Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Хамза Есенжанов атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасы Управление культуры



бет26/86
Дата06.02.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41874
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   86

ТАЙЫР ЖАРОКОВ


туғанына 110 жыл (1908-1965)

Көрнекті қазақ ақыны Тайыр Жароков 1908 жылы 26 қыркүйекте Бөкейорда мекенінде, кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Ауылдағы орыс-қазақ бастауыш мектебінде сауатын ашқан. 1923-1927 жж. Орынборда Қазақтың халық ағарту институтында, 1928-32 жж. КазПИ-де оқып білім алады. Оны тәмәмдаған соң 1931-35жж.Ленинградтағы тарих, философия және әдебиет институтының аспиранты болады. Кейін Тайыр Жароков Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастыру комитетінің хатшысы, Қазақ мемелекеттік баспасының редакторы, “Қазақ әдебиеті” газеті редакторының орынбасары, Жамбылдың әдеби хатшысы қызметін атқарады.


Ұлы Отан соғысы жылдары әскери қызметте болды. 1946 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан мемлекеттік көркем әдебиет баспасында еңбек етті. Жароковтың “ Аэроплан”, “ Жұлдыз жарығы” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылды. 30 жылдарда-ақ құнды шығармалары арқылы қазақ ақындарының алдыңғы легіне қосылды. Осы тұста жемісті еңбегі ретінде “Нефтьстан”, “Мотор жыры” , “ Өмір сөйлейді”, “ Күн тіл қатты”, “ Мұз тұтқыны”, “Тасқын”,” Отан дауысы”, “ Нарын” секілді кітаптарынан байқауға болады. Өмір құбылыстарын көтеріңкі леппен, романтикаға бөлеп, екпінді жырлау, жаңалық атаулыны дер кезінде аңғарып, жырға арқау ету - Жароковқа тән қасиет. Оның ”Мотор жыры”, “Бес жылдықтың балғасы”, “Миллион толқын”, т.б. өлең-поэмалары осындай шеберлікпен жырланған. Отан соғысы жылдарында Отанымыздың ел қорғаған ұл - қыздары жайында “Совет сұңқарлары”, “Зоя туралы жыр” атты кітаптарын жариялады. Соғыстан кейінгі “Жеткіншек”, “Бақыт жырлары”, “Жапанды орман жаңғыртты”, “Костер басында”, “Қырда туған құрыш” , т.б. кітаптарында туған жерді көріктендіру, ел байлығын арттыру, халық игілігі үшін күрескен ерлердің бейбіт еңбегін жырлады. Ш. Руставели, А.С. Пушкин, Т. Шевченко, М. Лермонтов, Н. Некрасов, В. Маяковский, М. Алигер, А. Сурков шығармаларын қазақ тіліне аударды. 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, “ Құрмет белгісі” орденімен марапатталды.

ӘДЕБИЕТТЕР


Жароков Т. Шығармалар жинағы. Т.1. Алматы: Қазмемекөркемәдеббас, 1960.-460 бет


Жароков Т. Таңдамалы шығармалар. Өлеңдер мен шығармалар. Алматы: Жазушы, 1974.
Т.1 . Өлеңдер мен поэмалар.- 376 бет.
Т.2. Өлеңдер мен аударма.- 424 бет.
Т.3. Өлеңдер мен аударма.- 424 бет.
Жароков Т. Костер жыры: Өлеңдер.- Алматы: Жалын, 1984.- 48 бет.
Ақын туралы
Жұмағалиев Б, Асқаралы Тайыр ақын /Б. Жұмағалиев //Орал өңірі.- 2008.-16 қазан.-(№119).
Жұмағалиев Қ, Қайран, Тәкең! /Қ. Жұмағалиев //Егемен қазақстан.- 2009.-14 ақпан.-(№63-64).
Жұмағалиев Қ, Тайырдың ескерткіші осылай орнап еді /Қ. Жұмағалиев //Орал өңірі.- 2009.- 26 ақпан (№22).
Көшенов Ғ, Жетібайдағы жүздесу /Ғ. Көшенов //Орал өңірі.- 2008.- 26 маусым.-(№73).
Көшенов Ғ, Жетібайдың Қанаттыкөгі /Ғ. Көшенов //Ана тілі.- 2008.- 27 қараша.-(№48).
Қажгереева Л, Өз заманының ешкімге ұқсамайтын жыршысы /Л.Қажгереева //Жайық ұстазы.- 2008.-4 маусым (№11).
Мұратұлы С, Тайырдың тойы дүрілдеп өтті /С. Мұратұлы //Орал өңірі.- 2008.- 21 қазан (№121).
Наурзин Ғ, Өз кезеңін жырлап өткен ақын /Ғ. Наурзин //Орал өңірі.- 2008.- 25 қыркүйек (110).
Нәріков А, Өлеңмен өткен өмір /А. Нәріков //Орал өңірі.- 2008.- 25 қыркүйек.-(№110)
Рахымбек С, Тау суындай тасқынды /С. Рахымбек //Алматы ақшамы.- 2008.-20 қыркүйек (№111).
Сәбиева А, Ақындар қос алыпты жырға қосты /А. Сәбиева //Орал өңірі.- 2008.-23 қазан.- 5 б.
Сәрсенбаев Ә, Жолдас, Тайыр Жароков: Өлең /Ә. Сәрсенбаев //Әдебиет айдыны.- 2008.- 28 тамыз (№35).
Сейтақ Ғ, Елім деген ерлердің ескерткіші тұрса, игі /Ғ. Сейтақ //Орал өңірі.- 2008.- 29 мамыр (№61).
Сейітов С, Ақын және уақыт /С. Сейітов //Әдебиет айдыны.- 2008.- 28 тамыз (№35).
Сейітов С, Дәуір деңгейі /С. Сейітов //Орал өңірі.- 1988.- 30 қыркүйек.
Сейітов С, Дәуір деңгейінен /Т.Жароковтың туғанына 80 жыл, творчествосынан //С.Сейітов //Орал өңірі.- 1988.- 30 қыркүйек.
Сейітов С, Талант тағылымы /Ақын Тайыр Жароковтың туғанына 80 жыл //С.Сейітов //Соц. Қазақстан.- 1988.- 25 қазан.
Таубаева А, Тайырдың тұңғышы /А. Таубаева //Жайық ұстазы.- 2008.-10 қыркүйек.-(№18).
Таубаева А, Тайырдың тұңғышы /А. Таубаева //Ана тілі.- 2008.- 27 қараша (№48).
Туған елі қос қыранға тағзым етіп //Орал өңірі.- 2008.- 23 қазан.- 4 б.
Шарабасов С, Өмірді сөйлеткен ақын /Ақын Т.Жароковтың туғанына 90 жыл /С.Шарабасов //Жайык үні.- 1998.- 29 қазан.
Шаштайұлы Ж, Жайықтың бойы ен жазық /Ж. Шаштайұлы //Қазақ әдебиеті.- 2008.-24 қазан (№43).
Шәмшединова Г, Туған жердің Темірқазығы /Г. Шәмшединова //Орал өңірі.- 2008.-14 қазан (№118).



Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет