағы.
Мақсаты: Оқушылардың тарау бойынша алған білім, білік дағдысын тексеру.