Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет108/159
Дата20.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#181811
түріБағдарламасы
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   159
Байланысты:
file-6694

-ым, -ың, -ы (-ім, -ің,
-і)
деген тәуелдік 
жалғаулары жалғанғанда, екінші буындағы 
ы,
і 
дыбыстары 
«сусып түсіп қалады» деп, олардың таңбаларын жазбаймыз: 
орным, орның, орны, халқы, халқымыз, аулым, аулың, әрпі, 
көркі, құлқы (мінез-құлқы)
т.т. Ал осыған ұқсас екінші буыны 
ы, і
дыбыстарымен келетін сөздердің енді бір тобында тәуелдік 
жалғаулары жалғанғанда, 
ы, і
әріптерін түсірмей жазып жүрміз: 
дауыл
– 
дауылы, қайыс
– 
қайысы, бауыр
– 
бауыры, ойын – ойы-
ны, құйын – құйыны.
Екінші буыны 
ы, і
дыбыстарымен келетін 
сөздер 
қ, к
сияқты қатаң дыбыстарға аяқталған болса және 
тәуелдік жалғаулары жалғанғанда, бұл қатаң дыбыстар ұяндап 
кететін болса, ол күнде 
ы, і 
дыбыстары түсірілмейтіндігі тіпті 
даусыз: 
қайық – қайығы, түлік – түлігі, қорық
– 
қорығы, көрік
– 
ұстаның көрігі, қалып (форма) – қалыбы. 
Мұндай сөздерге 
тәуелдік жалғаулары жалғанғанда, олардың соңғы қатаң дыбы-
сы ұяңдамаса, 
ы, і 
әріптерін түсіріп жазамыз: «әдемі жүз, шы-
рай» мағынасындағы 
көрік
сөзі тәуелденгенде, 
көркім, көркің, 
көркі 
болады, «мінез-құлық» дегендегі 
құлық
сөзі 
кұлқы
болып 
тәуелденеді де 
құлақтың құлығы
дегендегі 
құлық 
сөзі 
құлығы
болып өзгереді.
Дауысты дыбыстарға аяқталатын сөздерге дауыстыдан 
тұратын немесе дауыстыдан басталатын қосымшалар жалған-
ғанда я болмаса дауыстыдан басталатын сөз тіркес құрай ұласа 
айтылғанда, қысаң 
ұ, і
дыбыстары айтуда да, кейде жазуда 
да түсіп қалады: 
жеті+еу – жетеу, қара+ағаш – қарағаш, 
сары+алтын
– 
саралтын 
(айтылуы).
Осы реггегі қысаң 
ы, і
дыбыстары түсіріліп не сақталып 
жазылатын сөздердің қай-қайсысын айтуда да біздің «сусып 
түсіп қалады» деп жүрген құбылысымыз – абсолюттік емес, 
яғни сөздің айтылуында 
ы, і 
дыбыстары мүлде «ғайып» бол-
майды, олардың сарқыншағы сақталады. Атап айтсақ, 
ерні, 
халқы, ауру, уақтылы, қаупі, ойна 
деп
 
жазылған сөздер (ай-
тылар-айтылмас, естілер-естілмес ілеспе-протезалық 
ы, і 
ды-
быстарын жақша ішіне алып таңбаласақ) 
ер[і]ні, хал[ы]қы, 


224
ау[ы]ру, уақ[ы]тылы, қау[ы]пы, ой[ы]на 
болып айтылады. 
Тіпті 
Сарағаш, Сарөзек, саралтын
сияқты 
ы
дыбысы мүлде 
«жұтылып» кететін сөздердің өзін дыбыстауда да оның «ілеспе» 
түрі (орысша: призвук) сақталады: 
Сар[ы]өзек, Сар[ы]ағаш, 
сар[ы]алтын.
Егер (бұл сөздерде 
ы, і
қысаң дыбыстары мүлде 
«жұтылып» (сусып, жоғалып) кеткен болса, 
ер//ні
(осылайша 
екі бөліп айтып көріңіз), 
хал/ /қы, Сар//ағаш, сар//алтын
деп 
айтылуға тиіс болар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет