Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жалпы білім беретін Бұлдырты орта мектебі Физика және астрономия пәнінен



бет2/35
Дата14.05.2022
өлшемі4,97 Mb.
#143332
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
0003fb31-f50f0eb6

Бағалаудың мақсаты:

  • Оқушылардың оқудағы қиындықтарын анықтау арқылы қолдау көрсету үшін;

  • Оқушылардың назарын оқыту мақсаты мен табысқа жету өлшемдеріне аударту үшін;

  • Мұғалімнің әрекетін әр оқушының дамуын жетілдіруге бағыттау үшін (әрі қарай білімді жетілдіруге шешім қабылдау үшін оқушыны қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету: бар күшін неге жұмсау керек, неге назар аудару керек, нені жақсартып, нені дұрыстауы тиіс, немен әлі жұмыстану керек)

  • Оқушының өзін-өзі бағалауын қалыптастыру үшін;

  • Оқу бағдарламасының мазмұны мен стилін бақылау үшін;

  • Оқу бағдарламасы мен стандарттарға сәйкестігін бақылау үшін жүзеге асырылады.

«Физика» пәнін 7-9-сыныптарда оқытудың мақсаты- функционалдық сауаттылықты дамыту негізінде оқушылардың ғылыми дүниетаным негіздерін, танымдық қызығушылығын, сын тұрғысынан ойлауын, зияткерлік және шығармашылық қабілетін қалыптастыру.
«Физика» пәнін 7-9-сыныптарда оқытқанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасындағы талаптардың ерекшеліктеріне, яғни оқушылардың өздік жұмыстары практикалық және жобалық жұмыстардың орындалуына назар аударылады.
«Физика» пәнін меңгеру сапасын тексеру үшін өтетін бақылау жұмыстары оқу бағдарламасына сәйкес оқу жылы ішінде өтіледі.
Физика пәнінен 7-9 кластарға арналған бақылау жұмыстары оқу бағдарламасына сәйкес жасалынды.
Бақылау жұмыстары деңгейлік тапсырмалардан және бағалау параметрлерінен құралған.
Бақылау жұмыстарына 45 минут беріледі. Бақылау жұмыстары нолдік, тоқсандық, жылдық бақылау жұмыстарын қамтиды.
Бұл әдістемелік нұсқаулық үшінші (базалық) деңгей Бағдарламасының мазмұнына сәйкес физика пәнінен құрастырылған.
Әдістемелік нұсқаулық деңгейлік бағдарлама бойынша курстан өткен мұғалімдерге, жалпы білім беретін орта мектептің физика пәндері мұғалімдеріне арналған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет