Бауырдың биологиялық қызметі


Калий алмасуының жалпы сипаттамасы



бет13/22
Дата23.04.2020
өлшемі61,63 Kb.
#64499
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Байланысты:
Биохимия Бауыр, буйрек Салта
Range нысаны және оның туындылары
Калий алмасуының жалпы сипаттамасы. Калийдің биологиялық ролі. Калий де ағзаның маңызды электролиттерінің бірі және келесі биологиялық қызметтерді атқарады: -1. Калий негізгі жасуша ішілік ионжәне натриймен бірге плазмалық мембрананың екі жағындағы потенциалдар айырмасын дамытады. Бұл жасушаға жүйке импульсін өткізуді қамтамассыз етеді. -2. Калий бүйрек каналшаларынан реабсорцияланатын натрийдің орынына протонмен (сутек ионы) бәсекелі секрецияланады. Бұл механизм қышқылдық-сілтілік баланс немесе буферлік жүйенің реттелуіне калийдің қатысуын қамтамассыз етеді. Нәтижесінде протон «үнемделіп» буферлік жүйенің қалыпты мәні сақталады. Мысалы, калий жетіспеушілігінде негізінен Н+ секрецияланады – бұл алкалоз дамуына әкеледі. -3. Калий көптеген ферменттердің актвиті орталығы құрамына кіреді және кейбір ферменттердің аллостерлік модуляторы. -4. Калий бұлшықет тонусы мен жиырылуын жоғарлатады.

Калийдің тәуліктік қажеттілігі, ағзада таралуы және деполануы. Калийдің қалыпты жағдайдағы тәуліктік қажетті мөлшері – 75 ммоль/тәу. немесе - 5 г. Каклий ағзаға, негізінен, көк-өністер құрамында және калий тұздарының судағы ерітіндісі түрінде түседі.

Адам ағзасындағы калийдің жалпы мөлшерлік үлесі - 3,5 г/кг. Калийдің негізгі бөлігі бұлшықет жасушаларында шоғырланған, бауыр мен эритроциттердегі мөлшері біршама төмен. Жасуша ішілік калий концентрациясы жасуша сыртылық мөлшерімен салыстырғанда 25 есе жоғары болады (жалпы мөлшерінің (3000 – 4000 ммоль) тек 75 ммоль жасуша сыртылық сұйықта анықталады.

Қансарысуындағы қалыпты калий мөлшері – 3,6 – 5,4 ммоль/л.

Қансарысуындағы калийдің пайда болуын қамтамассыз етеді: - ағзадағы калийдің жалпы мөлшері (мысалы, калийдің жалпы мөлшерінің 100 – 200 ммоль-ге өзгерісі қансарысуындағы концентрациясын 1 ммоль/л-ге дейін өзгертеді); - қан плазмасының рН-ның шамасы (мысалы, рН мәнінің 0,1 бірлікке ауытқуында калийдің концентрациясы 0,6 ммоль-ге өзгереді); - реттеуші механизмнің нәтижесінде.

Гипокалиемия – кезінде: - буферлік жүйенің қызметі бұзылады (алкалоз дамиды), бұлшықет әлсізденуі және летаргия (маужыраушылық) дамиды.

Нормокалиемия – кезінде: - калий миокардтың тітіркенушілігі мен өткізгіштігін төмендетеді.

Гиперкалиемия – кезінде: - жүректің автоматизмі мен жиырылушылығын басады, сондықтан калийдің жоғары концентрациясы кезінде жүрек қызметі блоктанып жүрек соғысы тоқтайды.

Гиперкалиемия жағдайы байқалады: - альдостеронизмде, созылмалы нефритте, диуретиктермен емдеген кезде, диабеттік ацидоз кезінде, массивті қан жоғалту кезінде, бүйрекүсті бездері қызметінің жетіспеушілігі кезінде, күйгенде, гемолизде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет