Шарттысөйлемдер Conditional sentences Етістіктің шартты райы қимылдың, іс-әрекеттің болу болмау, іске асу-аспау мүмкіндігінің шартын білдіреді. Қазақ тілінде шартты рай етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына –са, -се жұрнағы жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: бар-са, айт-са, кел-се. Ал ағылшын тілінде шартты сөйлемдердің мынадай түрлері бар: I типтегі шартты бағыныңқы сөйлемдер, II типтегі шартты бағыныңқы сөйлемдер, III типтегі шартты бағыныңқы сөйлемдер, аралас шартты бағыныңқы сөйлемдер және жалғаулықсыз шартты бағыныңқы сөйлемдер.
I типтегі шартты бағыныңқы сөйлемдер I типтегі шартты бағыныңқы сөйлемдер, яғни нақты шартты сөйлемдер осы кезеңге немесе болашаққа қатысты орындаларлық жағдайды көрсетеді. Басыңқы сөйлемнің баяндауышы келер шақта, ал бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы осы шақта қолданылады. Екеуі де қазақ тіліне келер шақпен аударылады.
Шартты сөйлемдерде if және unless жалғауларында айырмашылық бар:
If we hurry we’ll get there on time. - Егер біз асықсақ, біз онда өз уақытында боламыз.
Unless we hurry we’ll be late. - Егер біз асықпасақ, онда біз кешігеміз.