Participle І қыстырма сөз ретінде де қолданылады:
generally speaking – жалпы айтқанда,
roughly speaking – дөрекі айтқанда,
strictly speaking – қатал айтқанда,
granting it to be true – шындық деп санағанда
Participle І to go, to come, to lie, to sit, to stand, to drink етістіктерінен кейін етістік қызметін атқарады.
Participle ІІ (Past Participle) Participle ІІ дұрыс етістікке – ed жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: open – opened, close – closed. Ал бұрыс етістік болса, кестеден 3-інші бағананы қарау керек. Мысалы: write – wrote – written.