Базальды қабат


Тыныстық және резорбциялық қызметі



бет13/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

Тыныстық және резорбциялық қызметі.Терінің резорбциялық қасиеті майлы түкті фолликулдардың белсенділігіне, сулы майлы мантияның жағдайына, мүйізді қабаттың беріктілігіне тәуелді. Алақан мен табанның беткейіның резорбциялық қасиеті физиологиялық гиперкератозға байланысты әлсіз болып келеді. Тер және май бездері көп шоғырланған, мүйізді қабат жұқа орналасқан беткейлердің резорбциялық қасиеті күшейтілген: майда еритін дәрілік заттар йод, фенол, пирогаллол, резорцин, салицил қышқылы, бор қышқылы, т.б. тері арқылы сіңіріледі. Терінің қабыну өзгерістерінде резорбциялық қасиеті күшее түседі. Сондықтан сыртқа қолданылатын дәрілік препараттарын емдік дозасынан артық қолданбау керек. Терінің тынысқа қатысуы, яғни оттегіні сіңіріп, коміртегі газын бөліп шығаруы аз көлемде болады. Тері арқылы өкпеде алмасатын оттегінің 1/180-і сіңіріліп, көміртегінің 1/90-і бөлініп шығады. 
Жылуреттеу қызметі. Дене қызуын ұстап тұратын адаптациялық механизмдер көп. Эпидермистің мүйізді қабатының жылуөткізгіштігінің төмендігімен қатар дерманың талшықты субстанциясы мен тері асты шел май қабатының да маңызы зор. Термореттеліске қан және лимфа айналысының және тер мен май бездерінің бөліп шығару қасиетінің тигізер әсері орасан.
Терді бөлуші тер бездері терді буландыру арқылы теріні салқындатып, дене қызуын қалыптастырады. Тердің булануы Энергия жұмсалатын процесс, яғни 1л тербуландыру үшін 2400 кДж энергия, яғни барлық бір күнде түзілген дене жылуының 1/3 і жұмсалады екен. Тер бездерінің белсенділігі негізінен кеуде, қоластының сыртқы беткейі, иықтың жазғыш беткейі, мойын, маңдай, ауыз мұрын қатпарының терісінің температуралық факторымен реттеледі. Жылудың булану жолымен шығарылуы вегетодистониялық және дисциркуляторлық бұзылыстар кезінде күшейеді. 
Зат алмасулық қызметі. Терінің зат алмасудағы ролі оның қор жинақтаушы қасиетіне байланысты. Дәнекер тінді клеткалардың, эластикалық, коллаген және аргирофильді талшықтардың, тері асты шел май қабатының гидрофильділігі клеткаішілік және клеткадан тыс сұйықтықтың, минералдық заттардың, дәрумендер мен микроэлементтердің теріде жинақталуына әкеледі. Теріде көмірсу, холестерин, йод, бром, амин қышқылдары, өт қышқылдары және липидтердің тотығып қышқылдану процессінің қалдықтары жинақталады. Осыған орай жалпы зат алмасу бұзылыстары алдында теріде бірқатар патологиялық процесстер орын алады. Мысалы бауырдың қызметі бұзылғанда айқын терінің қышуы, жасырын қант диабетінде айқын пигментті дақтардың болуы. 
Терінің мүйізді қабатына енген көптеген химиялық заттар онда ұзақ сақталады. Радионуклидпен араластырылған преднизолонды перкутанды ионофорез арқылы енгізгенде препараттың ағзадағы айналысы 2 аптаға дейін жалғасады, ал ішуге қабылдағанда тек 24 сағат көлемінде ғана табылады. 
Дәрумендердің тері жағдайына тигізетін әсері мол. В тобының дәрумендері тотығу тотықсыздану процессінің ағымын қалыптастырып, РР дәрумені детоксикация және метаболиттердің сыртқа шығарылуына қатысып, А, Е, Д дәрумендері инфекцияға қарсы әсері факторы бола отырып терідегі белоктық алмасуды белсендіріп, эпидермистегі кератопластика процессін қалыптастырады. Бұл қабыну процесстерінде эпителий регенерациясын жақсартады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет