4. Пререквизиттер: Академиялық қазақ тілі (В1)
5. Постреквизиттер: Кәсіби қазақ тілі, Риторика, Іскери қатынас мәдениеті.
Курс соңында білім, білік, дағды бойынша күтілетін нәтижелер төмендегідей:
Тыңдалым
|
тыңдаған таныс/таныс емес тақырыптар бойынша іскери қатынас тiлiн түсiне алады;
іскери тақырыпқа жақын аудиомәтіндердің мазмұнын тыңдай отырып түсінеді;
тыңдаған мәтіндегі негізгі деректерді екшелеп саралайды;
іскери кездесулердегі, дөңгелек үстелдердегі пікірталастарда
көтеріліп отырған мәселелердің басты идеясын, мазмұнын
түсінеді;
жалпы мазмұнын түсініп, пайымдайды;
телевизиялық жаңалықтар бағдарламаларын және ағымдағы
оқиғаларды тыңдап, түсінеді.
|
Оқылым
|
тақырыпқа сәйкес әртүрлі жанрдағы көлемі шағын аутентикалық мәтіндердің мазмұнын оқып түсінеді;
іскери құжаттар мен іскери бағыттағы мәтіндерді оқу техникасы жетіледі;
оқыған мәтін бойынша сыни пікір, қолдау, ұсыныс білдіру, қиындықтан шығу жолдарын ұсына алады;
мәтіндегі мәліметтерді шығармашылық жұмыс барысында, жобалық жұмыстар мен презентация жасауға, сұхбат пен дөңгелек үстелдерде өз пікірін айту барысында пайдалана алады;
мәтіндегі іскери қатынас және ресми терминдерді түсіне алады;
әр түрлі мәтіндерден өзіне тиісті мәліметтерді дұрыс ала біледі.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |