Бауыр комасы Жедел бауыр қызметінің жетіспеушілігі



бет5/5
Дата29.03.2022
өлшемі26,37 Kb.
#137150
1   2   3   4   5
Байланысты:
№4 Бауыр жетіспеушілігі

Жалпы қан талдауында шамалы лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы, шамалы анемиялық синдром, тромбоцитопения анықталынады.
Биохимиялық қан талдауының көрсеткіштерінде конъюгирленбеген фракция есебінен гипербилирубинемия, қанда альбумин, протромбин, трансферритин, холестеринемия, холинестераза, a- липопротеидтер құрамының төмендеуі, азот қалдықтары жоғарлауы және гипокалиемия, гипонартиемия анықталынады.
Емі. Бауыр жетіспеушілігін емдеу 3 бағытта жүргізіледі:
1) себепші факторларды тауып, оны жою;
2) аммиак және басқа токсиндердің өндірілуі мен ішекте сіңуін азайту;
3) нейромедиаторлық тепе-теңдікті тура немесе жанама өзгертетін препараттарды тағайындау.
Жедел дамитын бауырлық энцефалопатияда:
1) Төсек режимі сақтау.
2) Тағамның жалпы калориясы 1600 ккал шамасында болуы керек. Рационда ақуыз болмауы керек. Жеміс шырындары (апельсин, шабдалы, алхоры) кең қолданылады.
Парентеральды қоректену белгіленеді: венаға тамшылатып 10% глюкоза ертіндісінің 1-2 л тәулігіне енгізеді.
3) Қолданылмайтын гепатотоксикалық препараттар:
Ұйықтататын дәрілер, транквилизаторлар
Несеп жүргізетін дәрілер – диакарб, гипотиазид;
Анальгетиктер;
Гепатоциттер:
ОНЖ метаболизмін жақсарту үшін витаминдер мен коферменттер тағайындалады: В1-витамині – тәулігіне 20-50 мг; В6-витамині – 0,05-0,1; С витамині – 0,3-0,5 г;
Коферменттер рибофлавин – мононуклеотид (Ввитаминінің коферменті) 1% ертіндінің 1 мл күнге 1-2 рет бұлшық етке егу; пиридоксальфосфат (В6-витаминінің коферменті) – 0,01-0,02 күнге 2 рет бұлшық етке немесе венаға егу.
4) Интоксикациямен күрес мақсатында және улы заттардың организмде әрі қарай жиналуының алдын алу мақсатында іске асырылады:
а) күн сайын ішекті сифонды клизмасын қою арқылы жуу, қолданылатын сұйықтыққа сода мен карболен қосылады;
б) асқазанды сілтілі ерітіндімен жуу,
в) ішектегі микрофлораны басу және аммиактың түзілуін тежеу үшін зонд арқылы немесе ішке антибиотиктер беру керек: неомицин 1 г 4 сағат сайын немесе канамицин 0,5 4 рет немесе ампициллин 0,5 4 рет немесе метронидазол 0,2 4 рет тәулігіне;
г) ішекте қышқыл орта жасау үшін және аммиак түзетін бактериялалардың іс-әрекетін тежеу мақсатында, осмотикалық диарея тудыру, аммиактың сіңуін азайту және оны жою үшін лактулозаны (нормазе, порталак) ішке 15-45 мл тәулігіне 2-4 рет қабылдайды. Комада лактулоза мұрын – асқазан зондысы арқылы немесе клизма түрінде (судың 700 мл 30 мл лактулоза қосады) беріледі. Лактулоза орнына лактиол қолдануға болады (10 г күнге 3 рет)
д) қанға сіңген аммиакты залалсыздандыру үшін орницетил (препараттың 15-25 г глюкозаның 0,5% ертіндісіне қосып венаға егеді немесе 2-6 г препараты тәулігіне бұлшық етке егеді), гепамерц (20,0 орнитин – аспартатты изотониялық ертіндінің 500 мл ерітіп, венаға 7 күн бойы егеді, кейін 18 г/тәул. дозаны күнде 3 рет бөліп ішеді, 14 күн бойы), гепасол А қолданылады;
е) дезинтоксикациялық мақсатта венаға тамшылатып глюкозаның 5% ертіндісі мен витаминдерді қосып, тәулігіне 2,5-3 л көлемінде егеді; альбуминді (5-10% ертіндінің 200-400 мл венаға тамшылатып егеді) сорбитолмен (15% ертіндінің 800 мл) және маннитолмен (30% ертіндінің 80 мл/тәул.) қосып егеді.
5) Электролиттік тепе-теңдікті түзеу: гипокалиемияда венаға жіберілетін глюкозаның әр литріне 3 г калий қосып егеді; гипонатриемияда – натрий хлоридының 10% ертіндісінің 20-30 мл, сонымен қатар натрий хлоридының изотониялық ертіндісінің 0,5-1 л венаға тамшылатып егеді; гипокальциемияда – кальций глюконатының немесе кальций хлоридының 10% ертіндісінің 10-20 мл венаға егеді.
6) Қышқыл – сілті тепе-теңдігін түзеу: метаболизмдік ацидозда (Куссмауль тынысы) 4% натрий бикарбонатының 200-400 мл егеді; гипокалиемиялық алкалозда (портокавальды комада болады) калий хлоридын глюкозаның 5-10% ертіндісіне қосып егеді.
7) ТСҚҰ – синдромында: І (гиперкоагуляциялық) сатысында гепарин, жаңадан қатырылған плазманың 300-400 мл, реополиглюкиннің 400-600 мл тағайындалады; ІІ (гипокоагуляциялық) сатыда – венаға тамшылатып фибринолиз ингибиторлары егіледі: 5% аминокапрон қышқылының 300 мл; трасилолдың 80000-100000 ӘБ, контрикал 90000 ӘБ/тәулігіне; жаңадан қатырылған плазма (300-400 мл), антигемофилиялық плазманың 200-400 мл.
Гипогликемияның ауыр дәрежесінде 40% глюкозаның 40 мл венаға ағындатып егіледі.
Метаболизмді жақсарту үшін барокамерада гипербариялық оксигенация жасалады (2-3 атмосфера қысымды қолданып 1-3 сағат бойы).
Артериялық гипотензияда венаға тамшылатып полиглюкин, реополиглюкин егіледі, бұлшық етке мезатонның 1% ертіндісінің 1-2 мл, венаға тамшылатып допмин (реополиглюкинге немесе физиологиялық ертіндіге 80 мг қосылады) жіберіледі. Жүрек әлсіздігінде строфантин егеді.
Инфекциялық асқынуда емді ципрофлоксацинді венаға егуден (1 г күнге 2 рет) бастайды, кейін басқа антибиотиктер беруге болады.
Жедел бауыр жетіспеушілігін емдеуде де кортикостероидтар қолданылады. Орташа дозасы – преднизолонның 300-800 мг парентеральді егіледі.
Жедел бауыр жетіспеушілігін емдеу үшін басқа да арнайы (активті) ем әдістері қолданылады: қанды ауыстырып құю (науқастың 0,5-1,5 л қанын күн ара донор қанымен алмастырып құяды, барлығы 2-5 сеанстан тұрады), гемосорбция (гепатотропты улармен уланғанда дамитын жедел бауыр жетіспеушілігінде, іріңді – сепсистік асқынуларда және экзогендік энцефалопатияда), плазмаферез, гемодиализ қолданылады.
Жасы 60-тан аспаған, бұл ауруға дейін бауыр қызметі қалыпты күйде болған және бауыр трансплантациясынан кейін посттрансфузиялық режимді толық көлемінде сақтауға мүмкін болған жағдайда бауыр трансплантациясы жасалады.
Бауырлық энцефалопатияның профилактикасы науқас адамды бақылау және мезгілінде дәрігерлік көмек көрсету жолдарымен іске асырылады.
Прогнозы бауыр – клеткалық жетіспеушіліктің дәрежесі мен бауырлық энцефало-патияның сатысына тәуелді болады.

Бауыр комасы көбінесе өліммен аяқталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет