Базальды қабат



бет15/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

11. Мерездің жалпы ағымы
Мерезде белсенді және жасырын көріністер кезектесіп отырады. Сифилидологтардың бақылауынша кейбір адамдарда ауру жұққаннан соң ұзақ уақытқа симптомсыз жасырын кезеңі өтетіні анықталған. Ауру күтпеген жерден оң серологиялық реакциялар немесе кенеттен болатын ішкі мүшелердің немесе нерв жүйесінің зақымдалуы болғанда анықталады. Мерездің бұндай ағымы «беймәлім» (lues ignorata) деп аталады, себебі науқас та, дәрігер де жұққан кезді анықтай алмайды.
Ағымы 4 кезеңге бөледі: инкубациялық, біріншілік ,екіншілік,ушіншілік
Инкубациялық кезең – аурудың жұққан кезінен бастап алғашқы клиникалық белгілердің – қатты шаңкрдің (біріншілік сифилома) байқалғанына дейінгі мерзім. Инкубациялық кезеңнің орташа ұзақтығын ұзақ уақыт 3 апта деп санаған. Біріншілік мерез бозғылт трепонеманың енген жерінде біріншілік сифилома пайда болады (қатты шанкр). Қатты шанкрдан жақын жатқан ұлғайған лимфа тамырларына қарай регионарлы лимфаденит, кейде лимфангит дамиды. Қатты шанкр көлемі 1 см-ге дейін, кейде одан да үлкендеу болатын, тостағанша тәрізді және айқын шекаралы, дұрыс дөңгелек немесе сопақша пішінді жекелеген эрозия түрінде болады. Сирек жағдайда біріншілік сифиломаның атипті түрлеріне жататын шанкр-амигдалит, шанкр-панариций мен индуративті ісіну кездеседі. Екіншілік мерез- ауру жұққаннан соң орташа 10 аптадан кейін дамиды және екіншілік сифилидтердің пайда болуынан 7-10 күн бұрын продромальді көріністерден басталады. Жиі ол әйелдерде немесе әлсіреген науқастарда болады және уақыт бойынша бозғылт трепонемалардың қанмен таралу кезеңімен сәйкес келеді. Әлсіздік, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі, адинамия, бас ауыруы, бұлшықеттегі, сүйектегі, буындардағы ауырсыну болады. Екіншілік мерезде көптүрлі морфологиялық элементтер тері мен көзге көрінетін кілегей қабаттарда орналасады; аз мөлшерде ішкі мүшелердегі, нерв жүйесіндегі, тірек-қимыл жүйесіндегі және т.б. өзгерістер болады. Үшіншілік мерез тіптен арнамалы ем алмаған немесе дұрыстап емделмеген кейбір науқастарда пайда болады. Сонымен қатар, үшіншілік мерездің дамуына балалық шақтағы балалар, созылмалы аурулар, интоксикация, алкоголизммен ауыратын адамдар, қарт адамдар бейім болып келеді. Әдетте үшіншілік мерез 4–5 жылдан кейін, ал соңғы он жылдықтарда 8– 10 жылдан кейін, кейде жұқтырғаннан кейін ондаған жылдардан соң дамиды. Үшіншілік мерез активті және жасырын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет