Баянова Алмагуль Ерболатовна
Жаксылыкова Айгуль Алиаскаровна
Мектеп жасына дейінгі балаларға
ағылшын тілін үйрету
Таушық-2015
Түпқараған аудандық білім бөлімі
Түпқараған аудандық білім үйлестіру орталығы
Мектеп жасына дейінгі балаларға
ағылшын тілін үйрету
(Ортаңғы және ересек топтары,
балабақша педагогтеріне арналған әдістемелік ұсыныс)
2015 жыл
Түпқараған аудандық білім үйлестіру орталығы кеңесінде мақұлданды
Хаттама №_____
«____»__________ 2015 ж
Дайындаған:
Баянова А.Е – МКҚК «Айгүл» балабақшасының әдіскері
Жаксылыкова А.А-МКҚК «Айгүл» балабақшасының тәрбиешісі
«Ұсынылды»
Сараптау комиссия
Хаттама №_____
«____»__________ 2015 ж
Пікір
Қазіргі заман талабына сай жаскелең жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу тәрбиеші мен педагог мамандардың алдына қойған басты мақсатының бірі. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру сапасын арттыру өзекті мәселелердің біріне айналды. Еліміздің болашағы саналатын ұрпақ тәрбиесінде оқу тәрбие үрдісі алғашқы сатылардың бірінде тұр. Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы оның білімі мен білігінде.
Мектепке дейінгі ұйымдарда ағылшын тілін үйрену қажеттілігі қазіргі заман талабына айналып келеді. Шет тілін оқытудың коммуникативті мақсатын жүзеге асырудың алғышарты–оқыту барысында коммуникативті бағдар беру. Балалар бағдарламада берілген тақырыптар мен тілдік материалдар көлемінде шетел тілінде оз ойын жеткізе білуге талпынас жасайды. Шетел тілінде оқыту балалар тұлғасының барлық жағынан: олардың дүние танымының, ой-өрісінің, сезімі мен эмоциясының, адамгершілік және эстетикалық көз қарастарының, мінез бітістерінің өздігінен ары қарай білімін жетілдіруге деген қажеттіліктің дамуына себептесуі тиіс.
Мектепке дейінгі мекемелер, яғни балабақшалар үшін жарық көрген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі ережелерін негізге ала отырып, МКҚК «Айгүл» балабақшасының әдіскері Баянова Алмагүл мен тәрбиеші Жақсылықова Айгүлдің бірлескен «Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйрету» (ортаңғы және ересек топтары) атты балабақша педагогтеріне арналған әдістемелік ұсыныс құралын ұсынып отыр.
Балабақша тәрбиешілері мен педагогтеріне арналған ағылшын пәнінің жылдық перспективалық жоспары (ортаңғы және ересектер тобы) білім сапасын арттыруға зор ықпал етері сөзсіз. Жас мамандар мен педагогтерге көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр.
Балабақша меңгерушісі: Изтурганова А.А
АЛҒЫ СӨЗ
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII-құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Ал, 2007 жылғы жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.
Бұл идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі–мемлекеттік тіл, орыс тілі– ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі–жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Яғни, мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.
Үштұғырлы тіл өмірлік қажеттіліктен туындаған идея. Бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл–елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудағы бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін Қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айнала алады.
“Үштұғырлы тіл” идеясының үшінші құрамдас бөлігі– ағылшын тілін үйрену. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз–ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз.
«Тіл-ақылдың өлшемі, ұлттың жаны»-деген ұлы адамдар. Бүгінгі күні, ХХІ-ғасыр табалдырығын аттаған шақта Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілінің тағдыры талайына тікелей байланысты екенін бәріміз де жан-жүрегімізбен сезініп, терең түсінеміз. «Еліңді, жеріңді, тіліңді құрметте! Еліңді жамандасаң көмусіз қаласың, жеріңді қорғамасаң кебінсіз қаласың, тіліңді қорғамасаң қадірсіз боласың»-деген дана бабаларымыздан қалған өсиет бар. Дегенмен, мынадай дамыған заманда қазақ тілінің мәртебесі қаншалықты биік болса орыс тілі мен ағылшын тілінің мәртебесі соншалықты биік екені баршаға аян. Өзге тілді меңгере отырып өз тіліңнің мәртебесін тұғырлы етіп, биіктен көрсету әрбір Қазақстандық азаматтың міндеті десек артық айтпаған болармыз.
«Тәрбие-тал бесіктен»-демекші, балалардың жан-жақты дамуы және олардың тұлға ретінде қалыптасуы үшін тілдік материалмен жұмыс істеу сипаты, сөйлеу біліктілігінің елеулі мәні бар. Шетел тілдері құралдарымен (лексикалық, грамматикалық, фонетикалық және сөйлеу іс-әрекетінің) негізгі түрлерімен қарулана отырып, балалардың танымдық белсенділік, дербестілік көрсетуі, қорытынды жасай алуы маңызды болып табылады.
Әдістемелік ұсыныс Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі ережелеріне сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардың ортаңғы тобына аптасына 1 рет (20-25 минут) және «Ересек» тобына аптасына 1 рет (25-30 минут), жылына 36 сағатқа арналған «Ағылшын тілі» пәні бойынша әдістемелік ұсыныс негізінде әзірленді.
4,5,6 жастағы балалардың танымдық жүйесі белсенді түрде дамиды. Бала бізді қоршаған ортадағы заттардың бәрінің арасында белгілі бір байланыс барын, олардың бір-біріне тәуелділігін түсіне алатындай жасқа жете бастайды. Сондықтан дәл осы уақытта баланың қоршаған орта мен әлемдегі құбылыстар туралы түсінігін реттеуге және толықтыруға көмектесу қажет.
Ағылшын тілін үйреткен кезде педагог төмендегі қағиданы басшылыққа алған жөн:
Тәрбиелік оқыту, белсенділік, көрнекілік, жүйелік және бірізділік, меңгеру беріктігі, қолжетімділік, даралау т.б
Ағылшын тілін үйретуде жоспарланған нәтижеге қол жеткізу үшін мынадай әдістемелік: оқыту коммуникативтілігі, материалдың жағдаяттық-тақырыптық ұсынылуы (ұйымдастырылуы), функционалдық, кешенділік, жіктелу, шоғырлану қағидаттарына сүйену маңызды.
Зейін, есте сақтау қабілеті, қабылдау, шығармашылық қабілет, ой-қиялы мен жан-жақты ойлау қабілеті сынды танымдық процестерді дамыту, баланың танып білуге деген қызығушылығын ояту. Тәрбиеленушілер бағдарлама материалын жемісті меңгеру үшін аталған қағидаларға сәйкес мынадай педагогикалық технологиялар қолданылады:
Ойын технологиялары:
Ойын-балалармен дидактикалық қарым-қатынас жасаудың әмбебап нысаны. Ол білім берудің ең көне нысаны болып табылады, өйткені қатысушылардың санына шектеу қойылмайды.
Педагог ағылшын тілінің әр оқу іс-әрекетіне ойын әдістерін пайдалануға тиіс. Бастапқы кезеңінде оқу ойындарының (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) рөлдік және динамикалық түрлерін пайдаланған жөн. Фонетикалық ойындар:
-Фонематикалық есту қабілетін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар;
-Дыбыстау дағдыларын дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар;
-Дұрыс интонациялау дағдысын қалыптастыруға арналған ойын тәсілдері мен жаттығуларына бөлінеді.
Ойын қызметі балалардың оқу іс-әрекетіндегі жұмысын түрлендірумен қатар жұмыс нысандарын, әдіс – тәсілдерін саралауға мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтау технологиясы
Оқу іс-әрекеті барысында педагог оқу тәрбие режимінің физиологиялық негіздерін сақтауға тиіс (еңбекке қабілеттілік уақытын, шаршағыштықты, оқу жүктемесін ескеру, бой сергіту жаттығуларын, динамикалық (қозғалыс) ойындарын өткізу.
Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар
АКТ қолдану педагогке жеке тұлғаға бейімделу көзқарасын қолдануға, көрнекі-безендіру материалын түрлендіруге мүмкіндік береді. Санитарлық-гигиеналық нормалар бойынша мультимедиялық құралдармен (компьютер, аудио және видео экран, интерактивті тақта және т.б) жұмыс жүргізуге болады.
Баланың сөйлеу тілін жетілдіруде ойын жаттығулар, дидактикалық материалдар мен ойындардың маңызы зор. Баланың тілін дамытуда алдымен сөйлеу процесін дұрыс жолға қою керек. Дұрыс сөйлеу дегеніміз-әдеби тілдің нормасының сақталып, ойдың дұрыс берілуі.
Баланың тілін дамытуда айналадағы дүниені бақылату, өмірде көргенін әңгімелету, ертегі, әңгіме оқып беру, сөздік және логикалық тапсырмалар орындату жұмыстары арқылы жүзеге асады.
Бағдарлама мазмұны мен құрылымы
Танысу. Тақырып қыркүйек айында өтіледі. Бұл тақырып бойынша балалар ана тілі мен ағылшын тілдерінің мағынасымен және ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттермен танысады. Мысалы: Америка, Африка, Ұлыбритания, сонымен қатар ағылшын тіліндегі дыбыстардың ерекшеліктерімен және дауыс ырғағымен танысады. Балаларды амандасу және қоштасу арқылы сөйлеу қабілеттерін арттыруда, өзі туралы және досы туралы айтуды үйрету басты міндет болып табылады. Мына сұрақтар арқылы: What is your, her, his names? How old are you? How are you? және сұрақтарға жауап беруде балалардың диолог құрау қабілетін арттыру болып табылады. «Good morning» тақпағын және «Bye, bye-Good bye» әні үйретіледі.
Сандар. Тақырып қазан айын қамтиды. Балаларға 1-ден 10-ға дейін санауды үйрету. How many? What is the time? What is your telephone number? What can you do?сұрақтарымен таныстыру негізгі мақсат болып табылады. Сонымен қатар сан есім+зат есім five balls, two dogs, seven cats тіркестерді үйретеді.
Жануарлар. Тақырып қараша айын қамтиды.Балаларды жануарлардың аттарымен таныстыру: олады үй және жабайы жануарларға бөлу. Бұл тақырыпта I have got, болымсыз түрі I have not got, сұраулы сөйлем Have you got? фразалары енгізген. «Mouse-Mouse» әнін үйренеді. Сонымен қатар сергіту сәтінде «Hand up!Hands down!» жаттығуын жасату балаларының тіл үйрету қабілетін арттырады, тілге деген қызығушылығын тудырады. Тақырыпта «Give me please», «What animal is it?»,«Thank you…» фразалары қолданылады.
Түстер. Көше. Тақырып желтоқсан айын қамтиды. Түстер: red, yellow, pink, green, orange, grey, blue, brown. Сөз тіркестерінің сын есім+зат есім a yellow leaf , a green frog. Тұрақты сөз тіркестері: I see… I have got ауызша сөйлеу қабілеттерін арттыруға және затты сипаттау үшін қолдануына енгізілген.
Отбасы. Тақырып қаңтар айын қамтиды. Жанұя мүшелерінің атаулары үйретіледі: a mother, a father, a grandmother, a grandfather, a sister, a brother, a daughter, a son…
Өз жанұясы туралы тұрақты сөз тіркестері: «I have got...», «I see...», «I love....»арқылы әңгімелерді үйрету. Сонымен қатар «Нave you got?»,«Who is she/he?»сұрақтары қолданылады. Жанұя туралы суреттер, тұрақты сөз тіркестері арқылы суреттеледі.
Тағамдар. Мамандық атаулары.Тақырып ақпан айын қамтиды. Жеміс-жидектер, көкөніс түрлерімен таныстыру. Мамандық атаулары: a worker, a driver, a cooker, a teacher, a doctor… үйретіледі. Диалог құрастыра отырып, сөйлеу біліктерін жетілдіру керек. Сұрақтар: What is he? What do you want to be? Who can draw? I want to be a driver. He is a pilot жауапта енгізу. Мамандық атауына байланысты іс әрекеттер: to teach, to draw, to cook, to drive… is he a doctor? Is she a teacher? Yes, He is… no she is not…
Дене мүшелері. Тақырып наурыз айын қамтиды. A hair, a head, a nose, a mouth, a tongue, an eye, teeth, a neck, an arm, a hand, a leg, a foot… сөздері қолданылады. Қуыршақтың сыртқы келбетін сипаттау. He has got, she has got фразасын қолдану арқылы әңгімелеу. «Нead, shoulders, knees and toes» сергіту әнін үйрету.
Жыл мезгілдері. Киім кешектер. Тақырып сәуір айына арналған. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін үйрету. A winter, a spring, a summer, an autumn, a cap, a hat, a scarf, a jacked, a sweater, a t-shirt, a suit, a dress, a skirt, I wear… What do you wear? What do boys/girls wear? What do you wear when it’s warm/cold? фразаларын үйрету. Киімдерді мезгіл, ер бала және қыздың киімдері немесе түстері бойынша реттеуді үйрету.
Сын есім. Мереке.Тақырып мамыр айына арналған. Біз бір нәрсені анықтарда үлкен, кіші, шапшаң, баяу, ауыр және жеңіл деген сөздерді пайдаланамыз. Мысалы: кіші – кішірек – ең кішісі (small – smaller – smallest), қысқа – қысқалау – өте қысқа (short – shorter – shortest). Мерекелерді атап шығу. A mother’s day, New Year, Victory day, Day of the first President.
Қорытынды. Мамыр айында жыл бойы өтілген тақырыптарды қайталап, пысықтау нәтиежесінде өтіледі.
Ағылшын пәнінің жылдық перспективалық жоспары
Ортаңғы топ
Айлар
|
I - апта
|
II - апта
|
III - апта
|
IV - апта
|
Қыркүйек
|
What is your name?
Сенің атың кім?
|
Where are you from?
Сен қай жақтансың?
|
How are you?
Қалайсың?
|
Who are you?
Сен кімсің?
|
Қазан
|
Numbers 1 – 5
Сандар 1 – 5
|
Numbers 5-10
Сандар 5 – 10
|
How old are you?
Жасың нешеде?
|
Dialogue
Диалог
|
Қараша
|
Big – little
Үлкен – кіші
|
Domestic animals
Үй жануарлары
|
Wild animals.
Жабайы жануарлар
|
The street.
Көше.
|
Желтоқсан
|
Colors.
Түстер
|
Жаңа жыл туралы әндер
|
Seasons.
Мезгілдер
|
New Year Christmas.
Жаңа жыл
|
Қаңтар
|
My family.
Менің отбасым
|
The kitchen.
Ас бөлме. Cooking utensils.
Асхана құралдары.
|
Weeks.
Апталар
|
Going on a visit.
Қонаққа барамыз.
|
Ақпан
|
Professions.
Мамандықтар
|
What do you want to be?
Сен кім болғың келеді?
|
Who is he/she?
Ол кім?
|
Seasons.
Мезгілдер
|
Наурыз
|
The 8th of March.
8 – наурыз
|
Having a party
Бізде мереке
|
The 22th of March.
22 – наурыз
|
My happy birthday.
Менің туған күнім
|
Сәуір
|
Fruits – vegetables.
Жеміс – жидектер
|
Clothes.
Киімдер
Getting dressed.
Киінеміз.
|
Weathers.
Ауа райы.
Going shopping. Дүкенге барамыз.
|
What do you year when it’s cold?
Күн салқында не киесің?
|
Мамыр
|
The parts of the body.
Дене мүшелері
|
I can/can’t.
Мен істей аламын/істей алмаймын
|
I have/haven’t got.
Менде бар/менде жоқ
|
The park.
Саябақ.
|
Жалпы көлемі: Жылына 36 сағат
Ағылшын пәнінің жылдық перспективалық жоспары
Ересектер тобы
Айлар
|
I - апта
|
II - апта
|
III - апта
|
IV - апта
|
Қыркүйек
|
What is your name?
Сенің атың кім?
|
Where are you from?
Сен қай жақтансың?
|
How are you?
Қалайсың?
|
Who are you?
Сен кімсің?
|
Қазан
|
Numbers 1 – 5
Сандар 1 – 5
|
Numbers 5 – 10
Сандар 5 – 10
|
How old are you?
Жасың нешеде?
|
Dialogue
Диалог
|
Қараша
|
Big – little
Үлкен – кіші
|
Domestic animals
Үй жануарлары
|
Wild animals.
Жабайы жануарлар
|
The park.
Саябақ
|
Желтоқсан
|
Colors. Түстер.
The street
Көше.
|
Having a party
Бізде мереке
|
Seasons.
Мезгілдер
|
New Year Christmas.
Жаңа жыл
|
Қаңтар
|
My family.
Менің отбасым
|
The kitchen
Ас бөлме
|
Tidying up.
Жинаймыз.
|
Play time.
Ойнау уақыты
|
Ақпан
|
Professions.
Мамандықтар
|
What do you want to be?
Сен кім болғың келеді?
|
Who is he/she?
Ол кім?
|
Going on a visit
Қонаққа барамыз.
|
Наурыз
|
The 8th of March.
8 – наурыз
|
My happy birthday.
Менің туған күнім
|
The 22th of March.
22 – наурыз
|
Seasons.
Мезгілдер
|
Сәуір
|
Fruits – vegetables.
Жеміс – жидектер
|
Clothes.
Киімдер
|
Weathers.
Ауа райы
|
What do you year when it’s cold?
Күн салқында не киесің?
|
Мамыр
|
The parts of the body.
Дене мүшелері
|
Bath time.
Шомылатын уақыт.
|
Bed time.
Ұйықтайтын уақыт.
|
Going swimming.
Шомылуға барамыз.
|
Жалпы көлемі –Жылына 36 сағат
Пайдаланған әдебиеттер:
Шетел тілдерін оқыту тұжырымдамасы. Алматы 1998ж.
Бағдарлама. Ағылшын тілі. Алматы 1999ж.
М.С.Шарипбаева «Изучаем английский язык». Алматы 2003 ж.
Л.Б.Асқарова, С.Д.Рахимжанова, А.С.Волкова, English 1 сынып (әдістемелік құрал), Алматы, 2013 ж.
Менің алғашқы сөздігім. My first dictionary. Алматы 2003 ж.
Алғашқы жүз сөз. First Hundred words. Алматы 2003 ж.
МАЗМҰНЫ:
Пікір ...........................................................................................................
Алғы сөз .....................................................................................................
Бағдарлама мазмұны мен құрылымы .....................................................
Ортаңғы топқа арналған ағылшын тілі пәнінің перспективалық жоспары ........................................................................
Ересектер тобына арналған ағылшын тілі пәнінің перспективалық жоспары ......................................................................
Пайдаланған әдебиеттер ......................................................................
Достарыңызбен бөлісу: |