Жоғары дәрежеде дамыған индустриялы-аграрлы ел. Олар өз елін «гексагон» (алтыбұрыш) деп атайды. Бұл ел өзінің ұлттық асханасымен ерекшеленеді. Әр провинцияның өзіндік көз жауын алатын тағамдары бар.
Бірақ барлығы картоптан жасалған бифштексті,сарымсақ сорпасын тамсана жейді.Атаулы тамақ ретінде жұпар иісті шөптермен қуырылған құрбақаның аяқтары таңқалдырады. Ал елдің оңтүстігінде тағамдар зәйтүн қосып әзірленеді. Сірә, бұл елде ірімшікті сүймейтін адам жоқ шығар.
Бұл ел өздерінің ұлттық әдет-дәстүрлерін сақтап қалған.Қазіргі кездің өзінде ортағасырлық киім үлгілері сақталған.Мысалы,сот кезінде заң өкілдері міндетті түрде парик пен мантия киюі қажет болса, ежелгі университеттердің профессорларын қызғылт астарлы қара мантия мен төртбұрышты бас киіммен көруге болады. Ұлттық мерекелер кезінде ер адамдар мен жасөспірімдер дәстүрлі шақпақ өрнекті белдемше(килт),аяғына темір таспалы дөрекі башымақ киеді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Үштік Одақ құрған және 1914 жжылы Шлиффен жоспарын құрып, «Сыра бүлігін» ұйымдастырған, 1918 жылы Компьен орманында тізе бүгіп, 1939 жылы 1 қыркүйекте Екінші дүниежүзілік соғысын ашып, 1941 жылы «Барборосса» жоспары арқылы КСРО-ға тұтқиылдан шабуыл жасаған ел.
Еуропаның батысы мен шығысы тоғысатын орталық бөлігінде орналасқан. Аумағы бойынша Батыс Еуропада бесінші орын алады.
Табиғат ресурстары. Германия әсіресе тас көмір қорымен көзге түседі. Табиғи газдың кен орындары солтүстікте шоғырланған. Ел аумағында калий тұзы мен құрылыс материалдарының мол қоры бар.
Халық саны жөнінен Батыс Еуропада бірінші орын .
Мұнда 80,9 млн халық тұрады.
Халықтың 73 пайызы қалада тұрады.
Өнеркәсібі. Германия –экономикасының қуаттылығы жөнінен дүниежүзіндегі жетекші елдердің бірі. Өнеркәсіп өндірісі жөнінен АҚШ пен Жапониядан кейінгі үшінші орынды алады. Қара металлургия мен машина жасау өнеркәсібі, химия өнеркәсібімен көзге түседі. Жеңіл автомобиль жасаудан Германия дүниежүзінде Жапония, АҚШ-тан кейінгі үшінші орында. Автомобиль зауыттары негізінен Вольфсбург маңына шоғырланған. Бұл қаланы «автомобиль астанасы» деп те атайды.
Ауыл шаруашылығы. 36 млн га жерін ауыл шаруашылығы алып жатыр. Мұнда мал шаруашылығы жетекші орын алады. Ірі қара, шошқа өсіріледі. Өсімдік шаруашылығында басты дақылдар – бидай, қара бидай, арпа мен сұлы, қант қызылшасы.
Сыртқы экономикалық байланыстар. Сыртқы сауда айрықша орынға ие. Ел экспорттан АҚШ -пен қатар алдыңғы орында, ал импорттан АҚШ-тан кейінгі екінші орында.Германияның үлесіне дүниежүзілік экспорттың 10 пайызы, импорттың 9 пайызы тиесілі. Басты сауда әріптестері – Франция мен Жапония, Италия, Ұлыбритания, Бельгия, Нидерланд және АҚШ.
Қазақстан мен Германияның өзара қарым-қатынасы 1992 жылы қаланды. Экономикалық байлаыстарға әсер ететін шешуші фактордың бірі –
Қазақстан жерінде тұратын неміс диаспорасы.
Астанасы - Париж
Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет, жерінің ауданы жағынан Ұлыбританиядан екі есе үлкен.Олар өз елін «гексагон» (алтыбұрыш) деп атайды.Теңіздік шекаралары Жерорта теңізі, Бискай шығанағы және Ла-манш бұғазы арқылы өтеді.
Табиғат ресурстары.Климаты сан алуан, өйткені мәңгі қар басқан Альпі шыңдары, үстірттер, жазықтар бар.Италиямен шекарада Батыс Еуропаның ең биік шыңы –Монблан («Ақ тау») орналасқан, оның биіктігі 4807м-ге жетеді. Пайдалы қазбаларға аса бай емес. Шикізат түрлері (мұнай мен газ, түсті металдар) шеттен әкелінеді.
Халқы.Халқы саны жөнінен XIX ғасырда ең ірі ел болды. Туу деңгейінің төмендеуінен, 30 жылдардағы дағдарыстың, соғыстың салдарынан халық саны біршама азайған. Қазіргі уақытта 64,1 млн адам бар. Ұлттық құрамы 90 пайызы француздар. 78 пайызы қалада тұрады.
Шаруашылығы. Франция-жоғары дәрежеде дамыған индустриялы-аграрлы ел. Салалары-газ және электр энергиясын өндіру, көмір және атом өнеркәсібі, теміржол көлігі. Металлургия, мата өнеркәсібінен жетекші орын алады.Машина жасау мен электр техникасын жасау салалары күшті дамыған
Ауыл шаруашылығы.Экспортқа шығарушы аса ірі ел, ол ауылшаруашылық өнімдерін сыртқа шығарудан АҚШ-тан кейінгі екінші орында.Мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, бидай өндіруден Франция, АҚШ, Қытай, Үндістан, Ресейден кейінгі бесінші орында. Францияның нағыз мақтанышы-жүзімдіктер.
1992 жылы Қазақстан мен Франция достық келісімге қол қойды.
Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корльдігі Еуропаның солтүстік-батысындағы Британ аралдарында орналасқан. Елді осындағы ең үлкен аралдың аты бойынша Ұлыбритания немесе Англия деп атайды.
Шекарасы негізінен теңіздік болып табылады.
Табиғат ресурстары.Елдің оңтүстік бөлігі ойпатты жазық, ал солтүстік –батысы мен батысы таулы аудандарда орналасқан. Елдегі ең биік нүкте-Бен-Невис тауы (1343м). Тұманды ауа – райы жиі байқалады. Қыста Лондон маңында 7-10 күн бойы тұман болуы мүмкін. Тас көмірлі аймақтар, ірі металлургия орталықтары қалыптасқан. Темірдің мол қоры бар.
Халқы. Байырғы халқы британдықтар. 64,5 млн халық тұрады. Бокс, көгалдағы хоккей, футбол, гольф, крекет сияқты спорт түрлерінің отаны. 2012 жылы жазғы олимпиада ойындары
үшінші рет өткізілді.
Шаруашылығы.Қазіргі кезде шаруашылығы жөнінен, ұлттық табысы жөнінен алтыншы орын алады. XX ғасырдың 70- жылдарынан бастап мұнай өнеркәсібі күшті дамыды.Химия өнеркәсібіде жедел дамуда. Жетекші саласының бірі – машина жасау өнеркәсібі. Ұшақтар шығару жөнінен ол тек АҚШ-қа ғана жол береді. Мал шаруашылығында-ірі қара, шошқа, құс өсіріледі.
Сыртқы экономикалық байланыстарының бірі- қаржыны сыртқа шығару. Қаржы мөлшері жөнінен АҚШ-тан кейінгі екінші орында. Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан бері
Ұлыбританиямен
дипломатиялық қарым-қатынаста.
Үш ел туралы мәлімет жазу. Дүниежүзі тарихы сабағынан алған білімдерін саралау
Хронологиялық таблица
1914-1918 жж.
1914 жыл
1916 жыл
1918 жыл
1924жыл
1929-1933жж.
1934 жыл
1939-1945жж.
1919 жыл
18 қаңтар
Сәйкестендіру
Үш топқа үш тапсырма – Германия, Франция, Ұлыбритания елдерінің өз аттарына сай артықшылықтарын немесе ұқсастықтарын айту
«Алты ойланатын қалпақ» әдісі
Ақ қалпақ– таза ой, дұрыс ойлау. Ол тек нақты бар фактілерге, сандарға ғана сүйенеді. Осы режимде біз тек қолымызда бар немесе шешім қабылдауға қажетті ақпаратқа ғана сүйенеміз: тек қана фактілер мен сандар.
Сары қалпақ– бұл «позитивті» Күн. Сары қалпақ болашаққа деген ең оптимистті көзқарасты білдіреді. Ең Жақсысысын, Ең Сәттісін аңғарады. Сары түстен біз жетістіктер мен артықшылықтарды іздеуге тырысамыз.
Жасыл қалпақ .Жасыл қалпақ киген адам ең оқыс, күтпеген, ерекше ойлар білдіруі тиіс. Жасыл қалпақ – бұл қиял-елестің ұшқындауы, ең батыл және творчестволық идеялардың көзі. Жасыл түс өсімдіктер, өсу, энергия, өмір туралы ойға әкеледі. Жасыл қалпақ – бұл шығармашылық, жаңа идеяны іздестіру, стандартты емес әдістер мен альтернативті көзқарастардың жиынтығы.
Көк қалпақ–бұл барлық үрдісті ұйымдастырушы. Көк қалпақтың рөлі – бұл үйлестіруші, спикер болу – барлық қалпақтарға сөз беріп, соңынан қорытындылау.
Сабақты қорытындылау.
Кері - байланыс әдістерінің бірі: «Тазалық» ойыны
Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар),
Бүгіні сабақтағы керек емес, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар).
Ал бүгіні тақырыптың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)