Базальды қабат


Экзамасы бар науқасты емдеу



бет47/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

54.Экзамасы бар науқасты емдеу.
Емі. Жалпы және сыртқы беткей емді жекелеп, аурудың негізінде жатқан экзогенді және эндогенді факторларды ескере отырып тағайындайды. Нейроэндокриндік бұзылыстарды қалыптастыру, созылмалы инфекциялық ошақтарды санациялау, сумен қатынасты шектеу шаралары жүргізіледі. Мүмкіндігінше аллергияны арандататын тағамдық өнімдерді анықтау қажет. Егер олар анықталмаған болса, шоколадты, балды, жаңғақты, цитрустарды, қауынды, ананасты, теңіз тағамдарын, балықты, ысталған тағамдарды, майонезді, желекетті, сірке қышқылын, қышаны, жұмыртқаны, сүтті, шалғамды, тұрыпты, томаттарды, сығып алынған заттарды, алкогольді қамтымайтын гипоаллергендік диета тағайындалады.
Бейарнамалық спецификалық, патогенетикалық ем әдістері әртүрлі. Бұл біріншіден 3-5 апта бойына (курсын 10 күн алмастырып отырып) антигистаминдік препараттар беріледі. Қажет болған жағдайда 2-3 апталық үзілістен соң антигистаминдік препараттарды қайтадан бастап тағайындайды, Лоратадин 0,001 грамман күніне 1 рет, немесе фексофенадин күніне 180 мг 1рет.
Терісінің анық қышуы байқалғанда, невротикалық бұзылыстарда, ұйқысы бұзылғанда седативті компонеттері бар антигистаминді препараттар тағайындайды: хифенадин 0,025 г күніне 3 рет немесе хлорпирамин 0,025 г күніне 3 рет, болмаса клемастин 0,001 г күніне 2-3 рет немесе мебгидролин 0,1 г күніне 3 рет.
Гипосинсибирлеуші препараттар: 30% натрий сульфат ерітіндісін 5-10 мл көктамырға баяу күнде немесе күн ара енгізеді, 1 курсқа 10-15 инъекция немесе 25% магний сульфатының 5-10 мл ерітіндісін бұлшық етке немесе 10% кальций глюконаты ерітіндісін 10 мл күнде немесе күнара бұлшық етке, барлығы 10-15 инъекцияжасалады.
Түнде препараттарды ішкеннен кейін басылмайтын қатты қышуда антигистаминді препараттарды бұлшық етке енгізеді: 1% дифенгидрамин ерітіндісі немесе 2% хлорпирамин ерітіндісін немесе 0,1% клемастин ерітіндісін 1-2 мл түнде әр күн сайын барлығы 10-15 инъекция жасайды.
Ұйқы бұзылғанда, невротикалық бұзылыстарда психоэмоциональды жағдайы қалпына келгенге дейін, транквилизаторлар тағайындайды: оксазепам 0,01 г түнге немесе нитразепам 0,005 г түнде.
Ұйқы безінің ферментті препараттары 3-6 апталық курспен тағайындалады: панркеатин (креон күніне 1 касуладан күніне 3 рет тамақ кезінде аз мөлшері сумен немесе мезим-форте күніне 1 таблеткадан тамақ алдында); құрамында панкреатин, холь қышқылы, пепсин, аминқышқылдары бар препараттар (панзинорм форте күніне 1 дражедан күніне 3 рет тамақ ішу кезінде) беріледі. Іш қатуға бейімділік байқалғанда өт компоненттері бар препараттар қолданылады: фесталнемесе
энзистал күніне 1 дражеден 3 рет. Науқастарда тұрақсыз нәжіс байқалса, құрамында өт жоқ препараттар тағайындайды.
Айқын ісіктік синдром байқалғанда зәр жүргізетін препараттарқолданылады.
Иммуномодуляциялық препараттарды қанды иммунологиялық зерттеу барысында екіншілік иммунды жетіспеушілік жағдайының клиникалық белгілеріне байланысты тағайындайды: жиі ЖРВИ, вирусты және саңырауқұлақты инфекциялар, қайталамалы пиодермия, созылмалы инфекция ошақтары, тұрақты емге резистенттілік пайда болғанда. Жиі 0,01%–1млтактивинерітіндісінтәулігіне1ретбұлшықетке5-
14 күн бойы немесе ликопид 10 мг тәулігіне 1 рет немесе миелопид 3,0 мг тәулігіне 1 рет 10 күн бойына тағайындайды. In vitro препараттарын тестілеуді хемолюминесценттелген әдіспен қоса қолдану арқылы иммунотропты препараттарды жеке дара таңдайды.
Тұрақты, ауыр ағымды эритродермияға ауысу мүмкіндгі бар экземада, преднизолонды (немесе басқа глюкокортикоид) бастапқы дозасы 20-30 мг/тәулігіне 2-3 апта бойына тағайындап, дозасын біртіндеп 1-2 мг (1/4 таблетка) азайтады. Экзематозды эритродемиясы бар науқастарға детоксикация мақсатында гемосорбция, плазмаферез, энтеросорбция қолданады.
Балаларда бір уақытта азқазан-ішек трактісінде дисбактериоз, ферментопатия болуы мүмкін, сондықтан оларға бифидумбактерин, бификол, бактисубтил, лактобактерин, колибактерин көрсетілген. Антибактериальды терапия курсынан кейін тоқ ішекте стафилококк, протей, лактозонегативті ішек таяқшалары табылғанда стафилококкты бактериофаг және полипротейлі бактериофаг қолдану қажет.
Сыртқы емдеу қабыну процессінің деңгейіне байланысты жедел қабынуда фукорцин, 25% күміс нитраты ерітіндісі, 0, 01- 0,1% калий перманганаты ерітіндісінен бұлаулар, кортикостероидтардан жасалған аэрозольдер, қабынуға қарсы, антибактериальды ылғалды таңғыштар қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет