Базальды қабат


Еркектерде жаңа гонорея. Клиникасы, диагностикасы, емдеуі



бет95/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

117. Еркектерде жаңа гонорея. Клиникасы, диагностикасы, емдеуі
116 мен бирди
118.Тегіс тері трихофитиясы.
Тегіс теріде эритроматозды-сквамозды дұрыс дөңгелек пішінді, мөлшері тиын (монета) тәрізді шетке қарай өсуге ошақтар пайда болады. Бұл зақымдалудың клиникалық көрінісінде терінің деңгейінен шығып тұратын, жиірек ұсақ көпіршіктермен немесе қабыршақтармен жабылып тұратын, шетке қарай өсу білігі айтарлықтай тән болып келеді. Тегіс терінің созылмалы трихофитиясы клиникалық көрінісі, орналасуы және ағымы бойынша беткей трихофитиядан айтарлықтай өзгеше келеді. Ошақтары балтыр терісінде, жамбас, тізе буындар аймағында, иықта және сирек бет пен денеде орналасады. Ошақтардың айқын шекарасы болмайды, біртіндеп сау теріге ауысады, іркілген-күңгірт түсті, әртүрлі аймақтары қабыршақтармен жабылғанына орай, ошақтары созылмалы экземаға ұқсас келеді. Созылмалы трихофитияның ұзақ және солғын ағымы организмнің төмен иммунды реактивтілігінен болуы мүмкін. Ошақтарда шаштың түбтерінің зақымдалуы байқалады, сонымен қатар бастың шашты бөлігімен тырнақтар қатар (диссеминирленген процесс) зақымдалады. Субъективті бұзылыстар болмайды, немесе жеңіл қышумен көрінеді. Созылмалы трихофитияда алақан және табан терісінде гиперкератоз фонында жиі тырнақ пластинкаларының зақымдалуымен бірге құрғақ дисгидроз деп аталатын типті пластинкалы қабыршақтану және айқын емес қабыну көріністерімен байқалады.
Емі. Трихофитиямен ауыратын науқастардың емін ауруханаларда немесе амбулаторлық жағдайларда жүргізуге болады. Қарсы көрсеткіштер болмаса, гризеофульвин ересектерге 12,5 мг/(кг*тәул) есебінен (ішуге), 1 г артық емес және 18 мг/(кг*тәул) балаларға тағайындайды. Антибиотикті күніне 3 рет шай қасық өсімдік майымен, саңырауқұлаққа анализ теріс болғанға дейін қабылдайды, кейін сол дозамен 2 апта бойына күнара, және 2 апта бойна аптасына 2 реттен қабылдайды. Гризеофульвинді тербинафинге (тамақтан кейін 250 мг/кг ересектерге (ішуге) 5-6 апта бойына) немесе итраконазол (100 мг/тәул 4-6 апта) ауыстыруға болады. Тегіс тері немесе бастың шашты бөлігіне (аптасына 1 рет қырады), жағуға крем немесе жақпамай (кетоконазол, бифоназол, клотримазол, оксиконазол немесе күкірт-салицил жақпамайның 2% йодтың спирттік тұндырмасында – ертеңгісін йодпен, кешке – жақпамаймен) қолданылады. Ем әдетте 4-6 апта созылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет