Бауыржан Момышұлы ерлігіне тағзым Мақсаты



Дата31.12.2019
өлшемі81,5 Kb.
#55124
№115 орта мектеп




Өткізген: Бекентаев Ж.Қ.

Қостанай 2010



Бауыржан Момышұлы ерлігіне тағзым


Мақсаты: Бауыржан Момышұлының өмір жолы жайында мағлұмат беру.

Міндеттері:

а) Батырдың өмірбаяны, Ұлы Отан Соғысы кезіндегі көрсеткен ерлігі, шығармашылық өнері туралы түсінік беру;

ә) Әдебиет өкілінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып, ондағы дәстүр мен жаңашылдық, оның адамзат тарихымен тығыз байланысы жайындағы білімдерін қалыптастыру;

б) Батыр туралы өлең-жырларды жатқа білуге дағдыландыру, ауызша да, шешен, көркем сөйлеуге, мәнерлеп оқуға, осы мәселелердегі машықтарын дамыту.



Көрнекіліктер: Момышұлының суреті, слайдтар, кітаптар көрмесі

(Баяу ән қосылып тұрады.)


Барысы:

«Сүйер ұлың болса сен сүй,



Сүйенерге жарар ол»

(Абай)
І – жүргізуші:

Халықтың аңызы,

Даңқты қаһарман.

Жаралған жалыннан,

Бауыржан батыры.

Жеңістің тойында,

Бір өзің жайында,

Аңыздар сақталған,

Халықтың ойында.

Бауыржан Момышұлы,

Жүрсің әлі ел аузында ,

Ұмытпайды,

Есіңдесің еліңнің.

Туған мекен жеріңнің,

Батыр Бауыржан!



ІІ – жүргізуші:

Қайырлы кеш, қымбатты оқушылар және ұстаздар! Бүгінгі сынып сағатына қош келдіңіздер!

Биылғы жылы Бауыржан Момышұлының туғанына 98 жыл толып отыр. Қазіргі Тараз облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында туған. Жеті жылдық мектеп бітірген соң біраз уақыт мұғалім болып істейді. 1932 жылы әскер қатарына шақырылады. Міндетін өтеп, запастағы командир атағын алып ауылға оралғасын қаржы орындарында жұмыс істеген. 1936 жылы қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде қызмет еткен, взвод, рота командирі болған.

І – жүргізуші:

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен даңқты генерал-майор И.В. Панфиловтың басқаруымен Алматы маңына жаңадан жасақталған 316 – атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанған. Соғыс жылдарында батальон, полк, дивизияны басқарды.

Момышұлының әскери өмірбаянында Мәскеу түбіндегі шайқас ерекше орын алады. Одан басқа да ерліктері аз емес. Тек 19 – гвардиялық атқыштар полкінің батальон командирі ретінде Мәскеу түбінде 27 сәтті ұрыс жүргізді.

Бауыржан ағаға арнау .

ІІ – жүргізуші:

Волоколам бағытында Крюково қонысы үшін шайқаста 19 – полкті басқарып, сол жерде ауыр жарақат алғанына қарамастан, күресті әрі қарай жалғастыра береді. Момышұлының осындай көптеген әскери ерлігін ескеріп, 8 – гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі полковник И.И. Серебряков 1942 ж тамызда оны Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынады. Бірақ бұл наградтау қағазы жоғалып кетеді.



І – жүргізуші:

1944 жылдың шілде айында Серебряков КСРО Жоғары Кеңесінің Президиуымына үндеу хатында: “Жолдас Момышұлына құрмет көрсетуді...өтінемін және мұны жеткізуді өзімнің парызым деп білемін...әділдік менен осыны талап етеді”, - деп жазды. Бұл да аяқсыз қалады.



Көрініс: Бауыржанның Сталинмен кездесуі.

ІІ – жүргізуші:

Жерлесіміздің одан кейінгі ерліктері де ескерусіз қалады. Момышұлы полк командирі, кейін дивизия бастығы бола жүріп, Калинин майданында, Курляндиядағы неміс басқыншыларын талқандау операцияларына белсене қатысады.



І – жүргізуші:

Баукең әдебиет майданында да әскери ерліктерінен еш кем емес қаһармандық іс тындырған қаламгер екені баршаға мәлім. Оның шығармаларының негізгі тақырыбы жауынгерлік мінез-құлықтың қалыптасуы, елдік пен ерлікті дәріптеу, жастарды Отан қорғауға дайын тұру рухында баулу, әскери тәлім-тәрбие болып табылады.



Ән. Әлия.

ІІ – жүргізуші:

Бауыржан Момышұлының басты шығармалары: “Офицер күнделігі”, “Бір түннің оқиғасы”, “Москва үшін шайқас”, “Майдандағы кездесулер”, т.б. Кеңес Одағының батыры И.В. Панфилов жайында “Біздің генерал” деген ғұмырнамалық хикаят жазады. Ал “Ұшқан ұя” романы 1976 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.



І – жүргізуші:

Бауыржан Момышұлы әлденеше ордендермен, медальдармен марапатталды. Дүние салғаннан кейін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (1990 ж). Халқымыздың ардақты ұлы - көзі тірісінде-ақ аңызға айналып кеткен осынау даңқты жауынгер, дарқан ойлы қолбасшы турасындағы тарихи әділеттілік қалпына келтіріп еді.



Ән. Қазақ қызы.

ІІ – жүргізуші:

Бейтаныспен мен сенімен Бауыржан,

Шықсақ та, бір байтақ қазақ бауырдан.

Ассаламағалайкум! – деп, бас ием,



Торқын дала, күміс тәжді тауыңнан.

І – жүргізуші:

Осымен біздің Бауыржан батырымызға арнаған сынып сағатымыз өз мәресіне жетті. Алтындай уақыттарыңызды бөліп, келгендеріңізге мың алғыс!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет