13 слайд
2020-2021 оқу жылында мақсаты озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату болып табылатын бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Үздік видео сабақ» облыстық байқауында жүлделі орынға ие болдым.
Осындай шығармашылық сабақтар барысында оқушының бұрыннан білетініне жаңа мәліметтер қосылып, тәжірибесін практикада қолдану білігі қалыптасты.
Нәтиже:Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Шығармашылық жолына түскен бала ізденіп қана қоймайды, тұлға ретінде шыңдалады. Шығармашылық тапсырма оқушының бойында әртүрлі іскерлік дағдыларды қалыптастыратыны белгілі. Мұнда оқушы өзін оқулықтағы материалмен ғана шектелмейді, үнемі ізденіс үстінде болады.
14 слайд
Әрине, атқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми - ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т. с. с. Өйткені, ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан - жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн деп ойлаймын.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |