Баяндама: «Жаңа технология тарих сабағында»



Дата12.10.2020
өлшемі20,7 Kb.
#68353

Баяндама: «Жаңа технология - тарих сабағында»

Тарих пәні мұғалімі Сагингалиева Б.Т.


     ХХІ ғасыр-қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр марғаулықты, жалқаулықты көтермейтін ғасыр. ХХІ  ғасырды қоғам мен мемлекет дамуының басты тетігі білім болатынын мойындау. Ғасырлар тоғысында халықаралық деңгейде білімді дамыту. Осындай жағдайда өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау-жалпы ұлттық бірілігіміздің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бітімі қалыптасуының, оның  егемендігін нығайтудың, азаматтық пен отаншылдықты тәрбиелеудің ең басты факторларының бірі болып отыр. Тарих халықтың зердесі ол содан қуат алады, ол содан әлеуметтік шығармашылыққа, жарқын болашаққа бастайтын шабыт алады.

  Қазіргі заманғы оқу орындарында жаңа технологияларды енгізу, шәкірттердің білім сапасы және мақсаттары оқыту  процесінде “ Әрбір сабақ- жаңалық” болуы  шарт дегенді меңзейді. Яғни өзгеріске, жаңалыққа толы  бүгінгі заман мұғалімге «сегіз қырлы бір сырлы» ерен қасиет  иесі болуды міндеттейді. Дамытудың әлемдік деңгейімен  иықтасу үшін  ұстаздың  барлық қырлары  түгелдей дерлік алмас қылыштай жарқырап тұруы ләзім. Ұстаз алдында отырған бірі шапшаң болу, енді біреулері төмен, зейіні, қабілеті, қабылдауы, есте сақтауы әрқилы шәкірттердің жүрегіне жол табу, күрделі құрылым екені даусыз. Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы ірі өкілі, белгілі ағартушы Жүсіпбек Аймауытов  ұстаз қызметін былай сипаттады “Балаларға сабақ берумен, білім үйретумен мұғалімнің қызметі тәмам болмайды.  Ол балаларды тәрбиелеуге, үгіттеуге, міндетті басқаша  айтқанда мұғалім қарапайым қызметкер емес, ол шәкірттерінің  алдағы өмірін көз алдына келтіріп, өз басынан кетірген  тәжірибесіне таянып оларға келешекте жазатайым аяғын шалыс  басып, өмірден соққы жеп өкінбеске күні бұрын сақтандыратын  қорғаушысы, қамқоры”.

   Қазіргі заманғы инновациялық процесті зерттеушілер  инновациялық тәжірибе бұл жаңалықты өндіру емес, бұл  педагогикалық шығармашылық, новаторлық және зерттеушілік  қызмет нәтижелерінің бірін-бірі толықтыруы деп түсіндіреді.

     Әлемде өмір сүру күрделенген сәтте және демократиялық  құрылым тараған сайын жастар кез-келген қиыншылықтарды  жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, әр түрлі ұйғарым -пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім жасауға үйрену қажеттігі айдан анық болып тұр.

   ХХ ғасырдың соңына қарай әлемнің түкпір-түкпіріндегі  білім берушілер жүзеге асатын нақты мақсаттардың алдын-ала ойластырылған нақты жобасын айқындай бастады. Яғни, белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибедегі жүзеге асатын  жобасын “жаңа технология” түрінде қарастыра бастады.  Бұл орайда педагогикалық технологияны «тың әдістеме»  немесе «науқандық», «өтпелі» деп қарастыру қате болар еді. Классикалық педагогиканың озық үлгілерін, тиімді  ізденістерінің оң нәтижелерін жалғастырып жаңа заман  талабына сай дами беретіндігін ескерген жөн.  

    Инновациялық әдістермен оқытумен ақрапаттық технологияларын қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ақпараттық технологиялар негізінде ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру,тарихи объективизімді ұстана отырып шынайы дерек көздерінен мәлеметтерді жинақтау. Дегенмен заманау талабына сай мен өзімнің сабағымды кәзіргі кемберждік әдістермен сабақ беруді жөн көремін. Яғни жаңа инновациялық түрде беру кәзіргі тандағы өзекті мәселе. Атап айтарлық болсақ: 

 Ақпаратты технологияларды пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметін артуына жағдай жасау, теориялық ғылыми-педогогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі болып табылады.

  «Ұстазы  жақсының, ұстамаы жақсы» -деген тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжрибесіне байланысты екеніне еш күмән жоқ. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты.

  Тарих сабағында әр түрлі технологяларды қолдану барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылыған арттыра отыра, ойлау, сөйлеу шеберлігін қалыптастыру мақсатында тарих сабағында ақпараттық  коммуникативтік технологияны кеңінен қолданамын. Көп тараған түрі ол-мултимедиялық презентациялар, флеш-фильмдер, мултимедиялық  карталар. Сонымен қатар өз педагогикалық іс-тәжрибемде оқу-әдістемелік құралдары да қолданамын. Сабақты бекіту мақсатында сабақта тесттер мен тренажерларды пайдаланамын және красвордтарды қолданамыз.

 Сондықтан ақпараттық технологиясын қодану және ашық бағалау жүйесін қолдану мұғалімге оқушылардың пәнге деген қызығушылығын жоғарлатуының тиімді жолдары: оқушылармен материалды игеру үрдісін психологиялық түрде жеңілдетеді. Пәнге деген танымдылық қызығушылығын тудырады. Оқушылардың көз қарасын кеңейтеді. Сабақ үстінде көрнекілікті қолдану мүмкіндігі өседі.  Тарихты оқуға және үлгірімді жоғарлату қызығушылығы туады.

     Бүгінгі күні республикамызда  жүйесінің түбегейлі өзгеріске ұшырауы анықталғаны баршамызға аян. Оның негізгі факторы жаһандану үрдісіндегі білім беру саласында жаңа моделдердің дүниеге келуі,білім беру үрдісінің ақпараттандырылуы болып табылады. Прогрессивті концепциялардың пайда болуы, білім беру үрдісінде алға  кеткен мемлекеттердің тәжрибесімен танысу және соның нәтижесінде ұлттық білім беру  моделін құрастыру бүгінгі күні өте өзекті мәселе болып  табылады,өйткені  нарықтық экономикаға негізделген мемлекетіміздің келешегіне мамандар қажеттігінен туындайды. Ақпарттық және педогогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды, мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталады. Осыған орай сабақ беру үрдісінде кәзіргі күннің  яғни  инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады.

   Тарих сабағында интерактивті оқыту моделін пайдалану - өмірлік ситуацияларды моделдеуді, ролдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу процесінің қандайда бір қатысушысын немесе идеяны яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты ерекшелеуді шектейді. Бұл моделге адамгершілікпен, демократиялық жолмен келуді үйретеді.

   Оқыту процесін жоғарғы деңгейде көтерудің негізгі әдісі ретінде проблемалық шығармашылық әдісті пайдаланамын. Бұл әдісті қолдану барысында  өтілген әр бір сабақ сұхбат болып өтіп сабақ беру барысында зерттеушілік үрдісті жетекшілікке аламын. Бұл әдістің еркшелігі оқушыны оқыту процесінде қызықтырады. Сабақтың белгілі бір  тақырыбын бастау барысында оқушыларға проблемалық  сұрақ немесе проблемалық тапсырма беремін. Проблеманы шешу барысында оқушының біліміне қойылатын талаптар мен оны түсіну арасындағы  қарама –қайшылықты мен болдырмауға тырысамын. Оның үстіне негізгі проблемалар оқушылардың өздерімен көтеріп,сол проблемаларды шешу оқушылардың өздеріне жүктеймін. Инновациялық әдісті оқытудың ақпараттық технологияларын тәжрибеде қолдану барысында өзінің тежеуші жақтары,кемшіліктері қарама-қайшылық жақтары да кездеседі.

  Тарих сабағында интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.  Интерактивтік оқыту технологиясы тарих сабағында өте пайдалы деп атауыма болады.



1) Жұптасып жұмыс істеу.

2) Ротациялық (ауыспалы) үштік.

3) Карусель - Айналмақ.

4) Шағын топтармен жұмыс.

5) Аквариум.

6) Аяқталмаған сөйлем.

7) Миға шабул

8) Есептеу ағашы.

9) Өзіндік бағалау.

10) Азаматтық тыңдау.

11) Ролдік /іскерлік/ ойын..

12) Өз позицияңды Ұстан.

13) Дискуссия.

14) Дебаттар.



    Интерактивті оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі. Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданамыз.Мысалы; оқушыларға «Карусель» деп аталатын мынадай жұмыс түрі қатты ұнайды; Екі сақина жаслады. Ішкі және сыртқы сақиналар. Ішкі сақина – бұл қозғалмай отырған оқушылар. Сыртқы сақина – бұлар әрбір 30 секунд сайын ауысып тұрады. Осылайша, олар бірнеше минутта бірнеше тақырыпты айтып шығады және әрқайсысы өзінің дұрыстығына әңгімелесушінің көзін жеткізуге тырысады.«Аквариум» технологиясының мәнісі сонда, бірнеше оқушы шеңбер ішінде ситуацияны жасырады, ал қалғандары оларды бақылап тұрып әрекеттеріне талдау жасайды.

Броундық қозғалыста оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп берілген тақырыбы бойынша ақпарат жинайды.  Есептеу ағашы – сынып сандары бірдей 3 немесе 4 топқа бөлінеді. Әр топ өз сұрақтарын талдап, ағаштың өздеріне тиісті тармағына (ватман парақ) жауап жазады, содан соң топтар

орындарын ауыстырып, көршісінің ағашына өз идеяларын жазады.

Жаңаша оқытудағы ерекше орын алып отырған әдістердің бірі –«сыни тұрғыдан ойлау» стратегиясы. Қазақстан- СОРОС қорының сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасы бүгінгі күні республика мұғалімдеріне шет ел дидактиктерінің оқытудағы белсенді әдістерімен танысуларына мҥмкіндік жасап отыр. «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы қазіргі кезде 60-тан астам нақты әдістерді, кейбір әдебиеттерде 130-ға жуық түрлерін ұсынады. «Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы» оқыту процесін үш сатыда ұйымдастырады.

1. Қызығушылықты ояту (сұрақтар қою)

2. мағынаны ажырата білу (жауаптар іздеу, мәселені зерттеу)

3. ой толғаныс немесе рефлексия (ойлау процесінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау).

       Сын тұрғысынан ойлаудың нақты әдістері «топтастыру», «көрнекілік», «әлемді шарлау», «ой қозғау», «болжау», «оқушыларды жетектейтін карта», «Т-кестесі», «семантикалық карта», «ДжикСо-1», «ДжикСо-2», «кубизм», «вен диаграммасы», «Блумның сұрақ қою өлшемі», «бес жол өлең», «Білгеніңіз, білгіңіз келетіні, үйренгеніңіз», «тәртіп алу әдісі», «пікір сайыс», «жұптасып ойлау», «Синкуэй», «кең ауқымды лекция», «бақылау

картасы» тағы басқалары. Бұл әдістер жаңаша оқыту міндеттерін шешу құралы болып табылады. Оқушы бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ой өрісін кеңейтеді, тақырыпқа сын тұрғысынан қарайды. Оқушы өз алдына сұрақтар қойып, жауап іздеуге мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей білуге, білімнің қайнар көзін өздері тауып, білімді меңгеру үшін қажет  дағдыларды өз бетімен қолдануды үйренеді. Әдепті батыл сөйлеу, проблемаларды анықтай алу, топтың жалпы шешіміне үлес қосу, өз ойын тұжырымдауға, өздерінің үйренгендеріне жауапты қарауға, әріптестерінің ой-пікірін құрметтеуге, тыңдауға, салыстыра зерттеуге үйретеді. Осы жаңаша әдістердің ішінен пікірсайыс пен дебат технологиясын бөліп қарастыруға  болады.  Жаңа заман талабына сай білім беру бүгінгі таңда өзекті мәселе, шығармашылық қабілеті мол жан-жақты дамыған адамзат тәрбиелеуде жаңа педагогикалық технология ауадай қажет. Білім беру технологияларының басты мақсаты білім беру сапасын арттыру, оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Инновациялық білім беру әдістемелерінің ішінде пікір сайыс технологиясы тиімді құралдың бірі. Бүгінде “пікір сайыс” бағдарламасы оқытудың басқа инновациялық әдістемелерімен қатар қанатын кең жайып, Қазақстанның әрбір облысын қамтыды. Пікірталас - әлдебір сауал, сұрақ немесе мәселені талдау, талқылау. Пікірталас, әдетте, адамдар әртүрлі көзқараста болып, біріңғай пікірге келмеген күрделі мәселелерге арналады. Пікірталас басқа жұмыстарға қарағанда өзінің құрылымы, оқушылар әрекетінің мазмұны, өткізу әдісі және басқадай ерекшеліктері мен ерекшеленеді. Бүгінде пікірсайысы жаңашыл педогогикалық технология ретінде оқыту мен тәрбиелеудің түрлері мен әдістері. Қазіргі педогогикалық әдебиеттерде пікір сайысының түрлі кезеңдерін айырып атау дәстүрге айналуда, оның ішінде негізгілері мына 3 түрден тұрады: пікірталасқа дайындық кезеңі, пікірсайыстың өзі, пікірсайыстан кейінгі талдау. Пікірсайысы оқушыны тақырыпты зерттеуге бағыттаудан басталады. Алдымызға қойылған мәселе бойынша пікірсайыстың  мақсаты анықталады. Сонан соң оқушылар тақырып бойынша бар білгендерін тиянақтап, кілт сөздерді белгілеп, тақырыпты саралап, аталған мәселенің мәнін іздейді. Бұл кезеңнің келесі қадамы тақырыпты талдау жоспарын қөру болады.

   Барлық жаңа технологияның мақсаты-пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін басқарып, олардың өз бетінше ізденуін арттырып шығармашылығын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Заман талабына сай жаңа иннновацилық түрде сабақ беру кәзіргі заман талабы.



 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет