Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Хамза Есенжанов атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасы Управление культуры



бет33/86
Дата06.02.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41874
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   86
28 желтоқсан.
КҮЙШІ ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ
туғанына 195 жыл (1823-1896)

Қазақтың күйші композиторы, домбырашы, халық музыкасындағы аспаптық музыканың классигі - Құрманғазы Сағырбайұлы 1823 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданындағы Жиделіде туып, Астрахань облысындағы “Шайтани батаға” деген жерде қайтыс болды. Кедей шаруаның баласы. Жасынан ән-күйге әуестігімен көзге түседі. Алғашқы ұстазы хан Базар күйшісі - Ұзақ. Кейіннен Құрманғазы Ұзақпен бірге ел аралап, домбырашылық өнер сайысына түсіп, жұртшылық назарына ілігеді. Бөкей ордасындағы атақты халық күйшілері Байбақты, Байжұма, Баламайса, Соқыр Есжан, Шеркештің күйлерін үйреніп, орындаушылық шеберлігін шыңдайды. Есейе келе домбырашылық – күйшілікті профессионал өнерге айналдырды.


Құрманғазының бүкіл өмірі мен шығармашылығы әлеуметтік әділетсіздік пен қанаушылыққа, озбырлыққа қарсы күрес жолында өтті. Қолында билігі бар атқамінерлердің қудалауы, түрмеге қаматуы Құрманғазыны қажыта алмады. Азатшыл ойдан, күрес-тартыстан бір сәт басын тартпай, домбырасын қару етіп, өнер күшімен қиындықтарға қарсы күресті. Ел аузындағы аңыздарға қарағанда Құрманғазының алғашқы шығармаларының бірі - “ Кішкентай” күйі 19 ғ- дың 30-жылдары шаруалар көтерілісін бастаған Исатайға арналған. “Ақбай”, “Ақсақ киік”, “Көбік шашқан”, “Адай” сияқты күйлерінде нұрлы болашақ, азат өмірді аңсаған халықтың үміті, асыл арманы, яғни өмір тартысы суреттеледі.
Құрманғазының “Сарыарқа” атты туындысында еркіндік іздеген халықтың аяулы арманы, өршіл ойы, жеңілмес образы суреттеледі. Құрманғазы - күйшілік өнердегі жаңашылдығымен халық музыкасына жаңа бағыт тудырып, өзіндік орындаушылық дәстүрін қалыптастырып кеткен 19 ғ-дағы аспаптық музыканың алыбы. 20 ғ-да Құрманғазының кейінгі ұрпаққа қалдырған асыл мұрасы өз бағасын алып, өшпес халық игілігіне айналды. 1936 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде Құрманғазының “Сарыарқа”, “Көбік шашқан” т.б. күйлері орындалып жоғары бағаға ие болды. Қазақстан композиторлары Құрманғазының күйлерін өз операларында, хорларында симфонияларында кеңінен пайдалануда.
Алматы мемлекеттік консерваториясы, республикамыздағы көптеген музыкалық мектептер, орталық көшелер мен елді мекендер Құрманғазының есімімен аталады.
ӘДЕБИЕТТЕР
Абидоллаева М. Ә., Күй атасы - Құрманғазы /М.Ә. Абидоллаева //Ашық сабақ. Факультативті сабақтар.- 2016.- №5-6.- 56 б.
Байғалиева К, Қос күйшіге мүсін орнайды /К. Байғалиева //Жайық үні Жизнь города.- 2016.- 21 сәуір ( №16).- 7 б.
Дүкенбаева Ж, Күй-қазақтың қанаты. Құрманғазы Сағырбайұлы күй өнерінің негізін салушы /Ж. Дүкенбаева //Музыка әлемінде.- 2014.- №1.- 6-8 б.
Кенжалиев И., Құрманғазы (деректі талдау) /И. Кенжалиев //Құрманғазы: Жинақ.- Алматы:"Арыс" баспасы, 2010.- 129- 241 б.
Құрманғазы Сағырбайұлы.//Қазақ өнері: Энциклопедия.- Алматы: Қазақстан даму институты,2002.- 451 б.
Құрманғазы Сағырбайұлы.//Батыс Қазақстан облысы: Энциклопедия.- Алматы: “Арыс” баспасы, 2002.- 372 б.
Мұратова Г., Ұлы күйші - Құрманғазы /Г. Мұратова //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.- 2016.- №3.- 27-29 б.
Мұрынова Б, Құрманғазы Сағырбайұлы: Сабақ /Б. Мұрынова //Мектептегі өнер.- 2013.- №5.- 20-21 б.
Набиоллаұлы Н, Орал - күйдің отаны /Н. Набиоллаұлы //Орал өңірі.- 2013.-16 шілде.-(№88).- 5 б.
Оразханова А., Сәуірбек Бақбергенов. "Құрманғазы" /А. Оразханова //Бастауыш мектепте оқыту.- 2016.- №5.- 10-12 б.
Сманова К., Ұлы күйші Құрманғазы /К. Сманова //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.- 2017.- №6.- 25-28 б.
Сүмесінов М, Ұлы даланың ұлы күйшісі /М. Сүмесінов //Жас қазақ.- 2013.- 7 маусым (№22).- 6 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет