Бағалау параметрі:
А және В деңгейдің тапсырмасын толық орындаған, С деңгейдің тапсырмасын толық орындай алмаған оқушы, тек қана С деңгейді және А деңгейді орындаған жағдайда «4» бағасы қойылады.
А,В,С деңгейлердің тапсырмасын толық орындаған оқушы ғана «5» бағасымен бағаланады.
Физика пәнінен деңгейлік тапсырмаларды бағалау
А деңгей (0-5) ұпай.
Бұл тапсырмалар: жаңа тақырыпта кездескен жаңа ұғымдар, терминдер, т.с.с. түсін өзгертпей естігенін жатқа айтып беруге арналған қарапайым тапсырмалар. Оларға оқушылардың барлығы міндетті түрде жазбаша жауап береді, барлығы 5 ұпай жинап, “3” деген баға алады.
В деңгей (0-5) ұпай.
Бұл тапсырмалар оқушылардың I деңгейден алған білімдеріне негізделіп құралады. Олардың барлығын дұрыс орындай алған бала алғашқы 5 ұпайына тағы 5 ұпай қосып, 10 ұпай жинайды. Ол осы тақырып көлеміндегі толық “4” деген бағаға сәйкес келеді деп қарастырылады.
С деңгей (0-5) ұпай.
Оқушы жаңа тақырып бойынша негізгі ойды қорытып, өз пікірін айта алатындай бір ғана тапсырма болуы тиіс. Дұрыс жауап бере алған оқушы I (0-5), II- деңгейлерден жиған (0-5) ұпайына тағы (0-5) ұпай қосып, 15 ұпай жинайды. Ол дәстүрлі оқытудағы “5” бағасына сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |