Гинекология ЖІҚ енгізуге абсолютты қарсы көрсеткіш болады бәрі, біреуінен басқасы
болмауы
Комбинирленген контрацептивтерде қолдануға абсолютты өарсы көрсеткіштер болып табылады
Аденомиоз – бұл жатыр денесінің ішкі
Аналық безінің апоплексиясы қосарланады
Жүктілік кезінде аналық безінің ісік ауруларын оперативті емдеудің тиімді уақыты
Кіші жыныс ерніндегі ауырсынатын жара қандай патологияға күдік тудырады
Науқас 19 жаста, ішінің төменгі бөлІгінің ауырсынуына, дене температурасының 37,5С жоғарылауына және жыныс жолдарынан іріңді бөліністерінің бөлінуіне,зәр шығарудың ауырсынуына шағымданды.Қарау кезінде: уретра инфильтрацияланған, айнада – жатыр мойны гиперемияланған, эрозияланған, бөліністер іріңді-кілегейлі, көп мөлшерде. Қынаптық тексеруде: жатыр үлкеймеген, пальпацияда ауырсынады,қосалқылар екі жағынан қалыңдаған,ауырсынады. Жағынды бактериоскопияда – клетка ішілік және сыртында гонококктер анықталған.Мүмкін диагноз?
Науқас 20жаста, дене температурасының 38,4С дейін жоғарылауымен жедел ауырып қалды.Сырқатының басталуын етеккір циклінің басталуымен байланыстырады.Ішінің төменгі бөлІгінің ауырсынуы мазалайды.Арнайы қарауда жатыр қалыпты мөлшерде,қосалқыларының екі жағынан күрт ауырсынуы анықталады, инфильтраттар жоқ.Мүмкін диагноз?
Науқас 22 жаста, қышыну,ашуы,сүт тәрізді бөліністерге шағымданады.Қарау кезінде: гиперемия, ірімшік тәрізді бөліністер анықталады.Диагноз
Науқас 25 жаста, гинекология бөліміне :Біріншілік бедеулік.Арнамалы этиологиялы екі жақты созылмалы сальпингоофорит ремиссия сатысы диагнозымен жолданды.Түтіктердің өткізгіштігін тексеру мақсатында гистеросальпингография жасалынды.Қорытынды: жатыр түтіктерінің өткізгіштігі жоқ.Әрі қандай тактиканы қолдану тиімді болып саналады?
Науқас 28жаста, етеккір алдында және етекккір кезінде күшейетін ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына, 5 жыл бойы жүктіліктің болмауына шағымданады. Анамнезңнде–жүктіліктің 5-6 аптасында өзіндік түсік болған.Қынаптық қарауда: жатыр антефлексия қалпында, қозғалысы шектелген, қалыпты мөлшерде, ауырсынусыз.Жатырдан оң және артқа қарай кокнсистенцисы тугоэластикалық, аз қозғалатын, сәл ауырсынатын мөлшері 8x8 см. түзіліс анықталады.Сол жақ қосалқылары қалыпты.Диагнозды нақтылауда қосымша зерттеу тағайындаңыз:
Науқас 28-жаста, гинекологиялық бөліміне жеткізілген.Анамнезінен: 2 сағат бұрын аз уақытқа есінен танып, кенеттен күрт ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуы пайда болған.Соңғы етеккірі 35 күн бұрын болған. Объективті:тері қабаттарының түсі бозғылт, тез әлсздік,апатиялық жағдайы.Пульс минутына 100 рет,тыныс алуы жиілеген минутына 34 рет,АҚҚ 80/50 мм с.б.б., Т 35,8 С.Ішін пальпациялағанда: басымдылығы оң жағының гипогастральды бөлігінің керілуі мен ауырсынуы, оң мәнді Щеткин-Блюмберг белгісі төменгі бөлікте анықталады.Перкуссияда төменгі бөліктерде дыбыстың тұйықталуы байқалады.Қынаптық қарауда: «жүзіп жүрген жатыр» симптомы анықталады.Диагноз?
Науқас 34 жаста, әйелдер кеңесі дәрігеріне 9 жылдан бері жүктіліктің болмауына шағымданып келді.Етеккірі 2-3 ай сайын.Қарауда: фенотип әйел, дене бітімі дүрыс дамыған,тері қабаты жақсы дамыған.Қынаптық қарауда: сыртқы жыныс мүшелерінің дамуы қалыпты.Жатыр денесі мен қосалқылары қалыпты.Базальды температура – монофазалы, кариопикнотикалық индекс 60-70%. Күйеуінің спермограммасы өзгеріссіз.Мүмкін диагноз?
Науқас 47 жаста, гинекология бөліміне жыныс жолдарынан көп мөлшерде қанды бөліністер бөлінуімен жеткізілді.Нв 112 г/л. Соңғы етеккірі 5 аптаға кешігін келген,9күннен бері жалғасуда, әлсіздік, басының айналуы мазалайды.Анамнезінде 2 босану, 1 эндометритпен асқынған аборт . Етеккірі соңғы жылда ретсіз.Қынаптық тексеруде жатыр мойны ерекшеліксіз.Жатыр қалыпты мөлшерде, тығыз, қозғалмалы,қосалқылары ерекшеліксіз.Дисфункциональды жатырлық қан кету диагнозы қойылды.Қандай ем тағайындау өажет Диагнозды дәлелдеу үшін қандай диагностикалық зерттеу жүргізу қажет?
Науқас 47 жаста, гинекология бөліміне жыныс жолдарынан көп мөлшерде қанды бөліністер бөлінуімен жеткізілді.Нв 112 г/л. Соңғы етеккірі 5 аптаға кешігін келген,9күннен бері жалғасуда, әлсіздік, басының айналуы мазалайды.Анамнезінде 2 босану, 1 эндометритпен асқынған аборт . Етеккірі соңғы жылда ретсіз.Қынаптық тексеруде жатыр мойны ерекшеліксіз.Жатыр қалыпты мөлшерде, тығыз, қозғалмалы,қосалқылары ерекшеліксіз.Дисфункциональды жатырлық қан кету диагнозы қойылды.Қандай ем тағайындау қажет ?
Науқас А., 24 жаста,етеккірінің 2 аптаға кідіруінде ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына және жыныс жолдарынан қанды бөліністер бөлінуіне шағымданып түсті.АҚҚ 100/60 мм с.б.б., пульсі минутына 90 рет.Айнамен қарағанда:жатыр мойнының кілегей қабатының цианозы, бөліністер қанды, қою түсті. РV: жатыр сәл үлкейген, қозғалмалы, оң жақ қосалқылары аймағында ауырсынатын, консистенциясы қамыр тәрізді түзіліс анықталады.Артқы күмбезі жазықталған,ауырсынады.Мүмкін болатын диагноз?
Науқас Б., 30 жаста,белгілі бір қалыпты ұстауды қажет ететін күшті күрт ауырсынудың пайда болуына, дене температурасының 37,8°С-38,5°С жоғарылауына, қалтырауға шағымданады. Гинекологиялық қарауда:жатыр мойнын қозғағанда екі жағынан жатыр қосалқыларының аймағында пальпациялауда ауырсынуы анықталады.Қан сынамасында: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. Бұл көрініс төменде көрстеілген қандай ауруда байқалады?
Науқас Г., 25 жаста, оң жақ үлкен жыныс ернінің ауырсынуына және дене температурасының 390С жоғарылауына, жүрген кезде түзілістң ауырсынуына шағымданады. Объективті: оң жақ үлкен жыныс еріні ісінген, ауырсынады, гиперемияланған, пальпацияда түзілісте жұмсарған учаскесі анықталады.Диагноз?
Науқас К., 21жаста,қалалық аурухананың гинекология бөлімінде соңғы 5 күнде бартолинит ауруы бойынша ем алуда.Мерезге серологиялық зерттеуде RW қан оң мәнді анықталды.Қандай патологиялық көрініс ойға келеді?
Науқас О., 34 жаста,гинекология бөліміне субсерозды миоматозды түйіннің аяқшасының айналып кетумен шұғыл түрде госпитализацияланды.Операция барысында іш қуысын ашу кезінде: жатыр бұдырлы,көптеген миоматозды ісікке айналған, мөлшері жүктіліктің 13 аптасына сәйкес үлкейген.Жатырдың алдыңғы қабырғасында-субсерозды миоматозды түйіннің аяқшасы айналып кеткен,түйін көлемі 4х4 см,қоңыр-қызғылт түсті.Жатыр қосалқылары өзгеріссіз.Операцияның көлемін анықтаңыз
Науқас Р., 23 жаста,ішінің төменгі бөлігінің сол жағының тұрақты түрде ауырсынуына, жалпы әлсіздікке, дене температурасының 38,0°С жоғарылауына шағымданады.Ауырғанына 3-ші тәулік,етеккір аяқталғанынан басталған.Іші жұмсақ ,пальпацияда төменгі бөлігінің сол жағы ауырсынады.Айнамен қарағанда:бөліністер –ақшыл.Сол жақ қосалқылары сәл үлкейген, пальпаияда ауырсынады,оң жағы ерекшеліксіз.Күмбездері бос,терең.Диагноз?
Науқас, 28 жаста,етеккірінің 18 күнге кідіруінде ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына шағымданып түсті.Жалпы жағдайы орташа,пулсі минутына 78 рет, АҚҚ 90/70 мм.с.б.б.Айнамен қарағанда: жатыр мойнының кілегей қабатының цианозы. РV: жатыр көлемі сәл үлкейген, қозғалмалы,ауырсынусыз.Оң жақ қосалқылары аймағында ауырсынатын, консистенциясы қамыр тәрізді түзіліс анықталады.Артқы күмбезі жазықталған,ауырсынады.Көрсетілген белгілер қандай диагнозде кездееді?
Науқас 23 жаста біріншілік бедеулікке байланысты гистеросальпингография жасалынған.Суретте:жатыр қуысы Т-тәрізді пішінде,жатыр түтіктері қысқарған,ригидті,түйреуіш тәрізді ампулярлы бөлігі кеңейген, іш қуысына контрастылы заттың бөлінуі жоқ.Бұл өзгерістер қандай ауруға тән?
Науқас 30 жаста, екі жақты пиосальпинкс кезінде операцияда қолданады
Гинекология бөліміне 36 жастағы науқас, ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына, құсу, дене температурасының 380С дейн көтерілуіне шағымдармен жеткізілді.Соңғы 3 жылда жатыр миомасымен,біріншілік бедеулікпен диспансерлік есепте тұрады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта,дене темпаретурасы 380С. Іш перде тітіркену белгісі оң мәнді.Айнамен қарауда:жатыр мойны таза,бөліністер ақшыл. РV: жатыр жүктіліктің 5-6 аптасына дейін үлкейген,оң жақ бұрышында ауырсынатын тығыз мөлшері 5х6 см.түзіліс анықалады.Қосалқылар аймақтары ерекшеліксіз.Мүмкін болатын диагноз?
Гинекология бөліміне 20 жастағы науқас, етеккір циклінің 13 тәулігінде күрт басталған ішінің төменгі бөлігінің қатты ауырсынуына шағымданып түсті. АҚҚ 100/60 мм.с.б.б. Пульсі минутына 90 рет.Тері қабаттары бозғылт.Іші жұмсақ,төменгі бөлігі ауырсынады.Іш перде тітіркену белгісі жоқ. Р.V.:жатыр кішкентай, қосалқылары ауырсынуға байланысты анықталмайды. Күмбездері терең, ауырсынады.Қан сараптамасы: гемоглобин – 102 г/л, эритроциттер – 3,3×1012/л, лейкоциттер – 5,6×109/л. Мүмкін диагноз?
Гинекология бөліміне науқас ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына,жыныс жолдарынан іріңді-қанды бөлністер бөлінуіне, дене температурасының 380С дейін көтерілуіне шағымданып түсті.Шағымдар етеккір циклінің 8 күні,ЖІҚ енгізгеннен кейін 3 күннен соң басталған.Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза. Цервикальды өзекте ЖІҚ мұртшалары анықталады, бөліністер іріңді-қанды. Жатыр сәл үлкейген, күрт ауырсынады,қозғалысы шектелген.Қосалқылары анықталмайды. Күмбездері терең, ауырсынады.Қандай диагноз?
Жатырдың генитальды туберкулезін диагностикалауда мағлұматты әдіс
Кольпиттің диагностикасында негізгі симптомдар болып табылады
Әйелдер кеңесінде арнайы қабылдауларды келесі аурулар бойынша ұйымдастыру қажет
Әйелдер кеңесіне 26 жастағы әйел, 2 айға етеккірінің кідіруіне және ішінің төменгі бөлігінің тартып ауырсынуына шағымданып келді.Қынаптық қарауда: жатыр жүктіліктің 8 аптасына сәйкес үлкейген,цервикальды өзек жабық,қосалқылары ерекшеліксіз.Мүмкін болатын диагноз?
Ішкі жыныс мүшелерінің туберкулезі қандай жастық кезеңде жиі анықталады?
Овуляция кезінде кілегейдің максимальды ұзындығы
Сыртқы жыныс мүшелерінің іріңдеген гематомасында жүргізілетін тактика
АИЖ қандай тінге троптылығы байқалады
Босанудан кейінгі кезеңде ЖІҚ енгізуге болатын уақыт
ЖІҚ қандай әйелдерге болмайды
ЖІҚ барлық әйелдерге ұсынуға болады,тек
Қынап пен вульваның қабыну ауруларының қоздырғышы болып табылмайды
Аралықтың жыртылысынан болатын асқынулар:
Қынаптың кіребірісінің үлкен безінің қабынуы-бұл
Эндометрийдің функциональды қабатының десквамациясы қандай процестің нәтижесінен болады?
Жас әйелдің етеккірінің ортасында іш қуысына қан кетудің мүмкін болатын себептерін таңдаңыз
Түтіктің түсіктің негізгі клиникалық белгілерін таңдаңыз:
Жатырдың ішкі эндометриозын диагностикалауда гистеросальпингография әдісін қашан қолдану мәліметті?
Кольпит кезінде гинекологиялық қарауда мәліметтер
Қыз бала 14 жаста менархе кезден көп, ұзақ келетін етеккірге шағымданады.Анамнезінде жиі болатын созылмалы тонзиллит.Гинекологиялық ректоабдоминальды қарауда: жатыр жасына сәйкес дамыған.Қосалқылар аймағы ісінген, сезімтал,жатыр мойнынан қозғағанда ауырсынусыз.Мүмкін болатын диагноз?
Абсолютты әйел бедеулігі диагнозы қойылатын жағдай?:
Copper Т 380 А типті ЖІҚ қолдану ұзақтығы
Фолликулалар атрезиясында ановуляторлы етеккір цикліне тән
Созды зақымдалуға қандай эпителиймен жабылған қабықтар бейім
Жатырдан тыс жүктілікті диагностикалауда күмән туғанда жиі қолданылады
Көпіршікті кезбені диагностикалауда келесі қосымша әдістерді қолданылады
Бедеуліктің цервикальды факторын теріске шығару үшін қолданылады:
Көрсетілген контрацептивтердің қайсысының негізгі әсері овуляцияны тежеу болып табылады?
Бүйрекүстілік генезді гиперандрогенияға тән клиникалық көрініс:
Шұғыл контрацепцияда қолданылады,тек біреуінен басқа
Жедел трихомонадты вагинитке тән?
Хромогидротубацияда қолданады:
Егер әйел КОК екі белсенді таблеткасын қабылдауды ұмытып кеткен жағдайда, ұсыныс
Әйел 24 жаста жыныс мүшелері аймағының ашуы мен қышынуына, иісті бөліністерге шағымданады.Айнамен қарағанда: жатыр мойны мен қынаптың кілегей қабаты гиперемияланған,бөліністер сары түсті, көпіршікті,жағымсыз иісті.Қынаптық қарауда:жатыр мен қосалқылары ерекшеліксіз.Қынаптың тазалық дәрежесіне жағындыда: ІІІ –дәрежесі.Мүмкін болатын диагноз:
Әйел 25 жаста, гениталий туберкулезімен сырқаттанған,контрацепцияның қандай әдісін ұсынасыз?
Әйел 26 жаста,жиі зәр бөлінуіне ,қышынуы мен ашып ауырсынуына шағымданады.Қарау кезінде:вульва мен қынаптың кілегей қабатының гиперемиясы,іріңді бөліністер.Дәрігер тактикасы
Әйел 30 жаста, анамнезінде -3 босану, 2 аборт, соңғы жүктілігі 3 ай бұрын – ауыр гестозбен асқынған мерзімінде босанумен аяқталған.Қазіргі уақытта баласын ана сүтімен емізудеОптимальды контрацептивті әдісін таңдаңыз
Әйел 49 жаста, соңғы жылдары 2-3 айға кідіретін етеккір циклінің бұзылысына шағымданады.Қанды бөліністер 3 апта бұрын басталып,бүгінгі күнге дейін жалғасуда.Мүмкін болатын тактика:
Әйел төменгі мөлшерлі КОК қабылдайды.Әйелдер кеңесіне КОК 2 таблеткасын қабылдауға ұмытқаны бойынша кеңес алуға келді.Ұсынысыңыз?
Әйел 30 жаста, анамнезінде -3 босану, 2 аборт, соңғы жүктілігі 3 ай бұрын – ауыр гестозбен асқынған мерзімінде босанумен аяқталған.Қазіргі уақытта баласын ана сүтімен емізуде.Қолданатын контрацепция әдісінің қолдану мерзімі қанша?
Әйел 35 жаста, 3 баланың анасы, бала тууға мүлдем қарсы.Контрацепцияның қандай әдісін ұсынасыз ?
Жыныстық жетілудің кідірісі – бұл :
Эктопиялық жүктілікті диагностикалаудың алтын стандарты болып саналады
Медициналық аборт кезінде жатыр перфорациясына әкелмейтін құрал:
Инфантилизм – бұл
Донордың спермасымен жасанды инсеминациялау қолданылады:
«Жедел ішке» клиникасын тудырады,тек біреуінен басқа
Контрацепцияның барьерлік әдісіне барлығы жатады,,тек
Медициналық абортты жасағаннан кейін тез арада болатын асқынулары:
Медициналық аборт жасау кезінде мүмкін болатын асқынуар:
Жыныс мүшелерінің бейарнамалы қабыну ауруларының қоздырғыштарына жатады
Жыныс мүшелерінің төменгі бөлігінің қабыну аурулары
18жастағы қыз гинеколог маманына контрацепция әдісін таңдау бойынша қабылдауға келді.Тұрмыста жоқ.Жыныстық серіктестері әртүрлі.Контрацепцияның қолайлы әдісін таңдаңыз?
19 жастағы қыз отбасын жоспарлау дәрігеріне контрацепциялық әдісті таңдау бойынша қабылдауға келді.Анамнезінде трихомонадты кольпитпен ауырған, бірнеше жыныстық серіктестері бар.Ұсынылатын әдістің әсер ету механизмі қандай?
19 жастағы қыз отбасын жоспарлау дәрігеріне контрацепциялық әдісті таңдау бойынша қабылдауға келді.Анамнезінде трихомонадты кольпитпен ауырған, бірнеше жыныстық серіктестері бар.Ұсынылатын әдістің кемшілігі қандай?
Аналық безінің гормондары
Медициналық аборттың кеш асқынуларына жатады:
ФДТ барлығы жатады,тек
Мүшенің толық дамымауы қалай айтылады?
Күнтізбелік әдісі бойынша жүктілік дамудың қауіпті күндерін қалай анықтайды
Төменде көрсетілген қандай препараттар таза прогестиндерге жатпайды?
Төменде көрсетілген қандай препараттар трихомониазды емдеуге қолданылады
Барьерлік әдістің контрацептивті әсер ету механизмі?
Климактериялық қан кетуде емдік – диагностикалық операциялардың қайсысы мағлұматты болып табылады?
Сыртқы генитальды эндометриоздың диагностикасында қандай құралдық тексеру ең мағлұматты?
Созылмалы сальпингоофорит фонында дамыған аналық бездер дисфункциясы мен жатырдан тыс жүктіліктің арасындағы екшеу диагностикасында зерттеу әдісінің қайсысы негізгі болып саналады ?
Жақын арада жыныс мүшелерінің қабынуы болған әйелдерге тиімсіз контрацепциялық әдсті
Төменде көрстетілген функциональды диагностика тест әдістерінің қайсысы эстрогеннің әсерін бағалауда қолданылмайды?
Жатыр миомасыныңинтралигаментарлы локализациясына тән клиникалық симптомдар
КОК алғаш рет тағайындалған әйелге контрацептивтің бірінші таблеткасының алғаш қашан қабылдауды ұсынасыз?
Контрацепция мақсатында кешенді эстроген-гестагенді препараттарды қашан қолданадаи?
Созбен айығудың критерийі емнен соң қашан анықталады
Гонадалар дисгенезиясы бар науқастарға қалыптастыру жұмыстары ұсынылады:
ДЖҚ менопаузальды кезеңде емдеуді ұсынады
Гонадалар дисгенезиясының аралас түрін емдеуде тағайындалады (кариотип 45хо/46ху)
М., 34 жаста жедел жәрдем көлігімен гинекология бөліміне ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуымен және дене температурасының 38,40С көтерілуімен шағымдарымен келіп түсті. Өзін 1 тәуліктен бері аурумын деп санайды,етеккірінің 7күні жоғарыда көрсетілген шағымдар пайда болған.Объективті:жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Пульс минутына 104 рет, t – 38,40С. Іші пальпацияда жұмсақ,төменгі бөлігінде ауырсынады.Іш перде тітіркену белгісі сол жағынаноң мәнді. Гинекологиялық қарауда: айнамен қарауда– жатыр мойны мен қынаптың кілегей қабаты гиперемияланған, бөліністер іріңді. PV: жатыр мойны цилиндрлі, ернеуі жабық.Жатыр қалыпты жағдайда, қалыпты өлшемде.Қосалқылар аймағында екі жағынан сопақша пішінді ауырсынатын түзілістер анықталады.Диагноз?
Гормональды статусты анықтауда кольпоцитологияға жағындыны қай жерден алады?
19 жасар науқас АҚҚ көтерілуіне, көкірегінде басу,өлімнен қорқу сезіміне, дененің мұздауына және кейде жансыздануна, жүрек қағуына шағымданып келді. Аталған симптомдар етеккірдің алдындағы 6-7 күнде пайда болып, етеккір келісімен жоғалады.Етеккір алды синдромның ең мүмкін түрі?
25 жастағы әйел, участкелік гинекологқа келді. Анамнезінде: етеккірі 14 жастан, 6-7 күннен, ретті, ауырсынусыз. Бүгін циклдың 16 күні. Жыныстық қатынасы 20 жастан, ретсіз, некеде жоқ. Жүктілігі 1 жыл бұрын, медициналық аборт, асқынусыз. Контрацепция әдісін таңдап беріңіз
Науқас 26 жаста етеккірінің 5 күніне дейін жағдайының нашарлауына:ісінулер, дене салмағын қосуы,сүт бездерінің ісінуі мен керілуі сезімінің пайда болуы, тітіркендіргіштік, көңіл күйінің болмауы, басының ауырсынуына шағымданады. Етекккірінің басталуымен көрсетілген шағымдар жойылады. Гинекологиялық қарауда патологиялық өзгерістер анықталмады. Бұл жағдайдың дамуының этиологиясында қандай гормон негізгі фактор болып табылады?
Науқас А. 30жаста, анамнезінде 3 босану, 2 аборт,соңғы жүктілігі 3 ай бұрын ауыр преэклампсиямен асқынған мерзімінде босанумен аяқталған.Қазіргі кезде баласын ана сүтімен емізеді.Қандай тиімді контрацепцияны ұсынасыз
Пациентка Г., 30 жаста, әйелдер консультациясы дәрігеріне етеккірдің 4 аптаға кідіруіне байланысты. Диагноз қою үшін қандай зерттеу тәсілдерін қолдану керек?
Науқас, 20 жаста, ӘК жүктіліктік мерзімін анықтау үшін қаралған, өзін жүктімін деп есептейді (етеккірі 10 күнге кешіккен). Анамнезінде: 2 мед. түсік, соңғы түсік қосалқыларының қабынуымен асқынған. Қарау кезінде: жағдайы қанағаттанарлық, іші жұмсақ, ауру сезімсіз, АҚҚ 120/80 мм.с.б.б., пульс 72 с мин. Гинекологиялық қарау кезінде: жатыры ұлғаймаған,оң жақ қосалқылар ұлғаюы анықталды, қынап шырышының цианозы. Ең мүмкін диагноз?
Алғашқы жүкті 18 жаста,жүктіліктің 4-5 апта дәрігерге жүктілікті үзу сұрағы бойынша келді.Жүктілікті үзудің тиімді әдісін таңдаңыз
Отбасын жоспарлауды келесі топтағы әйелдерге жүргізіледі,тек біреуінен басқа
Жоспарлы гинекологиялық операция жасалады
Профилактикалық гинекологиялық қарау негізінде жатыр
Жоспарлы түрде диагностикалық лапароскопияға көрсеткіш?
Аменореяда оң мәнді прогестерон сынамасының болуы (препаратты тоқтатқаннан 2-3 күннен кейін етеккір тәрізді қанның пайда болуы) :
Гинекологиялық науқастарды зерттеу реттілігі:
Науқас ішінің төменгі бөлігінде ауырсыну, жыныс жолдарынан іріңді-қанды бөліністер, дене температурасының 38°С дейін көтерілу шағымдарымен келіп түсті. ЖІС енгізгеннен соң 3 күннен кейін ауырған. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза. Цервикальды өзекте ЖІС өткізгіш жіпшелері, іріңді-қанды бөліністер. Жатыр біршама ұлғайған, қатты ауырсынады, қозғалысы шектелген. Қосалқылары анықталмайды. Аталған диагноздардың қайсысында осы көріністер байқалады?
Түтіктік аборт типі бойынша түтіктік жүктіліктің үзілуі көбінесе мына аптада болады
Бедеулік кезінде гистеросальпингографияны жүргізеді
Аменореясы бар науқаста гонадотропиндермен теріс сынама болған жағдайда көрсетілген зерттеулер
Ациклдік қан кету пайда болғанда жүргізеді
20 жастағы жатырдан тыс жүктілігі анықталған әйелде артқы күмбез пункциясында алынған пунктат сипаты
Төменде аталған контрацепция әдісінің қайсысын қолданғанда, жыныс мүшелерінің қабыну ауруларының даму қаупі минимальды болады
Жыныстық дамудың болмауының себебі:
Отбасын жоспарлау бойынша бастапқы кеңес бергенде кеңесші
Пройоменорея – бұл:
Жатырішілік контрацептивтерді енгізуге қарсы көрсеткіш
Р., 32 жаста гинекологиялық стационарда созылмалы жатыр қосалқыларының қабынуна байланысты жатыр. Ауруханадан шығар алдында гинекологқа контрацепция бойынша ақыл-кеңес сұрауға келді. Әйел некеде тұрады. 2 баласы бар. Соңғы 3 жылда жатыр қосалқыларының қабыну процесінің өршуіне байланысты екі рет гинекологта емделген. Науқасқа қандай контрацепсия әдісін ұсынуға болады
Өндірісте акушер-гинеколог жұмысы ұйымдастырылады
Жатырдың рудименттік мүйізінің жыртылуы көбінесе нешінші апталарда болады?
9 жастағы қыз баланың тез өсуі , календарлық сүйектің дамуын жасқа байланысты календарлық. Дене бітімінде –иықтары кең, тар жамбас, қолдарымен -аяқтары қысқа,сыртқы жыныс мүшелерінің даму ақауы бар. Бұл патологияның себебі не болуы мүмкін?
Ановуляторлық менструальдық цикл кезінде ректальды температура болады
Рентгенологиялық әдіс анықтауға мүмкіндік бермейді
Репродуктивті кезеңің даму барысы
Етеккір алды синдромы бар науқастарға КОК қандай мақсатпен тағайындайды
Әйелдерде урогенитальды хламидиозды анықтау мақсатында қолданылады
Трихомониаз кезінде провокация мақсатында қолданылатын әдістерге жатады, біреуінен басқасы
«Қарашық» симптомы ең жиі байқалады
Заманауи ЖІС-дің жатыр қуысында тұру уақыты
Жыныстық жолмен берілетін аурулардан сақтайтын контрацепция
Қыз балаларда жыныс мүшелерінің гематомасы кезіндегі дәрігер тактикасы
Аналық безінің аяқшасының айналып кетуінде операция барысында дәрігер такикасы (интраоперационды):
«Аденомиоз» түсінігі
Жаңа туылған қыз балада кеуде клеткасының бөшке тәрізді болуы,кысқа мойын,мойынында қанаттәрізді қыртыстың болуы, таңдайы биік, туа пайда болған жүрек ақауы, сыртқы жыныс мүшелерінің гипоплазиясы, клитордың аздап ұлғаюы белгілері анықталды. Кариотипы ( 46ХХ) Гонадалар дисгенезиясының қандай түрі екенін атаңыз?
30 жастағы әйелде, жатыр миомасы диагностикаланды, жүктіліктің 13-14 апталық мерзіміне сәйкес келеді. Шағымдары көп мөлшерде ауру сезімді етеккір, ішінің төменгі жағыны ауру сезімі, ішінің үлкеюі. Аймақтық акушер-гинекологтың тактикасы қандай?
25жастағы босанбаған әйелде екіншілік жыныстық белгілер әлсіз дамыған,жатыр гипопластикалық,аналық бездері кішірейген,етеккірі ауырсынады, нейроэндокринді бұзылыстар жоқ. Мүмкін болатын диагноз?
Науқас әйелде уретраның гиперемиясы, ісінуі, көп мөлшерде іріңді бөліністер, зәр шығару кезінде ауырсыну, жатыр мойнының қынаптық бөлігінің гиперемиясы, цервикальды өзектен көп мөлшердеірңді бөліністер. Аталған диагноздардың қайсысында осындай көрініс байқалады?
Жүктіліктен тыс кезде хламидиялық цервецитте әсері әлсіз емді атаңыз
Қыз балада ерте жаста (2 ден8 жасқа дейін) кездесетін паталогиялар
16 жастағы қыз балада етеккірі 2 ай кідіргеннен кейін 8 күн бойы жыныс жолдарынан қанды бөліністер пайда болды. Алғаш менструациясы 4 ай бұрын пайда болған 2 күннен, 28 күн сайын, орташа мөлшерде, ауырсынусыз. Жыныстық қатынасты терістейді. Дамуы дұрыс, физикалық жақсы қалыптасқан. Ректо-абдоминальды зерттегенде патология анықталған жоқ. Нв-80 г/л. Мүмкін диагноз
26 жастағы әйелде етеккірінің 10 күнге кідірілуінде ішінің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді ауырсынуы кейін қанды бөліністер пайда болды. Қандай патология туралы ойлайсыз
Жас әйелде ұрықтануға қарсы әдісті қолдану кезінде етеккірі болған жоқ. Бұл асқынуды тудыратын препаратты көрсетіңіз
Науқас дәрігер қабылдауында тәулігіне 15 ретке дейін ыстық құйылуға, тершеңдік, тітіркенгіштікке шағымданады. Бұл симптомдар бір жыл көлемінде пайда болған және күшеюде. Етеккірі 3-4 айда, аз мөлшерде 1-2 күн келеді. Анамнезінде калькулезді холециститке байланысты операция жасалған. Босану – 4 , түсіктер – 3. Гинекологиялық зерттеу кезінде патология анықталмады. Сіздің диагнозыңыз
Қайталап жүкті жүктіліктің 10-11 аптасында толыұ емес түсік болды(ұрық жұмыртқасының бір бөлігі жатыр қуысында қалды).Тактика?
Қайталап жүкті,алғашқы босанушыда өлі ұрықпен мерзімінен бұрын босану болды.Стационардан шығар кезде тексеру жүргізілді: Нb 98 г/л, Эритроциттер 3х1012/л, Лейкоциттер 6,8х10 9/л, ЭТЖ 18 мм/сағат; Зәр сынамасы :меншікті тығыздығы 1022, л 23 к.а.Контрацепцияның тиімді тәсілін таңдаңыз
Бес жастағы қыз балада пневмониямен ауырганнан кейін жыныс жолдарынан көп мөлшерде бөліністер,қынаптың қызаруы мен қышынуы пайда болды.Диагноз?