Базальды қабат



бет10/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

2. Терінің негізгі қызметі. 
Тері ағзаның күрделі физиологиялық қызметтер кешенін атқаратын сыртқы жамылғысы. Ол белсенді түрде су, минерал, май, көмірсу, дәрумен, энергетикалық сияқты зат алмасу процесстеріне қатысады. Тері көмірсу, токсиндер, айналыстағы иммундық кешендер, антиген мен антидене және басқа да жалпы және тіндік зат алмасу өнімдерінің жинақталған улкен қоры. Тері ағзаның барлық өмірлік маңызды процестеріне қатыса отырып, мынадай арнайы қызметтерді атқарады: иммундық, қорғаныш, секреторлық, рецепторлық және т.б. 
Тері иммундық мүше. Зақымдалмаған сау тері мен кілегей қабық арнайы пенетрация аппараты жоқ көптеген микроорганизмдерге тосқауыл бола алады. Терінің бұл қорғаныш қызметі ертеректе тек механикалық факторлармен түсіндіріліп келген еді: мүйізді қабат, сулы липидті мантия, жоғары серпімділігімен жіне тері асты шел май қабатының болуымен. Алайда бүгінгі күні терінің негізгі құрылымдарының иммундық белсенділігі туралы мәліметтер пайда болды.
Т лимфоциттер иммундық жүйенің негізгі элементі болуына байланысты эпидермис кератиноциттерінің қалқанша маңы безінің эпителиальды клеткаларымен анатомиялық, молекулярлық және функционалдық ұқсастығы дәлелденген. Оларға эпидермальды тимоцитбелсендіруші фактор (ЭТБФ), интерлейкиндер – 1,2 (Т клеткасын дамытушы фактор), интерлейкин – 3 (мес клеткаларының дегрануляциялаушы және пролиферациялаушы фактор), табиғи киллерлерді белсендіруші фактор (ТКБФ), гранулоциттер белсенділігінің эпидермальді факторы. Сондай ақ, кератиноциттер терінің иммундық және қабыну реакцияларына қатысатын бірқатар арнайы емес медиаторлар мен биологиялық белсенді заттар өндіреді. Олардың ішінде май қышқылы метаболиттері (простогландиндер, лейкотриендер, май қышқылы гидроксидтері), плазминогеннің активаторы мен ингибиторы кеңінен зерттелген. 
Кератиноциттер дезоксинуклеотидилтрансферазаға әсер ете отырып, Т лимфоциттің дамуна ықпал етеді. Эпидермальді клеткалар Т-лимфоцитарлы нақтылану процессіндегі тимопоэтинді секрециялайтыны сияқты осы ферменттің экспрессиясын индуцирлей алады. Сондай-ақ эпидермальді клеткалардың иммундық процестердегі маңызды ролі өз беткейінде иммуноассоциативті антигендерді экспрессиялай алу қасиетімен расталады. Кейбір ғалымдардың айтуынша бұл рецепторлар ақ талшыкты эпидермоциттердің теріге миграциясын жақсартады. Ал, кейбір ғалымдар олардың көмегімен кератиноциттер антигенді танып, лимфоциттермен әрекеттеседі. 
Кератиноциттердің тимустың эпителиальды клеткаларымен ұқсастығы эпидермистің базальды клеткаларындағы және тимустың гормональды эпителийіндегі ортақ гетероантигендерімен расталады. Тимус эпителийін жасанды ортада өсіру кезінде бұл мүшелердің морфологиялық ортақ қасиеттерін тапты. Тимус клеткасы жасанды ортаға өсірген кезде эпидермистің типті кератиноцитіне айналады екен. Сонымен қатар, қалқанша маңы безі денелерінің рецепторларында эпидермистің базальды қабығына тән антиген табылған. Қалқанша маңы безінің одан да терең орналасқан денелерінің құрамынан эпидермистің тіпті тікенекті, түйіршікті, мүйіздй қабықтарына тән антигендер де табылған. Бұл эпидермисті қалқанша маңы безімен қызметі ұқсас мүше ретінде қарастыруға толық негіз болады. 
Дерманың иммундық белсенділігі беткей жатқан тамырлар өрімі мен тері қосалқыларының айналасындығы лимфоциттермен сипатталады. Терідегі барлық лимфоциттердің 90%-ын Тлимфациттер құрайтыны және эпидермис пен дерманың жоғарғы қабықтарында орналасатыны иммуноморфологиялық әдіспен дәлелдеген. Периваскулярлы аймақтың лимфоциттері бірдей көлемдегі хелперлер мен супрессорлерден тұрады, хелперліксупрессорлық индекс 0,93-0,96-ге тең. Бұл клеткалардың көбі белсенді күйде кездеседі. Себебі, олардың беткейінде иммуноассоцирленген антигендер (HLA-DR) мен интерлейкин-2нің рецепторлары табылған. 
Терінің иммундық реакциясының пайда болуы мен дамуында макрофагальді жүйе мен беткей тамырлық өрімнің посткапиллярлы венулаларының эндотелиальды клеткаларының маңызы зор. Макрофагальді жүйе дерма мен тері асты шел май қабатында фибробласт, фагоциттеуші макрофагтар (гистиоциттер), дендриттік клеткалар түрінде кездеседі. Морфологиялық тұрғыдан екшеленген тіндік гистиоцит көп мөлшерде микроталшықтардан тұратын клетка түрінде болады. Гистиоциттердің цитоплазмасының құрамында РНК мен ферментер болады. Барлық макрофагтар тәрізді гистиоциттердің беткейінде де С3-ке және IgG-ң Fc фрагментіне рецепторлар болады. Терінің макрофагальді жүйесінің құрамына мес клеткалар да кіреді. Олар Т-лимфоцитінің миграциясына және гиперсезімталдық типі бойынша антиген-антидене реакциясына қатысады. Сондай-ақ терідегі иммундық қызметті атқарушылар қатарында қанның теріге миграцияланатын клеткалары (моноцит, эозинофиль, нейтрофилдер, базофилдер, эритроциттер) да бар. 
Тіндік макрофагтардың түрлі өзгеріске ұшыраған популяциясына жататын талшықты ақ эпидермоциттер да иммундық қызмет атқарады. Бұл клеткалар да мес клеткалары, фиброциттер, макрофагтар сияқты тек антигендермен не цитокиндермен әсерлескенде ғана биологиялық белсенді зат бөліп шығарып, физиологиялық белсенділік көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет