Бауыр үстілік сарғыштану. Орындаған: Камалбек Б. Б



бет1/2
Дата25.12.2023
өлшемі227,62 Kb.
#199044
  1   2

Бауыр үстілік сарғыштану.

Орындаған: Камалбек Б.Б.

ЖМ15 009-1 топ

Қабылдаған: Мырзагулова С.Е.


С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Алматы 2017

Жоспар:

  • Кіріспе.
  • Сарғаю
  • Негізі бөлім.
  • Гемолиздік сарғаю.
  • Белгілері.
  • Қорытынды .

Жалпы түсінік:

  • Сарғаюдың негізгі 3 түрін ажыратады:
  • Бауыр үстілік (гемолиздік) сарғаю.
  • Бауырлық (парехиматозды) сарғаю.
  • Бауыр астылық (механикалық) сарғаю.

Сарғаю- адам денесінің шырышты қабықтарының, терінің сарғыштануымен көрінетін патологиялық үрдіс.
Сарғаю синдромы – қанда билирубиннің артық мөлшерде жиналуына байланысты пайда болады.

Гемолиздік сарғаю:

  • Гемолиздік сарғыштанудың себебі болып эритроциттердің тым артық ыдырауы есептеледі.
  • Олардың ыдырауының артуы химиялық және дәрілік заттардың, биологиялық улардың (жылан, ара улары), протеолиздік өнімдердің әсерлерінен және тұқым қуатын гемоглобинопатиялар, мембранопатиялар мен энзимопатиялар кездерінде байқалады.
  • Эритроциттердің тым артық ыдырауы көкбауырда, сүйек кемігінде тура емес билирубиннің түзілуін арттырады.
  • Бауыр жасушаларының тура емес билирубинді глюкурон қышқылдарымен байланыстыру қабілеті жоғары болуына қарамай, эритроциттердің гемолизі тым артып кетуінен олардың бұл қызметі жеткіліксіз болады.

Сонымен бірге, эритроциттердің гемолизін туындататын улар бауыр жасушаларына бүліндіргіш әсер етеді.

  • Сонымен бірге, эритроциттердің гемолизін туындататын улар бауыр жасушаларына бүліндіргіш әсер етеді.
  • Осылардың нәтижесінде бауыр жасушалары тура емес билирубинді қан сұйығынан сіңіріп ала алмайды және оларда глюкурон қышқылымен байланысуын арттыратын ферменттердің белсенділігі төмендейді. Барлық тура емес билирубин тура билирубинге ауыспайды. Сондықтан қанда тура емес билирубиннің деңгейі көтеріледі. Ол орталық жүйке жүйесіне және бауыр жасушаларына уытты әсер етеді. Осыдан бауыр жасушаларының өт өндіру және өт шығару қызметтері әлсірейді.
  • Сонымен қатар, гемолиздік сарғыштану кезінде бауырда тура билирубиннің түзілуі, ішектерде уробилиноген мен стеркобилиногеннің құрылуы көбейеді, Сондықтан стеркобилин мен уробилиннің мөлшері нәжіс пен несепте ұлғаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет